Тоғыспалы ықпал
Қысқа мерзімді сабақ жоспары: «Дыбыс үндестігі»
Сілтеме және ресурстар
- Пән: Қазақ тілі
- Оқулық: Г. Қосымова, Ж. Дәулетбекова. Алматы: Атамұра, 2010
- Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, стикерлер, маркерлер, карточкалар
- Бағалау: бағалау критерийлері
Сабақ туралы қысқаша
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер: жеке, жұптық, топтық жұмыс; сұрақ-жауап; талдау, қорыту, бекіту; ауызша және жазбаша жұмыс; сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары (ой тастау, топтастыру және т.б.).
Көрнекілігі: интерактивті тақта, әдістемелік құралдар, бағалау критерийлері.
Мақсат, міндеттер және күтілетін нәтиже
Сабақтың мақсаты
Дыбыс үндестігінің түрлерін түсіну және қолдану: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал құбылыстарының жасалу жолдарын меңгерту.
Міндеттері
- Оқушылардың белсенділігін арттыру.
- Сабаққа қызығушылық тудыру.
- Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды түсіндіру, жаттығу және топтық жұмыс арқылы ойлануға және еркін пікір айтуға жағдай жасау.
Күтілетін нәтиже
- Жаңа тақырыпты толық меңгереді.
- Мәтін бойынша бір-біріне дұрыс сұрақ қоя алады.
- Көргені мен естігенін өз ойын қосып еркін жеткізеді.
- Ой қорытып, пікір білдіреді.
- Ұжымдасып еңбек етуге және жұппен жұмыс істеуге дағдыланады.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
2 минут- 1) Амандасу.
-
2) «Шеңбер құру» жаттығуы.
«Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Қане, бәрің бір-біріңнің көздеріңе қараңдар. Көздеріңнен мейірім, достық, сүйіспеншілік пен сұлулықтың белгісін көріп тұрмын. Енді бір-бірімізге жылы сөз айтайық».
Мысалы: «Сен бүгін ақылдысың», «Әдемісің», «Күштісің» және т.б.
-
3) «Сен кімсің?» ойыны.
Бір оқушының көзін байлап, ортаға шығарамыз. Оны бір оқушының қасына апарып, даусын танымастай етіп өзгертіп сөйлеу ұсынылады. Егер дұрыс тапса, сол оқушы оның орнына тұрады.
-
4) Топқа бөлу.
Қиғаш қағаздар таратылады. Қағаз шетінде төрт түрлі түспен берілген дауыссыз дыбыстар жазылады. Түстер бойынша 4 топқа бөлінеді.
- 5) «Алтын ережені» еске түсіру.
Үй жұмысын тексеру
5 минут1) Ой қозғау
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды атаңдар.
2) Перфокарта
Тапсырма: берілген қосымшалардың ішінен буын үндестігіне бағынбайтындарын белгіле.
Жаңа сабақ
28 минут«Кім жылдам?» тапсырмасы (топтық жұмыс)
Берілген сөз тіркестері айтылу барысында дыбыстық өзгеріске ұшырайды. Әр топ өз мысалын дәлелдеп көрсетеді.
1-топ
көп бала → көп пала ілгерінді ықпал
2-топ
сөзсіз → сөссіз кейінді ықпал
3-топ
Досжан → Дошшан тоғыспалы ықпал
4-топ
ала қап → ала ғап ілгерінді ықпал
Сыни тұрғыдан ойлау (ой тастау)
- Осы сөздерден қандай өзгерісті байқадыңдар?
- «Ықпал» деген не?
- «Ықпал» сөзін естігенде қандай ой келеді?
Жұмыс түрлері (жеке, топ, жұп)
Жеке жұмыс (өзіндік жұмыс)
2 минутКеспе қағазбен тапсырма орындау. Жауап тақтада тексеріледі.
Топтық жұмыс (тақырыпты қорғау)
Әр топ оқулықтан және интернет дереккөздерінен ақпарат қарап, қысқаша таныстырып қорғайды.
- 1-топ: Дыбыс үндестігі
- 2-топ: Ілгерінді ықпал
- 3-топ: Кейінді ықпал
- 4-топ: Тоғыспалы ықпал
Жұппен жұмыс
2 минутОқулықтағы 331-жаттығу: дауыстыдан басталатын -ым (-ім), -ы (-і), -ың (-ің), -ып (-іп) қосымшаларын сөздерге жалғап, қандай дыбыс үндестігіне ұшырағанын анықтаңдар.