Доп сөзін текшемен жазыңдар
Сабақтың тақырыбы
Тақырыбы
«Д» дыбысы мен әрпі
Білім беру саласы
Қатынас
Бөлімі
Сауат ашу және жазу
Форматы
Ертегі-саяхат, тапсырмалар арқылы оқыту
Мақсаты
-
1) «Дд» дыбысы мен әріп таңбасымен таныстыру; балаларды сөз мәдениетін сақтап, анық әрі таза сөйлеуге үйрету.
-
2) Сөйлем құрастыруға бағыт беру; сөздік қорын толықтыру; байланыстырып сөйлеуге үйрету. Жазуға қолын жаттықтыру.
-
3) Ертегі-саяхат арқылы балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Іс-әрекет кезеңдері
1) Мотивациялық-қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Балалар, шаттық шеңберіне тұрайық.
Қол ұстасып, кәне біз, достасайық бәріміз.
Қайырлы күн, жан досым, жылуыма жылу қос — міне, менің қолым!
Бір-бірімізді қолдаймыз, қиын шақта қорғаймыз.
Біздің топта ұл-қыздар тату-тәтті ойнаймыз.
Сабаққа назар аударту
Бүгін бізде қонақтар бар. Сабаққа белсенді қатысып, өз білімімізді көрсете білейік.
АКТ және сюжеттік кіріспе
Бүгінгі сабақта біз Білім еліне саяхатқа шығамыз. Жолда түрлі кедергілер кездеседі. Әр кедергіден өту үшін тапсырмаларға жауап береміз.
2) Кедергілер арқылы саяхат
1-кедергі: Өзеннен өту
Қайталау- Әріп пен дыбыс туралы өткенді еске түсіру.
- «Әріп тастамақ» ойыны.
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбыстарды қай үйге апарамыз? Неліктен?
- Дауыссыз дыбыстарды қай үйге апарамыз? Неліктен?
- Дыбыс деген не? Оны не істей аламыз?
2-кедергі: Орманнан өту
ОқуҚане, бірге оқиық.
3-кедергі: Таудан өту
Ойлау- Ребус шешу.
- «Сөз құра, ойла!» тапсырмасы.
Сергіту сәті
Қимыл-қозғалыс арқылы бой сергітіп аламыз.
Нәтиже
Кедергілерден өтіп, Білім еліне жеттік. Енді мақсатымыз — жаңа білім алу және білімімізді шыңдау. Ол үшін өз білімімізді және жақсы істерімізді көрсете білуіміз керек.
Ұйымдастыру-іздестіру: жаңа білім
Жұмбақ арқылы тақырып ашу
Сол аяқ пен оң аяқ, Кезек оны тебеді. Ол тынымсыз домалап, Зыр жүгіре береді.
- Жауабы: доп.
- «Доп» сөзі қай әріптен басталады?
- Бүгін «Дд» дыбысы мен әрпімен танысамыз.
«Д» дыбысы мен әрпін меңгеру
Талдау сұрақтары
- Баспа және жазба түрін қарастыру.
- Бұл — дауысты ма, әлде дауыссыз дыбыс па?
- Қай текшемен белгіленеді?
«Доп» сөзімен жұмыс
- «Доп» сөзін текшелермен жазу.
- Буынға бөлу: неше буын?
- Дыбыстық талдау жасау.
Сұрақ: «Доппен қандай ойындар ойнаймыз?»
Мысал сөздер
«Д» дыбысы сөздің басында, ортасында, аяғында келе алады: домбыра, велосипед, Айдана.
Жазу және тіл дамыту
Жазу дағдысы
- Үлгі бойынша «Д» бас әрпі мен кіші әрпін бастырып жазу.
- Ауада жазу.
- Дәптер жолына жазу.
Жаңылтпаш
Топ бала топтана, Қуып жүр, допты ала.
Көз жаттығуы және оқу
- Көзге арналған қысқа жаттығу.
- Қане, бірге оқиық.
Ойлау және сөйлеу тапсырмалары
«Сөйлем құра, ойла»
Берілген сөздермен мағыналы сөйлем құрастыру.
«Сөз құра, ойла»
Әріптерден сөз құрап, дыбыстарын ажырату.
Автор туралы мәлімет
Білім беру ұйымы
Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп
Лауазымы
Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі — Абишева Зада Нұрқановна