Қосындылау функциясы
Атырау облысы, Индер ауданы • Информатика пәні мұғалімі: Оразаева Асем
Функциялар және стандартты функцияларды пайдалану
Бұл сабақта оқушылар MS Excel кестелік процессорындағы функция ұғымын қайталап, стандартты функцияларды формулаларда дұрыс әрі тиімді қолдануды үйренеді.
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Кестелік процессор туралы білімдерін еске түсіру. Функция ұғымын және функциямен жұмыс істеудің негізгі тәсілдерін түсіндіру.
Дамытушылық
Стандартты функцияларды нақты әрі тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік
Оқушыларды компьютерлік сауаттылыққа, мұқияттылыққа және ізденімпаздыққа баулу.
Оқыту форматы
Оқыту әдістері
- Диалогтік оқыту
- Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
- Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
- АКТ қолдану
- СТО (сыни тұрғыдан ойлау)
Көрнекіліктер
- Оқулық
- Интерактивті тақта
- Презентация
- Үлестірмелі материалдар
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу
- Оқушыларды түгендеу
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару
- Оқу құралдарының дайындығын тексеру
«Сені көргеніме қуаныштымын…» жаттығуы
Әрбір қатысушы көршісіне: «Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі…» деп айтады. Сөйлемді адамның сыртқы келбетін сипаттамай, мінез-құлқы мен жағымды қасиеттеріне байланысты сөздермен аяқтау қажет.
II. Өткен сабақты қайталау
6 минут- 1MS Excel кестелік процессоры
- 2MS Excel бағдарламасына деректерді енгізу және редакциялау
- 3Электрондық кесте ұяшығына енгізілетін деректер типтері
- 4Салыстырмалы, абсолют және аралас сілтемелер
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Excel бағдарламасында стандартты функциялар тек формулалардың ішінде қолданылады. Функцияны шақыру үшін формулаға функцияның атауын енгізіп, жақша ішінде оның параметрлерін көрсету қажет.
Параметр ретінде қолданылатын мәндер
- Сан
- Ұяшық немесе ұяшықтар ауқымы
- Басқа өрнектер
Қорытынды формулаларды ыңғайлы енгізу үшін Функция шеберін (Function Wizard) пайдалануға болады. Ол функцияны таңдауға көмектесіп қана қоймай, күрделі есептеулерді орындауды да жеңілдетеді.
Ең жиі қолданылатын функция: СУММ
Қорытындылау функцияларының ішінде ең кең қолданылатыны — СУММ. Стандартты аспаптар панелінде осы функция үшін жеке батырма бар: Автоқосынды (Автосумма). Ол әдетте ағымдағы ұяшықтың үстіндегі немесе сол жағындағы ауқымды автоматты түрде анықтап, қосындыны есептейді.
Басқа қорытындылау функциялары
Қорытындылау есептеулеріне арналған өзге функцияларды Функцияларды өзгерту батырмасы немесе Функциялар тізімі арқылы таңдауға болады.
- ДИСП — дисперсия
- МАКС — ауқымдағы ең үлкен сан
- МИН — ауқымдағы ең кіші сан
- СРЗНАЧ — арифметикалық орта
- СЧЕТ — мәні бар ұяшықтар саны
Функциялар көптеген есептерді, соның ішінде экономикалық есептеулерді орындауды жеңілдетеді. Бұл жерде негізгі тірек құрал — Функция шеберінің сұхбат терезесі.
IV. Компьютерде тәжірибелік жұмыс
Тапсырма: электронды сынып журналын құрыңыз.
1-тапсырма
- 1 A бағанына 8 оқушының тізімін енгізіңіз.
- 2 B1 ұяшығына бірінші сабақтың күнін енгізіңіз. Қалған күндерді келесі сабақтың датасын есептейтін формуламен толтырыңыз (аптасына 1 сабақ).
- 3 B2:J9 ауқымын пән бойынша оқушылардың бағаларымен толтырыңыз.