Дұшпандарын мылтыкпен жеңген

Сабақ тақырыбы: 7 саны және цифры

Мақсаты

  • Оқушыларды 7 саны және 7 цифрымен таныстыру; 7 санының құрамын анықтау және өрнек құра білуге үйрету.
  • Ой-өрісін, танымдық белсенділігін және қызығушылығын арттыру.
  • Адамгершілікке, ұқыптылыққа, қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу.

Сабақ сипаттамасы

Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері
Түсіндіру, сұрақ-жауап, ауызша және жазбаша жұмыс
Көрнекілігі
Оқулық, үлестірмелі карточкалар, сызба, интерактивті тақта
Пән байланысы
Дүниетану, әдебиеттік оқу

Негізгі идея

Қазақ танымында 7 саны — киелі ұғым. Сабақ барысында оқушылар 7 санының құрамы, көршілес сандары, қосу-азайту өрнектері арқылы математикалық түсінігін кеңейтеді және ұлттық мазмұндағы мысалдармен байланыстырады.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, жұмысқа дайындау.

II. Психологиялық дайындық

Кел, балалар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық.
Қандай сұрақ болса да,
Жауабын табайық.

III. Жаңа сабақ: 7 санының мағынасы және таныстырылым

Ассоциация (слайд арқылы)

Бала қолында не ұстап тұр? Шалғы. Өткір шалғының пішіні 7 цифрына ұқсайды.

Топтастыру: «7» ұғымымен байланысты

  • 7 қазына
  • 7 ата
  • 7 күн
  • 7 шелпек
  • 7 керемет
  • 7 мүшел

Қазына — мол байлық. Бұл сөзді математикада 7 санымен байланыстырып, бүгінгі сабақта 7 саны мен цифрын меңгереміз.

1-қазына: Жүйрік ат (1-слайд)

«Ер қанаты — ат» деген қанатты сөз бар. Халқымыз төрт түліктің ішінде жылқыны ерекше қадірлеген: етін, қазы-қартасын ас еткен, қымызын ішкен, терісін тұрмыста пайдаланған. Қиын кезеңде ат — көлік те, қорған да болған.

Тапсырма 1

1-ден 10-ға дейін тура және кері санау.

Тура:

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

Кері:

10 9 8 7 6 5 4 3 2 1

Тапсырма 2

Сандардың ішінен 7 санын көрсету.

Тапсырма 3

7 санының көршілерін атау.

7 санының көршілері: 6 және 8.

2-қазына: Алғыр тазы (2-слайд)

Тазы — иттің бір тұқымы. Ата-бабаларымыз тазыны аң аулауға баптап, түлкі, қарсақ сияқты аңдарды ұстаған. Ит адамға серік болып, малды да күзеткен.

Дәптермен жұмыс

7 санын көркем жазу.

№1: Теңдіктерді құрастыр және жаз

6 + □ = 7

5 + □ = 7

□ + □ = 7

□ + 6 = 7

□ + 5 = 7

□ + 4 = 7

7 − □ = □

7 − □ = □

7 − □ = □

7 − □ = □

7 − □ = □

7 − □ = □

3-қазына: Берен мылтық (3-слайд)

Ертеде батырларымыздың қару-жарағына найза, айбалта, қылыш, мылтық кірген. Ел қорғауда осындай құралдар маңызды рөл атқарған.

Оқулықпен жұмыс: №2

Сандардың көршілерін ата.

□ 4 □
□ 6 □
□ 5 □
□ 1 □

4-қазына: Ер жігіт (4-слайд)

«Ер — ел қорғаны» дейді дана халқымыз. Кең байтақ жерімізді, өзен-көл, орман-тоғайымызды қорғап, кейінгі ұрпаққа аманат еткен ер бабаларымыз көп. Олардың қатарында Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Райымбек батыр, Жәнібек батыр және басқа да тұлғалар бар.

Сергіту сәті (5-слайд)

Аспанға қарап ай көрдім,
Төменге қарап жер көрдім.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім!

5-қазына: Сұлу әйел (6-слайд)

Әйел — ана, жар, апа, қарындас. Ақылы мен ажары үйлескен, мінезі көркем, отбасына тірек бола білген ана — әр шаңырақтың берекесі.

Сұрақ

Бір аптада неше күн бар? Апта күндерінің атауларын ата.

6-қазына: Қыран бүркіт (6-слайд)

Ата-бабаларымыз қыран бүркітті балапан кезінен баптап, аң аулауға үйреткен. Қанаты қатайғанда түлкі, қасқыр сияқты аңға салған, ал терісін тұрмыста кәдеге жаратқан.

№5: Өлше және салыстыр

Кесінділерді өлшеп, салыстыр (см).

□ см

□ см

7-қазына: Ілім-білім (7-слайд)

Адамзат ежелден білімге ұмтылып келеді. Білімнің арқасында техника дамып, машина, трактор, радио, теледидар, ұшақ, компьютер сияқты жаңалықтар өмірге келді. Сондықтан ілім-білім мен ғылымды меңгерген адам ешқашан қор болмайды.

Ойын: «Орынды тап»

Оқушыларға сандар таратылады. Сандарды ретімен орналастырғанда мақал шығады.

ОҚУ — БІЛІМ БҰЛАҒЫ

7 санына байланысты мақал-мәтелдер

  1. Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер.
  2. Бала жетіге келгенше, жерден таяқ жейді.
  3. Жеті атасын білмеген — жетесіз.

IV. Қорытынды

Сабақта 7 саны және 7 цифры бойынша санау, көршілес сандарды табу, теңдіктер құрастыру, өлшеу және ұлттық мазмұнмен байланысты тапсырмалар орындалды. Қорытындылау үшін «7 саны және цифры» тақырыбы бойынша слайдты жүктеп, негізгі ұғымдарды қайталау ұсынылады.