Арифметикалық функциялар
Сабақтың тақырыбы
Стандартты функциялар. Стандартты типтердің сипатталуы. Өрнектер және олардың жазылуы.
Сабақтың типі
Дамытушылық
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі
Түсіндіру, сұрақ-жауап
Көрнекілігі
- Интерактивті тақта
- Оқулық
- Тест тапсырмалары
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға Паскаль программалау тіліндегі стандартты функциялар, өрнектер және олардың жазылу ережелері туралы толық мәлімет беру.
Дамытушылық
Паскаль тілінің алфавиті, қарапайым объектілері, мәліметтер типтері, стандартты функциялар және өрнектерді жазу дағдыларын қалыптастырып, алған білімдерін дамыту.
Тәрбиелік
Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа, адамгершілікке, патриоттыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
-
1
Ұйымдастыру
Сынып оқушыларымен амандасу, сабаққа назарын аудару.
-
2
Өткен материалды қайталау
- Алгоритм дегеніміз не?
- Блок-схема дегеніміз не?
- Алгоритмдік тіл және программалау тілі дегеніміз не?
- Алгоритм командалары есеп шартына байланысты қалай бөлінеді?
- Жай және құрама командалардың айырмашылығы қандай?
- Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
- Тармақталу алгоритмі дегеніміз не?
- Циклдік алгоритм дегеніміз не?
- Арифметикалық цикл мен қадамдық циклдің айырмашылығы неде?
-
3
Жаңа сабақты түсіндіру
Паскаль тілі туралы қысқаша мәлімет
Паскаль тілін 1968–1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт қолайлы программалау тілі ретінде ұсынды. Кейінірек тіл стандарты бекітіліп, сол кезеңдегі АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК тілдеріне қарағанда жетілдірілген әрі қолдануға ыңғайлы тіл ретінде кең таралды. Қазіргі таңда Паскаль — күрделі есептерді шығаруға мүмкіндік беретін, оқытуда жиі қолданылатын стандартты тіл.
Программа құрылымы
Паскаль тіліндегі программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі. Программа PROGRAM сөзінен басталады, ал негізгі операторлар бөлігі BEGIN және END сөздерімен қоршалады.
PROGRAM BASTAU; { Сипаттау бөлімі } BEGIN { Операторлар бөлімі } END.Стандартты функциялар
Turbo Pascal тілінде алдын ала жазылған және стандартты модульдерде жинақталған, қажет кезде қолдануға болатын дайын объектілер бар. Соның маңызды бөлігі — стандартты функциялар. Олар жиі кездесетін математикалық және басқа да есептеулерді орындауға қолданылады.
Негізгі топтары
- Арифметикалық функциялар
- Типтерді түрлендіру (өзгерту) функциялары
Арифметикалық функциялардың үлгілері
Паскальда Қызметі Нәтиже типі Abs(x) Абсолют мән x типіндей Arctan(x) Арктангенс нақты Cos(x) Косинус нақты Sin(x) Синус нақты Exp(x) e-нің x дәрежесі нақты Frac(x) Бөлшек бөлігі нақты Int(x) Бүтін бөлігі нақты/бүтін Ln(x) Натурал логарифм нақты Pi π мәні нақты Sqr(x) Квадрат x типіндей Sqrt(x) Квадрат түбір нақты Бүтін аргументтерге қатысты ескерту
Кейбір стандартты функциялар бүтін аргумент берілгенде бүтін нәтиже қайтарады:
- Abs(x) — бүтін x санының абсолют шамасы
- Sqr(x) — бүтін x санының квадраты
- Trunc(x) — нақты x санының бүтін бөлігі
- Round(x) — нақты x санын дөңгелектеу нәтижесі
- Succ(x) — x-тен кейінгі бүтін сан
- Pred(x) — x-тың алдындағы бүтін сан
Стандартты типтердің сипатталуы
Шамаларға қолданылатын амалдар олардың типтеріне тәуелді. Бүтін сандар типі үшін айнымалылар (немесе тұрақтылар) сипатталуы төмендегідей жазылады:
атау1, атау2, ..., атауn: тип;
Мұнда тип орнына бүтін типті білдіретін түйінді сөздердің бірі жазылады, мысалы: integer, byte.
Белгі Операция Операнд типі Нәтиже типі + қосу екеуі де бүтін немесе біреуі нақты бүтін немесе нақты - азайту екеуі де бүтін немесе біреуі нақты бүтін немесе нақты * көбейту екеуі де бүтін немесе біреуі нақты бүтін немесе нақты / бөлу бүтін немесе нақты нақты Div бүтін бөлу бүтін бүтін Mod бүтін қалдық бүтін бүтін Практикалық жұмыс
Төмендегі өрнектерді Паскаль тіліне аударып жазыңыз.
Өрнектер
- 1) y = (a - b)² · (a + 2b)
- 2) y = (c + a)² · (c - 4b)
- 3) y = (sin²x + cos²x) · x³
- 4) y = (x - y)³ · (sin²x - cos²x)
Жауаптары (Паскаль)
1) y := sqr(a - b) * (a + 2 * b); 2) y := sqr(c + a) * (c - 4 * b); 3) y := (sqr(sin(x)) + sqr(cos(x))) * (sqr(x) * x); 4) y := (sqr(x - y) * (x - y)) * (sqr(sin(x)) - sqr(cos(x)));Ескерту: көбейту амалдары анық көрінуі үшін * таңбасы міндетті түрде қойылады.
-
4
Сабақты бекіту сұрақтары
- Паскаль тілінің негізін салушы кім?
- Паскаль тілінде программа неше бөліктен тұрады?
- Программаның негізгі бөлігі қандай түйінді сөзбен басталып, қандай сөзбен аяқталады?
- Паскаль тілінде қандай стандартты функциялар бар?
- Паскаль тілінде қандай арифметикалық амалдар бар?
- Паскаль тілінде қандай стандартты типтер бар?
-
5
Үйге тапсырма
- 2.6 — Стандартты функциялар
- 2.7 — Стандартты типтердің сипатталуы
- 2.8 — Өрнектер және олардың жазылуы
- 54-бет, тапсырма — 1