Анаға айтар лебізі

Кіріспе сөз

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді келе жатқан 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт тілеймін.

Ана… Үш-ақ әріптен құралған осы қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр. Ана — мейірімнің, шапағаттың, бар махаббаттың бастауы. Жақсылық атаулының бәрі ананың ақ сүтінен таралған.

Сондықтан бүгінгі «Ана — өмірдің шуағы» атты тәрбие сағатымызды асыл аналарға, қадірлі апайларға, қызғалдақтай қыздарға арнаймыз.

Көрініс: Сынып ішіндегі әңгіме

Сынып іші. Данияр терең ойға батып, сынып ішінде ары-бері жүр. Сол сәтте Айдос кіріп келеді.

Айдос: Данияр, неге көңілсіз жүрсің?

Данияр: Айдос, келе жатқан 8 наурыз мерекесін қалай өткізсек екен деп ойлап жүрмін.

Айдос: Онда тұрған не бар? Тақпақ айтып, өлең оқып, би билеп, аналар мен қыздарды құттықтаймыз! Мен би билейін, сен тақпақ айт…

Данияр: Жоқ, жарамайды. Жыл сайын би билеп, тақпақ айта береміз бе? Биыл басқаша, өзгеше құттықтау керек!

Айдос: Сен қызықсың. Тақпақсыз болмайды. Ана туралы ең әсем, ең жылы сөздер ақындардың өлеңдерінде ғой. Балалар да дайындалып жүр, кімде қандай тақпақ бар екенін тыңдайық.

Данияр: Иә, бәріміз аналарымызды құттықтағымыз келеді.

Айдос: Тоқтаңдар! Қазір нақты ана туралы ән айтайық.

Музыкалық үзіліс

«Анашым» әні орындалады.

Өлең жолдары: Анаға арналған лебіз

Индира

Бүгін — наурыздың сегізі,

Сұлулықтың негізі.

Әдемі сөз — адамның

Анаға айтар лебізі.

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген — бәйтерегі өмірдің,

Ана деген — алтын қазық, алтын бақ.

Ана деген — асыл жан, бұлақтай,

О, адамдар, қадірлей біл ананы.

Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай,

Ана десем, сезімім тұп-ыстық.

Жарасымды адамдарға туыстық,

Бар адамға берсе ананың мейірін —

Орнар еді бар әлемге тыныштық.

Жүргізуші

«Мама» — бұл сөз әр халықтың тілінде бар. Қай тілде айтылса да, мейірімді әрі жылы естіледі. Ана — әлемнің жан дүниесі, тіршіліктің тағаны, үлкен тағдыр.

«Ана» сөзі жүрекке жылылық пен шуақ ұялатады.

Үміт

Ойлы қызы халқымның

Отаным деп туады.

Бас жібермей әр күні

Ана жолын қуады.

Қанаттанса балапан,

Қалайынша ұшпайды?

Әрбір қыз, әрбір бала

Анасына ұқсайды.

Елшат

Ана десем — алғыс алам халқымнан,

Ана десем — теңіз болам шалқыған.

Ана десем — ашылады қабағым,

Ана десем — әділдікті ұғамын.

Айналайын, анашым,

Әлпештеген мамашым.

Еліктеп өскен бөбегің

Мамаңдайдың мамасын.

Гүлзат

Өзіңсің сүйікті ана, құдіретім,

Жанымды жадыратып күлдіретін.

Сендегі маған деген махаббатты

Нұр толы қос жанарың білдіретін.

Бар ана — туған елдің гүлі дер ем,

Анажан, қайғың болса, күңіренем.

Таусылмас тау суындай ақылың бар,

Сен барда — менің әрбір күнім өлең.

Жүргізуші: Әрбір ана — өз баласының сүйікті досы әрі мақтанышы. Біз үшін ананың еңбегі мен ерлігі — үлкен өнеге. Ана махаббаты адамға қанат бітіріп, күш береді, ерлікке рухтандырады.

Музыкалық үзіліс

«Асыл әжем» әні орындалады.

Қорытынды ой: Анаға құрмет — адамға құрмет

Данияр

Бас қосты бүгін жиынға

Аналардың қауымы.

Таусылмасын әрдайым

Отбасының сауығы.

Ана — өмірдің қуанышы, тірегі,

Бала — оның жұбанышы, жүрегі.

Ана алдында ел жауы да бас иген,

Олар әрдайым тыныштықты тілеген.

Айгерім

Анаға арнап ақ тілектер айтар күн,

Әкеге арнап марапатты бастар күн.

Бүгінгі күн — мәңгі есте қалар күн,

Бүгінгі күн — жастың да жадында қалар күн.

Жаңагүл

Дүниенің ең қымбаты — ана екен,

Ананың ең тәттісі — бала екен.

Түн ұйқысын төрт бөліп тәрбиелеген,

Ананың орны бөлек, дара екен.

Балаға ана еңбегі — парыз деймін,

Еңбегін өтеу — бізге қарыз деймін.

Меккеге апарсаң да өтелмеген,

Ұрпаққа бұл өсиет — аңыз деймін.

Ана мерекесі құтты болсын!

Тапсырма 1: Ассоциация әдісі

АНА → асыл жан, мейірімді, қамқоршы, инабатты, сыпайы, ардақты.

Тапсырма 2: Сұрақ-жауап

  1. Ата-ананың ақысы немен өлшенеді?
  2. «Ата-анаңа не қылсаң, алдыңа сол келер» дегенді қалай түсінесің?

Түйін

Жүргізуші: Ана — адамзат мекен еткен жер шарының әр түкпірінде, әр үйде мейірім мен мерейдің, достық пен туысқандықтың туын тіккен жан.

Адам баласы ең алдымен ана алдында қарыздар. Алақаныңа қуырдақ қуырып берсең де, ана борышын өтей алмайсың.

Ана алтынға бөлеп, ақ орда салуды тілемейді. Ананың ең үлкен арманы — баласының ер-азамат болып, адам болып қалыптасуы. Анаға бұдан артық сый жоқ.