Астана қаласына саяхат
Ақмола облысы, Астана қаласы. Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектептің орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі — Шапиева Жұлдыз Жұмашевна.
Сабақтың тақырыбы
Астана қаласына саяхат
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Өткен тақырыпқа сүйене отырып, еліміздің бас қаласы — Астанаға «саяхат» жасау, қаланың көрнекті жерлерімен толық таныстыру. Көптік жалғауларын қайталау арқылы грамматикалық тапсырмалар орындату және тақырыпты меңгерту.
Дамытушылық
Оқушылардың сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, сауатты әрі таза жазуға дағдыландыру.
Тәрбиелік
Оқушыларды отансүйгіштікке, ел мен жерді қадірлеуге, туған жер мен Отанды сүюге, елордамызды құрметтеп, мақтан етуге тәрбиелеу.
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Көрнекілігі
- Қима қағаздар, суреттер, мәтіндер
- Сабақтың түрі
- Жаңа сабақ
- Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап, ойландыру, жаздырту, сөйлесу, суретпен жұмыс
- Пәнаралық байланыс
- Орыс тілі
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
- Сынып тазалығын қадағалау.
- Оқушылардың ойын жинақтап, сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін сұрақ-жауап жүргізу.
Жылыту сұрақтары
- Апта күндерін атаңдар.
- Бүгін аптаның қай күні?
- Жылдың неше мезгілі бар?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір қандай ай?
- Бүгін сабақта кім жоқ?
- Қазір қай сабақ?
2) Үй тапсырмасын тексеру (айтылым)
Өткен сабақ тақырыбы бойынша оқушылардың ойын еркін жеткізуіне мүмкіндік беріп, сұрақ-жауап арқылы жаңа сабаққа көшу.
Өткен тақырып бойынша сұрақтар
- Балалар, сендер қай мемлекетте тұрасыңдар?
- Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай?
- Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті кім?
- Елбасы күні қай күнге белгіленген?
- Қазақстанның бас қаласы қай қала?
- Астана қай жылдан бастап астана болып жарияланды?
- Биыл Астанаға қанша жыл болады?
- Астананы басқа елдер тани ма? Неліктен деп ойлайсыңдар?
3) Жаңа сабақ: көптік жалғаулары
Тапсырма
Мына сөздерге көптік мағына беріңдер:
- астана → астаналар
- қала → қалалар
- көше → көшелер
- ғимарат → ғимараттар
Осы мысалдар арқылы оқушылар көптік жалғауларын өздері анықтайды.
Ереже
Қазақ тіліндегі көптік жалғаулары:
4) Сөздікпен жұмыс
Жаңа сөздерді бекіту: сөз тіркестері мен сөйлемдер құрау арқылы меңгерту.
| Қазақша | Орысша |
|---|---|
| Президент сарайы | Дворец Президента |
| қонақүй | гостиница |
| Жастар сарайы | Дворец молодёжи |
| саяси-экономикалық | политико-экономический |
| мәдени | культурный |
5) Мәтінмен жұмыс және талқылау
Мәтінді мұқият оқып, сұрақтарға жауап беру арқылы тақырып мазмұнын ашу. Қосымша сұрақтар арқылы Астанаға «саяхат» ұйымдастыру.
Талқылау сұрақтары
- Астана қайда орналасқан?
- Астанада нелер бар?
- Астана мемлекеттің қандай орталығы?
- Астананың сол жақ жағалауында қандай ғимараттар бар?
- Астанадағы ең үлкен мешіт қай жерде орналасқан?
- Астананың оң жақ жағалауында өздерің білетін қандай өнер және спорт нысандары бар?
- Астанада қандай театрлар мен кинотеатрлар бар?
- «Астана Арена» қашан ашылды және қайда орналасқан?
- Астанада қандай ірі сауда орталықтары бар? Атап айтыңдар.
- Астана қаласындағы белгілі оқу орындарын атаңдар.
- Президент мұражайы қайда орналасқан? Ол туралы не білесіңдер?
6) Грамматикалық тапсырмалар
2-жаттығу
Қазақ тіліне аударыңдар.
Үлгі
В Казахстане много больших красивых городов. — Қазақстанда көптеген үлкен, әдемі қалалар бар.
3-жаттығу
Берілген сөздерді пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңдер.
Үлгі
Астана — жаңа, әдемі, сұлу, кең қала.
7) Үлестірмелі қималармен жұмыс
Көптік жалғаулары мен дауыссыз дыбыстарға сүйене отырып, оқушылардың жеке жұмыс жасау дағдыларын тексеру.
8) Суретпен жұмыс
Тақырыптық суреттер арқылы оқушыларға сөйлемдер және шағын мәтін құрастырып жазуға мүмкіндік беру.
9) Топтастыру
«Астана» тақырыбы бойынша алған білімдерін жүйелеу және қорытындылау.
10) Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырмаларды орындау деңгейіне қарай бағалау.
11) Үйге тапсырма
Үй тапсырмасы сабақ соңында оқушылардың деңгейіне сәйкес нақтылап беріледі.