Өсімдік тектес оюлар Жануарларға байланысты оюлар Аспан әлеміне байланысты оюлар Геометриялық оюлар
Бұл ғылыми жұмысты 4-сынып оқушысы Ящук Анна орындады. Жоба бастауыш сынып оқушыларын өз Отанының тарихын, мәдениетін, соның ішінде ерекше көзге түсетін көне мұрамыз — ұлттық ою-өрнектерді бағалауға бағыттайды.
Зерттеу барысында ою-өрнектердің жасалу тәсілдерін танып-білу, осы өнерді жалғастыра алу, ою-өрнектердің тарихын, қазіргі заманда қолданылуын, ерекшеліктері мен даму бағытын зерделеу, сондай-ақ қоршаған ортаның сұлулығын тануға үйрету мәселелері қарастырылды.
- Орындаған
- 4-сынып оқушысы — Ящук Анна
- Жоба жетекшісі
- Байбатырова Г. М.
- Зерттеу тақырыбы
- «Ою-өрнектің мәні мен мағынасы»
Халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы — ою-өрнек. Өнер — таусылмас азық, жоғалмас байлық.
Мақсаты
- Қазақ ұлттық ою-өрнектері туралы жалпы мағлұмат жинау.
- Қазақ ұлттық ою-өрнегінің тарихын зерттеп білу.
- Қазақ ұлттық ою-өрнектердің мәні мен мағынасын анықтау.
- Қазақ ұлттық ою-өрнектерін ұрпаққа жеткізу.
- Ұлттық ою-өрнек шеберлерімен танысу.
Міндеттері
- Отаныма, өз еліме адал қызмет етуге ұмтылу.
- Болашақта қазақ ұлттық ою-өрнектерін кеңінен таныта білу.
- Балаларға қазақ ұлттық ою-өрнектерінің тәрбиелік мәнін түсіндіру.
Өзектілігі
Актуальдік
Ұлттық ою-өрнектерді қазіргі заман талабына сай қолдану, олардың күннен күнге дамуы, әртүрлі салаларда кеңінен пайдаланылуы және тарихын зерттеу қажеттілігі.
Негізгі ой
Ұлттық ою-өрнектерді зерттеу арқылы халқымыздың мұрасы өшпейтінін, жоғалуға жатпайтынын жас ұрпаққа насихаттау.
Зерттеу әдістері
- Сауалнама жүргізу
- Сұхбат өткізу
- Бақылау жүргізу
- Шеберлермен кездесу
- Энциклопедиялармен жұмыс
Ою-өрнектер туралы
Қазақ ою-өрнегі әлі түбегейлі, жан-жақты толық зерттеліп болған жоқ. Дегенмен, оюлар төмендегі түрлерге бөлінеді:
Өсімдік тектес оюлар
Жапырақ оюы, гүл оюы, мақтагүл оюы, табақ оюы және т.б.
Жануарларға байланысты оюлар
Жануар бейнесі мен қасиетін меңзейтін өрнектер.
Аспан әлеміне байланысты оюлар
Күн, ай, жұлдыз тәрізді нышандарға негізделген өрнектер.
Геометриялық оюлар
Сызық, ромб, өрім секілді геометриялық пішіндерден құралған өрнектер.