Тақтаға жазу
Сабақтың тақырыбы
М. Дулатов — «Қыс»
Сабақ жоспары оқушылардың мәтінді түсінуін, сөздік қорын дамытуын және табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауын қалыптастыруға бағытталған.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Авторды таныстыру арқылы мәтіннің мазмұны мен идеясын ашу, оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін анықтау.
Дамытушылық
Сөздік қорын байыту, елестету, есте сақтау және зейін қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік
Қоршаған ортаны, табиғатты сүюге және қорғауға тәрбиелеу.
Міндет, нәтиже және ресурстар
Міндеті
Технологиялық картаның регламентін сақтау.
Жоспарланған нәтиже
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу.
Көрнекілігі
Тақырыпқа сай сюжетті суреттер, автордың портреті, сызбалар, плакаттар.
Әдістер
- БИС технологиясы
- СТО технологиясы
- Сұрақ-жауап
- Мәнерлеп оқу
- Топтастыру стратегиясы
- Сөздік жұмыс
Сабақ барысы
Психологиялық ахуал: сөзжұмбақ
Сөзжұмбақты шешу үшін жұмбақтардың жауабын тауып, торкөздерді толтырамыз:
а) Қыста ғана болады.
ә) Есіктен кіреді еңкейіп, төрге шығады қампиып.
б) Отқа жанбас, суға батпас. Ұстасаң қолың тоңады.
Күтілетін жауаптар
Мағынаны тану: емле ережесін еске түсіру
«ЙА + Я» ережесі: АЙАЗ — естілуі, АЯЗ — жазылуы.
Жетелеуші сұрақтар
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Жыл мезгілдері нешеуге бөлінеді?
- Қыс айларын атаңдар.
- Үй жануарларының қысқы тіршілігі туралы не білеміз?
- Дала аңдары туралы қандай мәліметтер бар?
- Қыс мезгіліне арналған қандай өлең-жырлар білесіңдер?
- Өлеңде қыс қалай сипатталады? (Түн ұзарып, күн қысқарады.)
1-кезең: тірек сөздермен жұмыс
Тақтаға тірек сөздер жазылады (оқушылар «+ / −» белгілеу арқылы таныс/таныс емес сөздерді ажыратады), кейін тақта жабылып, сөздер дәптерге жатқа жазылады. Дәптерлер алмастырылып тексеріледі, ұяшыққа «+ / −» белгілері қойылады.
Тірек сөздер (14)
2-кезең: жаңа сабақ (мәтінмен жұмыс)
Автор туралы қысқаша мәлімет
- М. Дулатов (1885–1935)
- Торғай облысында дүниеге келген
- Ақын, жазушы, қоғам қайраткері
- Әкесі — Дулат, шешесі — Дәмеш
- Көркемсөз шебері
Оқу әрекеті
- Оқушылар мәтінді тізбектей оқиды.
- Түсінбеген сөздерге сөздік жұмысы жүргізіледі.
- Топтастыру стратегиясы арқылы негізгі ой анықталады.
3-кезең: қарама-қарсы сұрақтар және «миға шабуыл»
Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы мәтін мазмұнын нақтылайды және өз ойларын дәлелдеуге үйренеді. Қажет жерінде «+ / −» белгілеу қолданылып, түсінгені мен күмәнді тұстары айқындалады.
- Әңгімеде қандай мезгіл туралы айтылады?
- Қыстың нешінші жұлдызы туралы айтылады?
- Қар қалай жауған?
- Қыс қандай болды?
- Қыста күн қысқара ма?
- Қыста күн жылына ма?
- Күшті аяз қай мезгілде болады?
- Өзен-көл қата ма?
- Өзен-көлдің үстімен адамдар жүре ме?
- Үскірік борандар қай мезгілде болады?
- Орман ішінде құстар көріне ме?
- Қоян қыста қалай тіршілік етеді?
- Үй жануарлары қыста қалай тіршілік етеді?
- Қыс мезгілі үй жануарларына жайлы ма?
- Қысты күні жылқышыларға қиын ба?
- Жылқышылар неге қыста далада жүреді?
- Жылқышылар неден қорқады?
- Жылқышыларды неге теңейді? («байғұсқа»)
- «Шилі бет» деп кімдерді айтады?
- «Жалтаң аяз» тіркесін қалай түсінеміз?
- Қыс мезгілі сендерге ұнай ма?
- Қыс мезгілі неге көп адамдарға ұнамайды?
- «Қыс» мәтінін сипаттаған автор кім?