Мағынаны тану Оқулықтағы тапсырмаларды топтарда бөліп орындату

Сабақтың тақырыбы

Өнімділік, жұмысқа жұмсалған уақыт және атқарылған жұмыс көлемі арасындағы тәуелділікке берілген есептер, сондай-ақ оларға кері есептер.

Жалпы мақсат

Пропорционал шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығару, өзара және кері есептер құрастыру, сондай-ақ өрнектерде амалдардың орындалу ретін сақтауды үйрету.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар пропорционал шамаларға берілген есептерді шығарады, кері есептер құрастырады және амалдардың орындалу ретін дұрыс қолданады.

Сабақ кезеңдері

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Топқа бөлу: оқушыларға кесілген суреттер үлестіріліп, сол бойынша топтасады.
  • Ынтымақтастық атмосферасы: бір-біріне жымиып, тынышталып, іштерінен аффирмацияны қайталайды.

Аффирмация мәтіні

Мен бақытты баламын. Жан дүниемде күн нұрлы. Жылуым мол бойымда.

Бағалау парақшасымен таныстыру: сабақ соңында оқушылар өз жетістіктерін белгілеуге арналған критерийлер түсіндіріледі.

2) Үй тапсырмасын пысықтау

  • №8 есептің шығару жолын оқыту.
  • Оқушылар бір-бірінің шешімін салыстырып, қателерді түзетеді.

3) Қызығушылықты ояту (ауызша жұмыс)

Сұрақтар

  • Көлемнің өлшем бірліктерін ата.
  • Берілгендерді қалай атауға болады және олардың ерекшелігі неде?
  • Мұнда қандай шамалардың өлшем бірліктері берілген?
  • Уақыт шама ма? Неге?
  • Уақыттың қандай өлшем бірліктерін білесің?

Мысал ретінде берілген өлшемдер

3 м, 12 дм, 150 м², 35 т, 16 ц, 80 кг, 60 мин, 2 сағ

4) Мағынаны тану (жаңа материал)

  • Оқулық тапсырмаларын топтарға бөліп орындату.
  • Дәптермен жұмыс: күннің жадын жазу.
  • №1 тапсырманы ауызша орындау.
  • Жаңа материал болғандықтан №2 тапсырманы түсіндіру.

Кестемен берілген есеп (№2)

Өнімділік
10 әшекей
Жұмыс уақыты
8 сағат
Жұмыс көлемі
?

Шешуі

10 × 8 = 80

Жауабы: 80 әшекей.

Кері есептер құрастыру

1-кері есеп

Барлығы: 80 әшекей. Уақыт: 8 сағат. Өнімділік: ?

80 ÷ 8 = 10

Жауабы: 10 әшекей.

2-кері есеп

Барлығы: 80 әшекей. Өнімділік: 10 әшекей. Уақыт: ?

80 ÷ 10 = 8

Жауабы: 8 сағат.

5) Өз бетімен жұмыс

№3 тапсырма

Жыртуы керек: 6 га. Екі тракторшы. 3 күнде — ? га, 5 күнде — ? га, 10 күнде — ? га.

Шешуі

6 × 3 = 18

18 × 2 = 36 (3 күн)

(6 × 5) × 2 = 60 (5 күн)

(6 × 10) × 2 = 120 (10 күн)

№4 тапсырма (жұппен жұмыс)

Шешуі

40 ÷ 8 = 5

(16 × 5) × 2 = 160 (16 сағ)

(24 × 5) × 2 = 240 (24 сағ)

(32 × 5) × 2 = 320 (32 сағ)

Топпен жұмыс

  • «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісімен №5 және №6 есептерін орындау (нұсқасына қарай 3 топқа бөлу).
  • №7 тапсырманы «Көңілді эстафета» түрінде орындату.
  • №8 есепті теңдеу құру арқылы шығарту.

№8 есеп (теңдеу арқылы)

x × 100 = 10200

x = 10200 ÷ 100

x = 102

102 × 100 = 10200

6) Сергіту сәті

Еркін ұста денеңді, Тарсылдатпай еденді. Орнымыздан тұрып ап, Жүгірейік бір уақ. Бір, екі, үш — бір, екі, үш. Аяқты алға созайық, Тік көтеріп, қозғайық. Тым сылбыр да болмайық, Алға қарай озбайық. Бір, екі, үш — бір, екі, үш.

Ой толғаныс (тест)

Тест тапсырмалары арқылы меңгерілген білімді тексеру және бекіту.

1) Бірінші кластың 14 бірлігі мен екінші кластың 14 бірлігі бар санды тап.

  • A) 101441
  • B) 140014
  • C) 14014
  • D) 104014

2) 9 бен 7-нің айырмасын 9-ға көбейт. Мәнін тап.

  • A) 810
  • B) 81
  • C) 118
  • D) 18

3) Амалдарды орында: (842 + 19) + 910

  • A) 1011
  • B) 1771
  • C) 1010
  • D) 991

4) Амалды орында: 2 мин 30 сек − 56 сек

  • A) 1 мин 34 с
  • B) 1 мин 36 с
  • C) 1 мин 44 с
  • D) 2 мин 30 с

5) Сағатпен өрнекте: 4 тәулік 18 сағат

  • A) 114 сағ
  • B) 73 сағ
  • C) 96 сағ
  • D) 22 сағ

6) (548 + 452) − 100

  • A) 700
  • B) 900
  • C) 600
  • D) 800

7) Теңдеуді шеш: 450 ÷ x = 9

  • A) 50
  • B) 405
  • C) 459
  • D) 441

Сабақты бекіту

Саған қай тапсырма қиын болды? Неліктен?

Үй тапсырмасы

№9 тапсырманы түсіндіру. Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау және кері байланыс

Бағалау парақшасын толтыру. «Бүгінгі сабақ ұнады ма?» сұрағына жауап ретінде оқушылар көңіл күйін стикерге жазады.

Қосымша

Қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы №5: жүктеу және толық нұсқасын қарау.