Климаттың адам өмірі мен оның шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері
Сабақ тақырыбы
Климаттың адам өмірі мен оның шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері. Агроклиматтық ресурстар.
Сабақтың мақсаттары
- Климаттың адам өміріне тигізетін әсерін мысалдар арқылы түсіндіру және тұжырымды пікір алмасу.
- Агроклиматтық ресурстарды талдау және оларды шаруашылық әрекетпен байланыстыру.
- Нақты дерек пен тәжірибелік ойға сүйеніп қорытынды жасау.
Күтілетін нәтижелер
Барлық оқушылар:
Климаттың адам өміріне ықпалы және агроклиматтық ресурстар туралы негізгі деректерді меңгереді.
Кейбір оқушылар:
Тапсырма негізінде климаттың әсерін агроклиматтық ресурстармен байланыстырып талдайды.
Жекеленген оқушылар:
Нақты дәлелдер келтіріп, климаттың ықпалын терең талдайды және агроклиматтық ресурстарды қолдануға қатысты практикалық жұмыс жүргізеді.
Оқу критерийлері
Оқушы адамның өмірі мен шаруашылық әрекеті үшін климаттың қолайлы және қолайсыз жағдайларын сипаттай алады.
Негізгі ұғымдар
Кіріспе бөлім (5 минут)
Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу.
- Жағымды психологиялық орта қалыптастыру.
- Сабақтың жұмыс тәртібімен қысқаша таныстыру.
Топқа бөлу: «Жыл мезгілдері» әдісі
Оқушылар шеңберге тұрып, жыл мезгілдеріне тән ерекше құбылыстарды және сол кезеңдегі шаруашылық іс-әрекеттерді сипаттайды. Кейін жаз, күз, қыс бойынша топтарға бірігеді.
I. Білу
Қалыптастырушы бағалау
Топтық тапсырмалар: «Хаттар» әдісі
Берілген мәтін бойынша оқиғаның (жағдайдың) ерекшелігін анықтаңыз және климат факторларының шаруашылыққа әсерін түсіндіріңіз.
1-топ
Оңтүстік Қазақстан- Оңтүстік Қазақстанда күріш, мақта, темекі, жүзім, қант қызылшасы сияқты дақылдар өсіріледі. Егіншіліктің суармалы түрі дамыған. Мұны қалай түсіндіруге болады?
- Қызанақ өнімін күзге дейін бірнеше рет жинауға болады. Себебін түсіндіріңіз.
2-топ
Солтүстік Қазақстан- Солтүстік Қазақстанда қар қалың жауатыны белгілі. Қар тоқтату науқаны қыс айларында жүргізіледі. Өсімдіктер ылғалды еріген қар суынан жинайтындықтан суарылмайды (тәлімді егіншілік). Дегенмен егінді толық жинап үлгермеудің себебі неде?
Талқылауға бағыттайтын сұрақтар
Қандай климат көрсеткіштері (жылу, ылғал, жел, вегетациялық кезең) ауыл шаруашылығы өнімділігіне көбірек әсер етеді?
Суармалы және тәлімді егіншіліктің табиғи жағдайларға тәуелділігі қандай айырмашылық береді?
Аймақтық ерекшеліктерге қарай агроклиматтық ресурстарды тиімді пайдаланудың қандай жолдарын ұсынар едіңіз?
Автор туралы мәлімет
Мектеп және өңір
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Атакент кенті, В. Комаров атындағы жалпы орта мектеп.
Пән мұғалімі
География пәні мұғалімі: Байдаулетова Айгүл Молдабековна.
Қысқаша түйін
Климат адам өмірінің сапасына да, шаруашылықтың тиімділігіне де тікелей ықпал етеді. Агроклиматтық ресурстарды дұрыс бағалау арқылы әр аймақтың мүмкіндігін нақтылап, егіншілік түрін (суармалы немесе тәлімді) табиғи жағдайға сай жоспарлауға болады.