Құрметті қонақтар, қадірменді ұстаздар

Сценарий / Салтанатты жиын

Мектеп фойесіндегі соңғы қоңырау салтанаты

Мектептің фойесі салтанатты жиынға сай безендірілген. Экранда түлектердің мектеп өмірінен алынған слайдтар көрсетіледі. Түлектерді шығарып салу рәсіміне ата-аналар, мұғалімдер, 1-сынып оқушылары және арнайы шақырылған қонақтар қатысады.

Жүргізушілердің құттықтауы

Жүргізуші 1: Перизат

Кіріспе сөз

Құрметті ата-аналар, аяулы ұстаздар, қадірменді қонақтар, қымбатты оқушылар! Бүгін — қызығы мен қиындығы қатар жүретін, әр жылы қайталанбас тарихқа толы оқу жылын қорытындылайтын ерекше күн: мектебіміздің мерекесі — соңғы қоңырау салтанаты. Дәстүрлі түрде білім ордасында өтетін «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» рәсіміне қош келдіңіздер!

Жүргізуші 2: Рүстем

Арнау

Ұрпағың мақтануға болса лайық —
Бүгін мақтанайық, жар салайық.
2013 жылғы түлектерді
Құрметпен қол соғып қарсы алайық!

Перизат

Алдарында сан тарау жолдар тұр. Бәрі ертеңгі азамат атанғалы тұр. Үлкен өмірдің есігін ашар сәт те келді. Ендеше, алтын ұя мектебіміздің табалдырығынан үлкен өмірге қанат қаққалы тұрған бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырайық. Қарсы алыңыздар!

Мемлекеттік рәміздерге құрмет

Рүстем

Тарихы терең қазақ деген көне елде,
Елдік белгі — ерлік, өрлік өнерде.
Жаһандағы ең жауынгер халықта
«Ту болмады» дегенге кім сенер де?

1

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы әкелінсін.

Перизат

Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер түрікті байрағынан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер әнұран.

2

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалсын.

Осы сәтте Қазақстан Республикасының рәміздеріне құрмет көрсету рәсімі орындалады.

Құттықтау сөздер және ресми бөлім

Рүстем

Білімді шәкірттерін аялаған, жақсылығын ешкімнен аямаған, жас ұрпаққа саялы бақ болған ұстаз — ардақты да аяулы тұлға.

Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Әліш Саукен ағайға беріледі.

Осы кезде экранда түлектердің жетістіктері слайд арқылы көрсетіледі.

Перизат

Аудандық балалар әуез мектебінде «Соңғы қоңырау» салтанатты жиынын өткізу туралы бұйрықты оқу үшін ортаға оқу ісінің меңгерушісі Кельжанов Досан ағайды шақырамыз.

Ұстазға тағзым және шығармашылық нөмірлер

Рүстем

Ұстаз деген — ұлы ұғым, ұлағатты.
Ол болмаса, кім береді парасатты?
Асылын шәкірт бойына дарытып,
Ағартқан сол — адамзатқа аманатты.

Перизат

Ұстазға әркім бас июі керек,
Кемеңгерім, ақылшым деп білу керек.
Сен бүгін керемет болып кетсең дағы,
Жеткізген — сол ұстаз деп білу керек.

Ән

Орындайды: мектеп түлектері

«Ұстазым» әні орындалады.

Қонақтарды таныстыру және құттықтау нөмірлері

Рүстем

Қонақ — береке мен мерейдің белгісі. Ендеше, соңғы қоңырау салтанатына ортақ болған қадірлі қонақтарымызды таныстырып өтейік:

1) _______________________
2) _______________________
3) _______________________

Өнер нөмірі

Келесі кезекте — мектебіміздің мақтаныштары, бірнеше байқаулардың жүлдегерлері, оқу озаттарынан құралған домбырашылар ансамблінің орындауы.

Перизат

Абзал, биік тұлға — байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Түлектерге жарқын тілек білдіріп,
Құттықтады бүлдіршіндер баршаңды.

Бітіруші түлектерге ізбасарлары атынан 1-сынып оқушысы Бұзаубаева Сымбат ақ тілегін жолдайды. Қарсы алыңыздар!

______________

Қорытынды тілек

Рүстем

Ұстаздардың арқасында шаттандық, сөзін ұғып болашаққа аттандық. Мектебімде ардагер ұстаздар бар — бәріміз де мақтан етеміз. Аяулы ұстаз, өлшемі жоқ бағаң бар: еліңе сіңірген еңбегің еленіп, шәкірттерің мың алғыс айтады.

Осы оқу жылын аяқтап, түлектермен бірге бірнеше жыл бойы қиын да қызықты еңбек жолын қатар кешкен ұстаздарға құрметіміз ерекше.