Тіктөртбұрышты кесте

Топтамадағы сабақтар тізімі

  1. Алгоритм түрлерін программалау әдістері
  2. MS Word мәтіндік редакторында қайталау сабағы (7-сынып)
  3. Информатиктер сайысы
  4. Электрондық кестелер (8-сынып)

Сабақтың тақырыбы

Электрондық кестелер (8-сынып)

Сабақтың түрі

Дамытушылық

Сабақтың типі

Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдістері

Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, топтық жұмыс

Оқыту формалары

Жеке, топтық және ұжымдық

Көрнекіліктер

  • Компьютер құрылғылары
  • Электронды оқулық
  • Интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс

  • Математика
  • Ағылшын тілі

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Microsoft Excel кестелік процессорын іске қосу, терезе элементтері мен мүмкіндіктерін таныстыру; баған енін және жол биіктігін өзгерту; құжатты сақтау және ашу жолдарын түсіндіру.

Дамытушылық

Оқушылардың есте сақтау және зейін қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру, жылдам әрі жүйелі ойлауға дағдыландыру.

Тәрбиелік

Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың өту барысы

I. Ұйымдастыру

  • 1 Оқушыларды түгендеу.
  • 2 Сабаққа дайындықтарын тексеру.

II. Үй тапсырмасын сұрау (өткен сабақты ауызша қайталау)

Сұрақ-жауап

1) Adobe Photoshop не үшін арналған?
Растрлық графика құру және өңдеу үшін.
2) Пиксель дегеніміз не?
Монитор экранындағы кескіннің ең кіші элементі (әдетте квадрат пішінді).
3) Компьютерлік кескіндік ақпараттың негізгі түрлері қаншау және атаңыз.
Екі түрі бар: растрлық және векторлық.
4) Растрлық кескін дегеніміз не?
Үлкейткенде нүктелердің өлшемі ұлғайып, «сатылы эффект» байқалатын кескін. Растрлық бейне 0 және 1 сандары арқылы кодталады.
5) Векторлық кескін дегеніміз не?
Нүктелер, сызықтар, шеңберлер, төртбұрыштар сияқты геометриялық примитивтер арқылы өрнектелетін кескін.

Практикалық жұмыс

Adobe Photoshop бағдарламасында суреттен сөзді қиып алу.

III. Топтастыру (психогеометриялық сараптама)

Оқушылар таңдаған фигуралары бойынша топтарға бөлінеді және өз фигурасына сәйкес қысқаша мінездеме береді.

Квадрат

тәртіп

Еңбекқор, бастаған ісін соңына дейін жеткізеді. Негізгі қасиеттері: шыдамдылық, байыптылық, қатаң тәртіпті ұнату, «әр нәрсе өз орнында» қағидасын ұстану. Өзгерістерді көп жақтырмайды, жоспармен әрекет еткенді қалайды.

Үшбұрыш

лидерлік

Лидерліктің белгісі. Нақты мақсат қояды және қабілетін сол мақсатқа шоғырландырады. Өз жұмысын да, топтың жұмысын да жүйелі түрде басқара алады. Ең басты қасиеті — өзіне сенімділік, жоғары нәтижеге ұмтылу.

Шеңбер

эмпатия

Қарым-қатынасқа ең жақын, жақсы тыңдаушы. Эмпатиясы жоғары, сезімтал. Тума психолог ретінде адамдардың көңіл күйін жақсы түсінеді; сондықтан айналасындағылар шеңберге жақын тартылады.

IV. Жаңа сабақты баяндау (топтық жұмыс)

Бағалау тәсілі: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» (екі топ бір-бірін бағалайды).

2 жұлдыз 1 ұсыныс

Квадрат тобы

Microsoft Excel-ге кіріспе. Тарихи шолу.

Үшбұрыш тобы

Microsoft Excel-мен таныстыру.

Шеңбер тобы

Microsoft Excel мен MS Word: ұқсастықтары мен айырмашылықтары (Венн диаграммасы).

Тарихи шолу

Microsoft Excel — сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған, Microsoft Office құрамына кіретін кестелік процессор. Ол сандық мәндерді талдауға және нәтижені кесте түрінде ұсынуға мүмкіндік береді.

  • Есептеулер үшін 400-ден астам математикалық, статистикалық, қаржылық және өзге де функцияларды қолдануға болады.
  • Әр түрлі кестелер арасындағы байланыстарды қарастыруға мүмкіндік береді.
  • 1985 жылдың мамырында Microsoft компаниясы Excel бағдарламасын таныстырды; қысқа уақыт ішінде кеңінен қолданысқа енді.

Microsoft Excel-ді іске қосу

Келесі тізбекті орындаңыз:

Пуск → Программы → Microsoft Office → Microsoft Excel

Excel файлы жұмыс кітабы (workbook) деп аталады.

Excel терезесінің негізгі бөліктері

  1. Тақырып жолы
  2. Бас мәзір (Word мәзірінен айырмашылығы: «Кесте» орнына «Мәлімет»)
  3. Стандартты аспаптар панелі
  4. Пішімдеу панелі
  5. Белсенді ұяшық атауы
  6. Формула жолы
  7. Жұмыс парағы
  8. Баған атаулары (A, B, C, D… — латын әріптері)
  9. Жол нөмірлері (классикалық нұсқаларда 65 536 жол)
  10. Парақ таңбашалары
  11. Айналдыру жолағы
  12. Басқа параққа ауысу батырмалары
  13. Қалып-күй жолағы

MS Word бойынша қысқаша қайталау (сұрақ-жауап)

Word-ты іске қосу

Пуск → Программы → Microsoft Office → Microsoft Word

Мәтіндік құжатты редакциялау дегеніміз не?
Өңдеу, енгізу, өшіру, орын ауыстыру немесе құжат мазмұнын түзету.
Кесте дегеніміз не?
Жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат.
Microsoft Word-та неше меңзер бар?
Екі меңзер: кірістіру нүктесі және I-меңзер.
Microsoft Word-та туралау түрлері қаншау?
Төрт түрі: сол жақ шеті бойынша, ортасы бойынша, оң жақ шеті бойынша, оң және сол жақ шеттері бойынша.
Мәтінді форматтау дегеніміз не?
Мәтін пішінін оның параметрлері арқылы баптау.
Мәтіндік процессорды дұрыс жабу әдістері қандай?
Файл → Шығу; Alt+F4; терезедегі X батырмасы.

V. Ақпараттық диктант (жеке жұмыс)

Берілген атауларды программалау тіліндегі (ағылшын тіліндегі) атауларымен сәйкестендіріп, сауатты жазыңыз.

Тапсырма (қазақша/орысша атаулар)

  1. Түс
  2. Боялған нүкте
  3. Түзу (сызық)
  4. Тіктөртбұрыш
  5. Іші боялған тіктөртбұрыш
  6. Шеңбер
  7. Окно
  8. Эллипс
  9. Доға
  10. Файл
  11. Правка
  12. Изображение
  13. Фильтр

Дұрыс жауаптар

  1. Color
  2. PutPixel
  3. Line
  4. Rectangle
  5. Bar
  6. Circle
  7. Window
  8. Ellipse
  9. Arc
  10. File
  11. Edit
  12. Image
  13. Filter

VI. Бекіту: «Кім тапқыр?» ойыны

1) Электрондық кесте дегеніміз не?
Кестенің компьютерлік бейнесі.
2) Microsoft Excel бағдарламасы қай жылдан бері қолданыста?
1985 жылдан бері.
3) Бірнеше жолдардан тұратын кесте қалай аталады?
Тіктөртбұрышты кесте.
4) Көршілес ұяшықтардың тік бағыттағы бірлестігі қалай аталады?
Баған.
5) Ұяшық дегеніміз не?
Дерек сақталатын орын.
6) Көршілес ұяшықтардың көлденең бағыттағы бірлестігі қалай аталады?
Жол.
7) Кесте тек бір ғана жолдан тұруы мүмкін. Бұл қандай кесте?
Сызықтық кесте.

VII. Үй тапсырмасы

Оқу

«Электрондық кестелер» тақырыбын оқу.

Қосымша тапсырма

20 сұрақтан тұратын тест құрастырып келу.

VIII. Бағалау

Әр оқушы бағалау парағына өзін-өзі бағалау нәтижесін енгізеді.

IX. Кері байланыс

Оқушылар сабақ туралы өз пікірін жазбаша түрде білдіреді.