Сиқырлы сандар
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- 1-ден 5-ке дейін сандарды санау және қайталау арқылы білімді бекіту.
- Тура және кері санау дағдыларын қалыптастыру.
- Логикалық сұрақтарға жауап беру арқылы ойлау қабілетін дамыту.
- Геометриялық пішіндерді ажыратып, құрастырып, олармен жұмыс жасау.
- Санамақ үйрену арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық
- Логикалық ойлауды және есте сақтау қабілетін дамыту.
- Сипау арқылы сандарды айтқызып, математикалық ойындар арқылы тілін дамыту.
Тәрбиелік
- Зейінділікке, ойшылдыққа және қамқорлыққа тәрбиелеу.
Әдісі мен көрнекілігі
Әдісі
- Көрнекілік
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
Көрнекілігі
- Сандардың суреттері
- Тапсырмалар
- Геометриялық пішіндер
- Алма ағашы
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Оқу іс-әрекетінің барысы
I. Психологиялық жаттығу
Шаттық шеңберіБалалармен бірге шаттық шеңберіне жиналып, бір-біріне жылулық сыйлаймыз.
Сәлем деймін мен күнге, Сәлем деймін мен саған, Сәлем деймін мен апайға, Сәлем деймін қонақтарға. Еркем, еркем, еркем-ай, Еркелеген еркем-ай, Жақсы көрем өмірді, Жақсы көрем мен сені.
II. Ұйымдастыру кезеңі
Сұрақ-жауап- Сұрақ: Балалар, далада жылдың қай мезгілі? Жауап: Қыс.
- Сұрақ: Қыста қалай киінеміз? Жауап: Жылы киінеміз.
- Сұрақ: Қыстың ерекшеліктері қандай? Жауап: Қар, аяз, боран.
III. Қызықтыру сәті
«Алма ағашы» тапсырмаларыБалалар, мына ағашқа назар аударайық. Алма ағашы бізге бірнеше тапсырма дайындапты.
1-тапсырма
Санау1-ден 10-ға дейін тура және кері санау. Жоғалған сандарды табу.
2-тапсырма
Ойлан«Сиқырлы сандар» тапсырмасы.
3-тапсырма
ЛогикаЛогикалық тапсырмалар: ауызша және жазбаша жұмыс.
IV. Сергіту сәті
Қимыл-қозғалысҮлкен шеңбер құрайық. Үлкен шеңбер құрған соң, Шапалақта, шапалақта. Оң жақтағы балаға, Сол жақтағы балаға, Жоғары-төмен қараймыз, Орынымызды табайық.
V. Дидактикалық ойын
«Ғажайып қалта»Мақсаты: сипау арқылы сандарды ажырата білуге үйрету.
VI. Дәптермен жұмыс
Бақылау және орындауБалалардың жұмыстарын бақылау, бағыт беру.
4-тапсырма
Геометриялық пішіндерді үлгі бойынша құрастырамыз.
VII. Қорытынды
Рефлексия және қоштасуЖақсы, балалар! Сендер 1-ден 5-ке дейінгі сандарды жақсы меңгердіңдер. Оқу іс-әрекетіне өте белсенді қатыстыңдар.
Сұрақ: Біз бүгін кімнің тапсырмаларын орындадық? Жауап: Есеп атаның тапсырмаларын.
Дұрыс, балалар. Тапсырмаларды өте жақсы орындадыңдар. Енді Есеп ата сендерге шағын сыйлықтарын табыстайды.
Сыйлықты алмас бұрын, келген қонақтармен қоштасайық.
Қол ұстасып тұрайық, Шеңберді біз құрайық. Көріскенше күн жақсы, Сау-саламат болайық.