Қай пәннің мұғалімі
Сайыстың мақсаты
Білімділік
Повесть бойынша білімді тиянақтау, Қожа бейнесіне талдау жасау, өз ойын жүйелі әрі дәл жеткізуге үйрету.
Дамытушылық
Өзіндік ой қорыта білу, шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін жетілдіру, ой-өріс пен дүниетанымды кеңейту, сабаққа қызығушылықты ояту.
Тәрбиелік
Жақсы мен жаманды ажыратуға дағдыландыру, кейіпкерлер бойындағы жақсы қасиеттерді үлгі ету.
1-кезең: Таныстыру
Екі топ өздерін таныстырады: топ атауын және эмблемасын ұсынады.
2-кезең: «Ойлан тап» (сұрақ–жауап)
Барлығы: 20 сұрақ
-
1. «Менің атым Қожа» повесінің авторы кім?
Жауап: Бердібек Соқпақпаев.
-
2. Б. Соқпақпаев кім?
Жауап: Нәзік психолог, бала жанын терең зерттеген қаламгер, жазушы.
-
3. Қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
Жауап: 1924 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданындағы Қостөбе ауылында.
-
4. «Менің атым Қожа» шығармасының жанры қандай?
Жауап: Повесть.
-
5. «Менің атым Қожа» фильмі қай жылы түсірілді?
Жауап: 1963 жыл.
-
6. «Менің атым Қожа» фильмін қойған режиссер кім?
Жауап: Абдолла Қарсақбаев.
-
7. Сәйбек қарт деген кім?
Жауап: Мектеп күзетшісі. Ол Қожаның әкесі Қадырдың досы, әкесі туралы көп білетін әрі Қожаға ақыл айтатын адам.
-
8. Қожаның азан шақырып қойылған аты кім?
Жауап: Қожаберген.
-
9. Қожаның сынып жетекшісінің аты-жөні кім?
Жауап: Сабира Майқанова.
-
10. Ол қай пәннің мұғалімі?
Жауап: Қазақ тілі.
-
11. Қожаның жақсы көретін мұғалімдерінің бірі кім?
Жауап: Оспанов ағай.
-
12. Қожаның анасының аты кім?
Жауап: Миллат ана.
-
13. Қожаның жүрегін жаулаған қыздың аты кім?
Жауап: Жанар.
-
14. Қожаны «Қара көже» деп мазақтайтын сыныптасы кім?
Жауап: Жантас.
-
15. Қаратай деген кім?
Жауап: Қожаның анасына үйленбек болып жүрген адам.
-
16. Қожаның жан досы кім?
Жауап: Сұлтан.
-
17. Қожаны «қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай» қорғап өсірген кім?
Жауап: Әжесі.
-
18. Қадырдың баласының (Қожаның) азан шақырып қойылған аты кім?
Жауап: Қожаберген.
-
19. «Менің де атым Қожа» фильмінің режиссері кім?
Жауап: Еркін Рахышев.
-
20. Орыс тілінің мұғалімі кім?
Жауап: Анфиса Михайловна.
3-кезең: «Білген сайын келеді біле бергім…» — Бұл қай сәт?
Үзінділер беріледі, қатысушылар оның қай оқиға сәтіне қатысты екенін анықтайды.
Үзінді 1
Терезе тұсында мектеп бағы бар. Осыдан бес-алты жыл бұрын өз қолымызбен отырғызылған теректер. Бір теректің басына маймылша өрмелеп шығып алдым.
Жауап: Педагогикалық кеңес өтіп жатқан сәт.
Үзінді 2
Қоңырау әлі бола қоймаған. Сол кезде басыма сап етіп бір қызық ой келе қалды. Кішкентай бақаның бірін Майқанованың сөмкесіне сүңгітіп жібердім.
Жауап: Сөмкеден бақа шыға келген сәт.
Үзінді 3
Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім тірі аруақтай қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін.
Жауап: Бақа оқиғасынан кейін үйде апасымен кездесетін сәт.
Үзінді 4
«Ең соңғы рет кешірші! Ант етемін!»
Үзінді 5
«Досым болсын, қасым болсын, бейбіт қатар өмір сүруге тырысамын.»
Үзінді 6
«Күлетін нәрсе тапқан екенсіздер...»
Ескерту: Бұл — Майқанованың сөзі.
4-кезең: «Мынау кім?»
Дәйексөз немесе сипаттама беріледі. Қатысушылар қай кейіпкер екенін табады.
1
Біреуді біреуге айтақтап, от тастап жүретін қу; сабақ үстінде сыбырлап-сыбырлап тыныштық бермейтін кім?
Жауап: Жантас.
2
«Мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар? Қоя беріңіз.»
Жауап: Сабира Майқанова.
3
«Біз екеуміз таныс шығармыз деймін?»
Жауап: Сабира Майқанова.
4
«Мен сенің әкеңе қарыздар адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, теңгесі емес — бақандай бір қарасы жүр.»
Жауап: Мектеп күзетшісі Сәйбек қарт.
5
«Бар, шешеңнің көңілін тап, ауыратынын білесің ғой.»
Жауап: Әжесі.
6
«Сен оқуды тастасаң, маған ілесіп тастады деп екеуімізді бірдей қудалап, пәле қылады. Оқи бер. Оқудың түбіне сен-ақ жет. Мүмкін, кейін дырдай бастықтың бірі болып шығарсың. Сонда маған шапағатың тиер.»
Жауап: Сұлтан.
5-кезең: Үй тапсырмасы (шығармашылық жұмыс)
Бұл кезеңде екі топтың шығармашылық қабілеті сарапқа салынады. Оқушылардың шығармашылық жұмыстары мен білімді әрекеттерін әділқазылар алқасы бағалап, үздік топты анықтайды.
Марапат
Ерекше еңбегі үшін жүлдеге ие болған топ сынып жетекшісінің қалауымен Астана қаласындағы драма театрларының біріне жолдама алады.
Қорытынды
Қорытынды сөзді пән мұғалімі айтады және сайысты аяқтайды.