Мамам гүлдің бағбаны
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Жыл мезгілдерін ажыратып, олардың ерекшеліктерін атай білуге үйрету; сурет салу және байланыстырып сөйлеу арқылы білімін кеңейту.
Дамытушылық
Балалардың жеке қабілетін ашу, шығармашылық дербестігін дамыту; қызығушылығын арттыру; белсенділік пен ізденімпаздықты қалыптастыру; ой-өрісін, есте сақтауын, сезімін, талғамын және танымдық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік
Эстетикалық және адамгершілік сезімдеріне ықпал ету; өзіне сын көзбен қарауға, жұмысына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Қажетті құралдар мен әдістер
Көрнекіліктер
- Бөлме гүлдері
- Сурет салуға қажетті құралдар
- Үлгі сурет
Әдіс-тәсілдер
- Үлгі суретті талдау
- Қылқаламмен салу жолдарын көрсету
- Таныстыру және түсіндіру
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық сәт: балалар терезеге қарап, күнге қол созып тұрады.
Қайырлы күн, әрқашан күн сөнбесін.
Күн нұры бізге жылу төге берсін.
Күндей жарық көңілмен күн кешейік,
Бәріміз тату дос боп бірге өсейік.
(Балалар бір-біріне күлімдеп, жылы көңіл күй сыйлайды.)
2) Қызығушылықты ояту: жұмбақ
Тәрбиешінің жұмбағы
Ақ сақалды атаны-ай,
Мінезінің шатағы-ай.
Балалардың жауабы: (қыс)
Әңгімелесу
- Қыс мезгілінде қандай ерекшеліктер болады?
- Қыс сендерге несімен ұнайды?
3) Кейіпкердің келуі: Қар Ханшайымы
Музыка ойнап, Қар Ханшайымы кіреді. Ол: «Мен барлық аймақты аралап келемін. Шулаған дауысты естіп, бұрылып едім — сендер екенсіңдер ғой».
Тәрбиеші
«Сәлеметсіз бе, Қар Ханшайымы. Қош келдіңіз, төрлетіңіз».
Қар Ханшайымы
«Менің мезгілімде тоңып шаршаған боларсыңдар. Бірақ топтарың жылы әрі әдемі екен. Қыста да бөлме гүлдерін өсіріпсіңдер!»
4) Екінші жұмбақ: шырша
Қар Ханшайымының жұмбағы
Тікен, тікен тік пісте,
Қысы-жазы бір түсте.
Балалардың жауабы: шырша
Талқылау
- Шыршаны қашан және қайда көрдік?
- Оның түсі қандай?
- Топ ішінен жасыл түсті заттарды тауып көрейік.
5) Табиғат бұрышы: гүлдер туралы әңгіме
Балалар Қар Ханшайымымен бірге табиғат бұрышын тамашалайды. Гүлдер екі топқа бөлінетіні айтылады: дала гүлдері және бөлме гүлдері.
Сұрақ
Гүлді не үшін өсіреміз?
Сұрақ
Оның қандай пайдасы бар?
Сұрақ
Гүлдерді қалай күтеміз?
Балалардың жауаптары тыңдалады, толықтырылады.
6) Шығармашылық тапсырма: гүлдің суретін салу
Қар Ханшайымы балалардан өтініш жасайды: табиғат бұрышындағы өзіне қатты ұнаған гүлдің суретін салып берулерін сұрайды.
1) Үлгімен таныстыру
Гүлдің пішіні, сабағы, жапырағы және түстері талданады.
2) Салу жолын көрсету
Тәрбиеші қылқаламмен кезең-кезеңімен орындау тәсілін көрсетеді.
3) Балалардың орындауы
1–2 бала тақтада (немесе мольбертте) салып көрсетеді, қалғаны өз орнында жұмыс істейді.
7) Қорытынды: гүлзар құрастыру және бағалау
Балалардың салған суреттерінен ортақ гүлзар құрастырылады. Ең әдемі салынған гүл таңдалып, Қар Ханшайымына естелік ретінде сыйға тартылады.
Қар Ханшайымы
«Рахмет, балалар! Суреттерің өте әдемі. Бүгін сендерге риза болдым. Сау болыңдар!»
Тәрбиеші
«Бүгін бәріміздің көңіл күйіміз тамаша болды. Ендеше, жақсы бір ән шырқайық».
Ән: «Мамам — гүлдің бағбаны»