Бас киімдер туралы сұрақ жауап

Сабақтың тақырыбы

Бұйымды ұлттық өрнектермен өңдеу.

Мақсаты

Бұйымды ұлттық өрнектермен өңдеу техникасы мен технологиясы туралы бастапқы мәлімет беру; ою-өрнектің мәнін ашу; кестелеу техникасын меңгерту.

Дамытушылығы

Оқушыларды халқымыздың салт-дәстүрі мен қолөнеріне терең үңілдіре отырып, ой-өрісін дамыту; ою-өрнек өңдеудегі өндірістік технологиялармен таныстыру.

Тәрбиелілігі

Тұрмысқа қажетті бұйымдардың эстетикалық талғаммен, көркемдікпен, әсемдікпен жасалатынын ұғындыру арқылы ұлттық құндылыққа құрмет қалыптастыру.

Сабақтың форматы

Түрі
Аралас, теориялық.
Әдісі
Баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс.
Пәнаралық байланыс
Әдебиет, қазақ тілі, тарих, бейнелеу өнері.

Құрал-жабдықтар мен көрнекілік

Көрнекілік

  • Сызылған кесте үлгілері
  • Дайын ұлттық бұйымдар

Сабақты жабдықтау

  • Ине, жіп, біз, қайшы, оймақ
  • Қарындаш, кергіш, мата
  • Телевизор, DVD

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

Сыныптың дайындығын тексеру, оқу құралдарын түгендеу, сабақ мақсатын қысқаша таныстыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Тақырып: Бас киімдер

  • Сұрақ-жауап арқылы пысықтау.
  • Үлгілерін көрсетіп, атауын және қолданылуын түсіндіру.
  • Сөзжұмбақ шешу.

Сөзжұмбақтағы жауаптар (берілген сөздер)

Қасаба Қалпақ Сәукеле Күндік Кимешек Бөрік Тымақ Далбай Желек Күлапара
  1. 1 Қас аруларға арналған бас киім.
  2. 2 Киізден сәндеп жасалған ерлердің бас киімі.
  3. 3 Қалыңдыққа арналған салтанатты бас киім.
  4. 4 Әжелер киетін бас киім.
  5. 5 Бас, мойын, кеуде, иық пен жауырынды жауып тұратын әйелдер бас киімі.
  6. 6 Көктем мен күзде киілетін бас киім.
  7. 7 Қысқы жылы бас киім.
  8. 8 Кеудеге дейін түсіп тұратын, далбай тәрізді ерлер бас киімі.

Жаңа сабақ: Бұйымды ұлттық өрнектермен өңдеу

Назар аудару

Дәптерге сабақтың тақырыбын жазу.

Сұрақ

Күнделікті тұрмыста ою-өрнектермен сәнделген қандай бұйымдарды білесіңдер?

Қамзол Бешпет Тақия Кілем Сырмақ Түскиіз Қалта

Сұрақ

Осы бұйымдарды қалай сәндеуге болатынын білесіңдер ме?

  • Жапсырмалау арқылы.
  • Кестелеу арқылы.

Ескерту

Бұйымды ұлттық өрнектермен өңдеу тақырыбы алдағы тәжірибелік жұмыстарда кезең-кезеңімен орындалады.