Сөйлем ішінен қайталама қос сөздерді табуға, түрлерін ажырата білуге үйрету
БҚО, Тасқала ауданы, Мерей ауылы
Бастауыш сынып мұғалімі: Муканова Салима Ханатовна
Сабақтың тақырыбы
Қайталама қос сөздер
Білімділік
Сөйлем ішінен қайталама қос сөздерді табуға және олардың түрлерін ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық
Ауызша және жазбаша тілін дамыту, логикалық ой-өрісін кеңейту.
Тәрбиелік
Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа және бір-біріне әрдайым көмектесуге дайын болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Жарыс сабақ
Пән аралық байланыс
Әдебиет, дүниетану
Сабақтың әдістері
Топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Көрнекілігі
Интерактивті тақта, қима қағаздар, слайд, ойындар, флипчарт
Күтілетін нәтиже
- Оқушы қайталама қос сөздерді меңгереді.
- Мысал келтіріп, оның жасалу жолын ажырата алады.
- Шығармашылыққа дағдыланады.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу
Қонақ күту — салтымыз,
Оқып-біліп жатырмыз.
Келген қонақ сіздерге,
Сәлем бердік жалпымыз.
ә) Психологиялық дайындық
Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
Мен тілімді
ардақтаймын, сүйемін, биік ұстаймын, құрметтеймін, қастерлеймін.
Балалар, кемеңгер ғұлама ақын-жазушыларымыздың тілі — қазақ тілі. Бәріміз түзу отырып, зейінімізді тақтаға аударайық та, мына мақалды оқиық.
II. Ой қозғау
«Бірлік болмай, тірлік болмас»
Бұл мақалдың мағынасын қалай түсінеміз? (Оқушылар жауап береді.)
Осы ойды басшылыққа ала отырып, тапсырмаларды татуласа, достаса, бірлесе орындап, бір-бірімізге көмектесеміз. Бүгінгі сабағымыз үш топқа бөлініп, жарыс түрінде өтеді.
I топтың ұраны
Қазақ тілін мақтаймыз,
Ереженің барлығын
Есімізге сақтаймыз.
II топтың ұраны
Бұл сайыста болма бос,
Біліміңе білім қос.
III топтың ұраны
Біз ақылды баламыз,
Бар білімді саламыз.
Ереже, жұмбақ, ойынның
Жауабын тез табамыз.
Үш топ бірге:
Тілейміз сәттілік, жеңіп шықсын бірлік!
III. Үй тапсырмасын сұрау
Әр топтың басшысы үстел үстіндегі ақшақар пішінді қима қағазды алып, артында жазылған тапсырманы орындайды:
-
1) Қос сөздің ережесін айтып, мысал келтіру.
-
2) Біріккен сөз дегеніміз не? Мысал келтіру.
-
3) Үйге берілген жаттығуды оқу.
IV. Қызығушылықты ояту
«Ақшақар» ойынын ойнап, сұрақтарға тез жауап берейік:
Қос сөз дегеніміз не?
Қос сөздерге мысал келтір.
Күрделі сөздер дегеніміз не?
Біріккен сөз дегеніміз не?
Баққаным әрі құс, әрі түйе.
Екі сөз бірігіп қалайша сайрайды?
Екі қазанның бірі сатылып кетсе, неше қазан қалады?
Әжем ай сайын маған дәмді біріккен сөз сатып әперіп тұрады. Ол қандай сөз?
Нені қазып қала болған?
V. Мағынаны тану
Қайталама қос сөздер — бір түбірдің екі рет қайталануынан жасалған қос сөздер.
Мысал жолдары
Қора-қора қой жатыр,
Қарын-қарын май жатыр,
Түйе-түйе жүк жатыр,
Ауыл-ауыл ел жатыр.