Задачи обучения

Сыныптан тыс тәрбие шарасы • Внеклассная работа

Математика әлемінде • В мире математики

Бұл материал — “Математика әлемінде” атты топтық ойын-сайыстың (презентациясымен) сценарийі. Іс-шара оқушылардың пәндік білімін жүйелеуге, логикалық ойлауын дамытуға және ұжымдық жұмыс мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Форматы

  • Түрі: топтық жарыс
  • Қолданылатын технология: ақпараттық технология
  • Көрнекілігі: мультимедиа, интерактивті тақта, логикалық есептер

Ойын-сайыстың мақсаты (қысқаша)

  • Математикадан алған білімді жинақтау және толықтыру.
  • Логикалық ойлау, зейін, қызығушылық пен белсенділікті дамыту.
  • Жауапкершілікке, шапшаңдыққа, тапқырлыққа және ынтымаққа тәрбиелеу.

Цели и задачи (RU)

  • Реализация принципа умственного развития учащихся.
  • Развитие познавательной и творческой активности.
  • Навыки самостоятельного поиска закономерностей и развитие любознательности.
  • Воспитание дисциплины и культуры коллективного умственного труда.

Кіріспе сөз

Жүргізуші (KZ)

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Назарларыңызға “Математика әлемінде” атты сайысымызды ұсынамыз. Орыс ғалымы М. Ломоносов: «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін — математика, сондықтан оны оқу керек», — деген. Бүгін сіздер математиканың жұмбақты да тартымды әлемімен танысасыздар. Жеңіске жету үшін белсенділік танытып, сұрақтарға тез әрі дәл жауап беріп, тапсырмаларды дұрыс орындау қажет.

Учитель (RU)

Дорогие ребята и уважаемые учителя! Мы рады приветствовать вас на игре “В мире математики”. Перед началом познакомьтесь с составом жюри, которое даст объективную оценку. Желаем участникам удачи — и начинаем!

Ойын құрылымы: 5 тур

  1. 1-тур

    Математикалық эстафета (Математическая эстафета)

  2. 2-тур

    Эрудит

  3. 3-тур

    Сиқырлы таяқшалар (Волшебные палочки)

  4. 4-тур

    Сөзжасам (Словесник)

  5. 5-тур

    Кім шапшаң? (Кто быстрее?)

I тур — Математикалық эстафета

Математическая эстафета

Әр дұрыс жауап: 5 ұпай

Шарттары

Бұл турда командаларға математикалық сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады. Егер команда жауап бере алмаса, қарсы командалар жауап беруге мүмкіндік алады.

Өлең жолдары:
Сынның да сыны бар ғой сыналатын,
Әр түрлі білім сырын ұға алатын.
Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік,
Сыналып әр секундпен жүре алатын.

5 «а» сыныбы

1) Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді?

Какое число делится на все числа без остатка?

Жауап: 0

2) Бір жанұядағы 5 ұлдың әрқайсысының бір қарындасы бар. Жанұяда барлығы қанша бала бар?

В семье 5 сыновей. У каждого есть сестра. Сколько детей в семье?

Жауап: 6

3) Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?

У стола 4 угла. Один угол отпилили. Сколько углов осталось?

Жауап: 5

5 «ә» сыныбы

1) Жанұяда 3 ұл бар. Әр ұлдың 1 әкесі бар. Жанұяда неше адам бар?

В семье 3 сына. У каждого один отец. Сколько человек в семье?

Жауап: 4

2) 10 қолда неше саусақ бар?

Сколько пальцев на 10 руках?

Жауап: 50

3) Ең кіші натурал сан.

Наименьшее натуральное число.

Жауап: 1

5 «б» сыныбы

1) 7 шам жанып тұр еді, екеуі сөніп қалды. Неше шам қалды?

Горело 7 свечей, две погасли. Сколько свечей осталось?

Жауап: 2

2) Екі ат 40 км жүгірді. Әр ат қанша км жүгірді?

Пара лошадей пробежала 40 км. По сколько км пробежала каждая?

Жауап: 40 км

3) Қайсысы ауыр: 1 кг мақта ма, әлде 1 кг темір ме?

Что тяжелее: килограмм ваты или килограмм железа?

Жауап: тең

6 «а» сыныбы

1) Төртеуі 4 сағат шахмат ойнады. Әрқайсысы қанша сағат ойнады?

Четверо 4 часа играли в шахматы. Сколько часов играл каждый?

Жауап: 4

2) Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6-ға тең. Ол қандай сандар?

Сумма и произведение трех последовательных чисел равны 6. Какие это числа?

Жауап: 1, 2, 3

3) Әтеш бір аяғымен тұрғанда 3 кг тартады. Екі аяғымен тұрғанда неше кг?

Петух, стоя на одной ноге, весит 3 кг. Сколько он весит на двух ногах?

Жауап: 3

6 «ә» сыныбы

1) Бөлмеде 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық бар?

В комнате сидят 4 кошки. Перед каждой кошкой сидят 3 кошки. Сколько кошек в комнате?

Жауап: 4

2) Теңдеуде де, өсімдікте де бар. Ол не?

Есть у уравнения и у растения. Что это?

Жауап: түбір (корень)

3) 41 — жай сан ба?

41 — простое число?

Жауап: иә

6 «б» сыныбы

1) Бос стақанда қанша жаңғақ бар?

Сколько грецких орехов в пустом стакане?

Жауап: 0

2) Перпендикуляр түзулер неше градус жасап қиылысады?

Под каким углом пересекаются перпендикулярные прямые?

Жауап: 90°

3) 5 алманы 5 қызға тең бөліп беру керек, әрі себетте 1 алма қалуы тиіс. Қалай бөлеміз?

В корзине 5 яблок. Как разделить их между 5 девочками так, чтобы каждой досталось по одному и одно яблоко осталось в корзине?

Жауап: Бір қызға алманы себетімен қоса беру керек.

Ескерту

Берілген сұрақтар — жылдамдық пен тапқырлықты талап ететін қысқа логикалық тапсырмалар. Қажет болса, әр турға уақыт лимитін және жауап беру кезегін (қоңырау/карточка/батырма) алдын ала бекітіп алған дұрыс.