Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы, барысы және аяқталуы
Бірінші дүниежүзілік соғыс
Бірінші дүниежүзілік соғыс ХХ ғасырдың басындағы халықаралық қатынастар жүйесіндегі терең қайшылықтардың нәтижесінде тұтанды. Бұл соғыс Еуропа өркениеті үшін ауыр сынақ болып, саяси, экономикалық және әлеуметтік дағдарысты айқын көрсетті.
Сабақтың мақсаты
Білімдік мақсат
Дүниежүзін бөлісу жолындағы ірі державалардың бәсекелестігін, Германияның өркендеуін, әскери-саяси одақтардың құрылуын, соғыстың басталуы, барысы және аяқталуын түсіндіру.
Тәрбиелік-дамытушылық мақсат
Ұлттық рухы жоғары, бәсекеге қабілетті, тарихи деректерді талдай алатын тұлға қалыптастыру.
Сабақтың жоспары
Кезеңдер
- IҰйымдастыру кезеңі
- IIҮй тапсырмасын тексеру
- IIIЖаңа сабақ
- IVЖаңа сабақты бекіту
- VҚорытындылау, бағалау
- VIҮйге тапсырма
Жаңа сабақ тақырыптары
- Дүниежүзін бөлісудегі ірі елдердің бәсекелестігі
- Германияның өркендеуі және әскери-саяси одақтардың құрылуы
- Орыс–француз одағы
- Ағылшын–орыс қатынастары
- Балқан соғыстары
- Соғыстың басталуы, барысы және аяқталуы
- Марна шайқасы
- Верден қырғыны
- Германиядағы революцияның басталуы және соғыстың аяқталуы
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралдарын тексеру, оқушыларды түгелдеу
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасын тексеру
Еуропа мен Американың жетекші державалары Азия мен Африка елдерін отар және жартылай отарға айналдыруының себептері қандай болды?
«Империя», «император», «империализм» ұғымдарының арасында мағыналық байланыс бар ма?
Негізгі мазмұн
Соғыстың жалпы сипаты және негізгі қайшылықтар
Бірінші дүниежүзілік соғыс ірі монополистік капитал топтарының арасындағы экономикалық қайшылықтардың мемлекетаралық деңгейде шиеленісуі нәтижесінде пайда болды. Негізгі қайшылық Ұлыбритания мен Германия арасында өршіді.
Соғыстың мақсаттары державалардың отарлық және геосаяси мүдделерімен айқындалды: Англия мен Франция Германияның Африкадағы отарларын, сондай-ақ Таяу Шығыстағы Осман империясының бірқатар жерлерін бақылауға алуды көздеді. Сонымен қатар Франция–Германия, Германия–Ресей, Австро-Венгрия–Ресей қайшылықтары да соғысқа алып келген факторлардың қатарына жатады.
Антанта
әлсіз тұстар- Өндірістің соғыс жағдайына сай қайта құрылмауы.
- Францияның Бельгиямен шекарада бекіністерінің жеткіліксіздігі.
- Құрлықтағы әскердің салыстырмалы әлсіздігі.
- Әскери-теңіз флотының дайындығы біршама жақсы болды.
Үштік одақ
артықшылықтар- Киль каналының қызметі жақсартылды.
- Неміс артиллериясының қуаты артты; Крупп зауыттарында зеңбіректердің жаңа түрлері шығарылды.
- Германияның «қауырт соғысқа» (жедел соғыс) жүйелі дайындалуы.
- Неміс армиясының сандық басымдығы және Австро-Венгрия әскери қуатының артуы.
Тарихи түйін
Бірінші дүниежүзілік соғыс — Еуропа өркениетінің дағдарысын айқын көрсеткен оқиға. Ол халықаралық қатынастардың бұрынғы тепе-теңдігін бұзып, жаңа саяси шындықтың қалыптасуына жол ашты.
Жаңа сабақты бекітуге арналған сұрақтар
- 1 Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталу себептері қандай болды?
- 2 Соғыстың қандай ірі шайқастарын білесіңдер?
- 3 Германия неліктен Шлиффен жоспарын толық жүзеге асыра алмады?
- 4 АҚШ неге 1917 жылы ғана соғысқа кірді?
- 5 Соғыс майдандарында соғыс қимылдарын тоқтату жөніндегі келісім қашан және қай жерде жасалды?
- 6 Бірінші дүниежүзілік соғыстағы жалпы адам шығыны қанша болды?
Бағалау
Оқушылардың жауаптары, талдауы және белсенділігі бойынша қорытынды баға қойылады.
Үйге тапсырма
§1. Бірінші дүниежүзілік соғыс.