Түрік қағандығы

Сабақ туралы мәлімет

Мектеп және мұғалім

Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Қызылоба ауылы, Е. Ш. Орақбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектеп. Тарих пәні мұғалімі: Т. А. Дюсегалиева.

Тақырып

Ежелгі түркілер. Түрік қағандығы.

Аралас сабақ Топтық жұмыс Сұрақ-жауап

Сабақтың мақсаты

Білімділік

«Түрік» және «қағанат» ұғымдарына түсінік беру; Түрік қағандығының қоғамдық құрылысының ерекшеліктерін ашу; саяси тарихы мен шаруашылық жағдайы туралы жүйелі түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық

Түркі дәуірінің тарихы мен мәдениетін қазіргі Қазақстан тарихы және мәдениетімен байланыстыру; оқушылардың тарихи ойлауын, қорытынды шығару дағдыларын және ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік

Түріктерді қазақ халқының арғы ата-бабалары ретінде таныта отырып, оқушыларды отансүйгіштікке және адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдістер мен көрнекіліктер

Сабақтың әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Тест жұмысы
  • Тірек-сызба
  • Сәйкестендіру тесті
  • Топтық жұмыс және ауызша баяндау

Көрнекіліктер

  • Түркі дәуірінің картасы
  • Түркі дәуірі ескерткіштерінің суреттері
  • Түрік қағандығының шаруашылығы мен тұрмысын сипаттайтын иллюстрациялар

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру және оқушыларды топтарға бөлу.

II. Үй тапсырмасын тексеру

I кезең: Тарихи блиц • Әр дұрыс жауап — 10 ұпай

Әр топқа сұрақтар оқылады. Оқушылар жылдам әрі нақты жауап береді.

I топ — сұрақтар

  1. 1. Қытайдың ежелгі деректерінде ғұндар қандай атпен белгілі болды? Хунну
  2. 2. Қытай деректері бойынша ғұндардың алғашқы көсемі кім болды? Шунь-вей (Шоң би)
  3. 3. Ғұндардың жоғарғы билеушісі қалай аталды? Шаньюй
  4. 4. Б.з.б. 188 жылы қытайлықтар мен ғұндар арасындағы шайқас кімнің жеңісімен аяқталды? Ғұндар
  5. 5. Ғұндар әскерінің негізін кімдер құрады? Атты әскер
  6. 6. Еділ (Аттила) патша Батыс Ғұн империясының тағына қай жылы отырды? 434 ж.
  7. 7. Ғұндардың шабуылынан кейін ыдырай бастаған Рим империясының шығыс бөлігі тарихта қандай атаумен белгілі болды? Византия
  8. 8. Ғұн қоғамында бұқа ненің нышаны болды? Күш пен билік

II топ — сұрақтар

  1. 1. Еуропалық тарих ғылымында ғұндар қандай атаумен байланыстырылады? Халықтардың ұлы қоныс аударуы
  2. 2. «Аманат» дегеніміз не? Юечжи еліне аманатқа барған кім? Кепілдік; Мөде
  3. 3. Ғұн қоғамында жоғарғы билікке ие болған Мөде қандай атаққа ие болды? Аспан ұлы
  4. 4. Ғұн империясы қашан екіге бөлініп, ыдырады? Б.з.б. 55 ж.
  5. 5. Ғұндардың негізгі қарулары қандай болды? Садақ, найза
  6. 6. Оңтүстік ғұндар кімдерге бағынышты болды? Хань империясы
  7. 7. Ғұндардың оңтүстікке жылжыған топтарын қалай атады? Ақ ғұндар
  8. 8. Ғұн қоғамында бұғы ненің нышаны болды? Бақыт пен жақсылық