Қазақ халқының қонақжайлығы Кірме сөз - ана тілімізге шет тілінен енген сөздер

Қазақ тілі Лексика Қонақжайлық

Тақырып және мақсат

Бұл сабақтың негізгі тақырыбы — кірме сөздер мен көнерген сөздер. Лексикалық өзек — қазақ халқының қонақжайлығы, қонақ күту мәдениеті мен дәстүрлі әдеп-ғұрыптар.

Білімділік

Кірме және көнерген сөздерді қайталау, қазақ халқының қонақжайлығы туралы жүйелі мағлұмат беру.

Дамытушылық

Қонақ күту салты мен әдеп-ғұрыптарды терең меңгерту, сөз саптау мен сөйлем құрастыру дағдыларын жетілдіру, ой еркіндігін қалыптастыру.

Тәрбиелік

Халықтық тәлім-тәрбие беру, ұқыптылық пен сауаттылыққа баулу, дұрыс қарым-қатынас пен мейірімділік құндылықтарын нығайту.

Әдістер, түрі және ресурстар

Оқыту әдіс-тәсілдері

  • Түсіндіру
  • Мәнерлеп оқу
  • Сұрақ-жауап
  • Пікірлесу

Сабақ сипаттамасы

Сабақ түрі
Дәстүрлі сабақ, жаңа білімді қалыптастыру
Сабақ типі
Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс
Орыс тілі, тарих, қазақ әдебиеті, өзін-өзі тану
Оқыту құралдары
Интербелсенді тақта, ноутбуктер, суреттер, бейнежазба, слайдтар

Пайдаланылған әдебиеттер

  • Қ. Ибрагимов, Б. Базарғалиева. Қазақ тілі. Алматы, 2006.
  • Қ. Ибрагимов. Қазақ тілі. Алматы, 2011.
  • Ф. Оразбаев, Т. Аяпова, Ж. Нұрсұлтанқызы. Қазақ тілі (жаттығулар жинағы). Алматы, 2007.

Сабақ құрылымы және уақыт

1) Ұйымдастыру кезеңі
3 мин
2) Өткен тақырыпты қайталау
25 мин
3) Жаңа тақырыпты түсіндіру
40 мин
4) Жаңа сабақты бекіту
10 мин
5) Қорытынды сөз
5 мин
6) Бағаларға түсінік беру
2 мин
7) Үй тапсырмасы
5 мин

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу.
  • Студенттердің қатысуын түгендеу және аудиторияның дайындығын тексеру.

II. Өткен тақырыпты қайталау

Өткен сабақтың тақырыбы MyTest бағдарламасы арқылы ноутбукпен пысықталады.

Тест сұрақтары

  1. 1. Белгілі бір аймақта қолданылатын сөздер қалай аталады?

    a) Көнерген сөз b) Диалект сөз c) Термин сөз d) Кірме сөз e) Кәсіби сөз
  2. 2. Лингвистикалық терминді табыңыз.

    a) Сәуегей b) Жұлдыз жорамал c) Жедел жәрдем d) Медбике e) Фонетика
  3. 3. Терминге тән ең басты белгі қандай?

    a) Көп мағыналы b) Жалпы халыққа түсінікті c) Дара мағыналы d) Белгілі аймақта қолданылады e) Халық арасында жиі қолданылады
  4. 4. Интернационалдық терминді табыңыз.

    a) Грамматика b) Әдебиет c) Сөйлем d) Шығанақ e) Үйкеліс күші
  5. 5. Қайсысы неологизм бола алады?

    a) Гарантия b) Процент c) Фонд d) Несие e) Импорт
  6. 6. Қай қатар неологизмдерге жатады?

    a) Анализ, скидка b) Класс, лампа c) Сәулет, пайыз d) Градус, температура e) Хандық, барымта
  7. 7. Неологизм сөзді көрсетіңіз.

    a) Сайлау b) Революция c) Партия d) Құжат e) Дулыға
  8. 8. «Қияр» сөзінің диалект нұсқасын табыңыз.

    a) Бәдірен b) Рауғаш c) Кәмпит d) Оттық e) Көпшік
  9. 9. Физикалық терминге жататын сөзді табыңыз.

    a) Фонетика b) Дыбыс c) Энергия d) Экология e) Бизнес
  10. 10. «Пенсия» сөзінің қазақша баламасын табыңыз.

    a) Жарнама b) Делдал c) Кешен d) Құжат e) Зейнетақы

Үй тапсырмасы (алдыңғы сабақ)

«Біз қонақ күтеміз» тақырыбына шағын эссе. Студенттер жазып келген жұмыстарын орнынан тұрып, дауыстап оқиды.

Жағдаяттық диалогтар

  • Туған күнде қонақ күту
  • Наурыз мейрамында қонақ күту
  • Күтпеген қонақты күту

III. Жаңа сабақ

Кірме сөздер

Кірме сөздер — ана тілімізге басқа тілдерден енген сөздер. Кірме сөздердің көпшілігінде буын үндестігі толық сақтала бермейді: жуан және жіңішке дауыстылар араласып келуі мүмкін.

Мысалдар

  • Араб тілінен: қалам, ғылым, отан, мұғалім
  • Парсы тілінен: тақта, дос, нан, апта
  • Орыс тілінен: парта, кино, цирк

Кірме сөздер — тілдің сөздік құрамын байытатын маңызды тәсілдердің бірі.

Көнерген сөздер

Көнерген сөздер — қазіргі уақытта қолданыстан шығып қалған немесе мағынасы ескірген сөздер. Олар екі түрге бөлінеді: архаизмдер және историзмдер.

Архаизм

Архаизм — халықтың тұрмыс-тіршілігі мен дүниетанымына байланысты уақыт өте өзгеріп, қазіргі кезде басқа атаумен қолданылатын ұғымның бұрынғы атауы.