Есек пен қасқырдың таласыБір күні есек пен қасқыр шөптің түсіне бола айтысып қалады

Есек пен қасқырдың таласы

Бір күні есек пен қасқыр шөптің түсіне бола айтысып қалады. Есек шөптің түсін сары десе, қасқыр жасыл дейді. Екеуі біраз пікірталасып, ымыраға келе алмай, ақыры аң патшасы арыстанға барып, төрелік етуін сұрайды.

Сот

Сот басталады. Әрқайсысы өз дәлелдерін айтып, өз пікірін алға тартады. Үкім шығар сәтте бәрі әділ шешім күтеді.

Бірақ арыстан олардың үмітін су сепкендей басып, қасқырды бір айға абақтыға жабады да, есекті босатып жібереді.

Диалог

Қасқыр: «Мырзам! Шөптің түсі жасыл емес пе еді?»

Арыстан: «Әрине».

Қасқыр: «Ендеше менікі дұрыс болса да, не үшін маған қарсы үкім шығарып, абақтыға жаптыңыз?»

Арыстан: «Есекпен бірге есек болып, тартысқаның үшін!»