Баскетбол ойынының жалпы ережелері Екі қолмен кеудеден беру
Сабақтың мақсаты мен міндеттері
Негізгі мақсат
Оқушылардың дене қасиеттерін дамыту және баскетболға қызығушылығын арттыру.
Білімділік
Баскетболды шебер ойнауға үйрету, доппен тиімді әрекет ету тәсілдерін меңгерту.
Дамытушылық
Спорттық ойындар арқылы дене бітімінің дұрыс қалыптасуын жетілдіру, ептілік пен икемділікті дамыту.
Тәрбиелік
Жолдастыққа, адамгершілікке, ұжымшылдыққа тәрбиелеу және жасөспірім бойында спортқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
- Сабақтың түрі
- Жаңа мағлұматты игеру
- Өтетін орны
- Мектеп спорт алаңы
- Көрнекіліктер
- Баскетбол добы, ысқырғыш, шығыршық, кедергілер, суреттер
Сабақтың құрылымы
I. Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушыларды сапқа тұрғызу.
- Спорт секторы бойынша мәлімдеме қабылдау.
- Сәлемдесу, журнал бойынша тексеру.
- Бірқалыпты жеңіл жүгіру.
- Бой жазу жаттығулары.
- Үй тапсырмасын тексеру.
Дайындық бөлімі: жалпы дамыту жаттығулары
-
1) Басты айналдыру
Б.қ.: аяқ иық көлемінде, қол белде. Басты оңға екі рет, солға екі рет айналдыру.
-
2) Иықты айналдыру
Б.қ.: аяқ иық көлемінде, қол иықта. Бір-екі — иықты алға айналдыру, үш-төрт — артқа айналдыру.
-
3) Қолды алмастыра сермеу
Б.қ.: аяқ иық көлемінде, оң қол жоғарыда, сол қол төменде. Бір-екі — алға, үш-төрт — артқа сермеу; қолды алмастырып қайталау.
-
4) Жанға еңкею
Б.қ.: аяқ иық көлемінде, оң қол жоғарыда, сол қол белде. Бір-екі — солға еңкею (қайталау және жақтарды алмастыру).
-
5) Секіру жаттығулары
Б.қ.: қол белде. Секірудің әртүрлі әдістерін орындау.
II. Негізгі бөлім: баскетбол және жалпы ережелер
Екі қолмен кеудеден беру
Доп кеуде тұсында ұсталады, шынтақ төмен бағытталады. Қол алға қозғалғанда доп алға ұшады, беру қимылы қолдың толық жазылуымен аяқталады.
Назар аударатын тұстар
- Доп кеуде деңгейінде, көз алдыңда.
- Шынтақ төмен, қимыл қысқа әрі дәл.
- Беруден кейін қол толық жазылып, қимыл аяқталады.
Бір қолмен иықтан беру
Б.қ.: доп иық деңгейінде алақанда ұсталады, қол шынтақтан бүгулі. Қолды алға созу арқылы доп лақтырылады да, қимыл алақанның қозғалысымен (қарқынды «сыпырумен») аяқталады.
Жетілдіру жаттығулары
- Екі қатарға тұрып, бір адым жасап, допты бір-біріне беру.
- Шеңбер құрып: ортада бір ойыншы, сыртта қалғандары. Доп ортадағы ойыншыға беріледі, ол келесі ойыншыға береді де, сол ойыншының орнына барып тұрады. Осылай бәрі кезекпен орындайды.
Ережелерді түсіндіру
Баскетбол ойынының негізгі ережелері қысқаша түсіндіріліп, ойын барысында қолдану жолдары көрсетіледі.
Қауіпсіздік ережелері
Алаңдағы арақашықтық сақтау, доп үшін күресте итермеу, ережеден тыс қимыл жасамау, жарақаттың алдын алу тәсілдері ескертіледі.
Ойын элементтерін меңгерту
- Бір орында тұрып, оң және сол қолмен допты жерге соғып, ыршыту.
- Бір қолмен допты жетелей жүріп, жерге соғып ыршыту.
- Екі ойыншы қарама-қарсы тұрып: допты кезекпен жерге соғып ыршытып, тоқтамай кеуде тұстан бір-біріне лақтыру.
Қолданбалы тапсырмалар және ойын
Оқушылар екі топқа бөлінеді. Төмендегі тапсырмалар арқылы допты меңгеру, дәлдік және үйлесімді қозғалыс дағдылары бекітіледі.
Жаттығулар кешені
- Кедергілер арасымен допты соғып алып өту.
- Допты жоғарыдан беру.
- Допты төменнен беру.
- Жерге қатар қойылған 5–6 шығыршықтың ішіне допты дәл түсіре ыршыту.
Қорытындылау тапсырмасы
Алаңның ортасынан қалқанға қарай допты ыршытып келіп, қалқанға жақындағанда тоқтап, допты шығыршыққа екі қолмен лақтырып түсіруге әрекет жасау.
Мақсат
Жүгіріс, тоқтау, дәл лақтыру және допты бақылауды бірізді орындау.
III. Қорытынды бөлім
Сапқа тұрғызу
Сыныпты сапқа тұрғызу, тыныс алуды қалпына келтіру.
Қателіктермен жұмыс
Жіберілген қателіктерді атап, қауіпсіз әрі дұрыс орындау бойынша нақты ескертулер беру.
Бағалау және үй тапсырмасы
Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма: баскетбол добымен жаттығуларды жүйелі орындау.