Табиғат сөзі кең ұғым
Кіріспе сөз
Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар. «Табиғат» — мағынасы терең, ауқымы кең ұғым. Табиғат — өзіміз тіршілік етіп, өмір сүретін ортамыз. Ерте замандардан-ақ халқымыз табиғаттың кейбір жаратылысын киелі, қасиетті деп танып, оларды өлтіруге, жоюға болмайтынын өсиет еткен. Табиғат пен адамды біртұтас деп қарап, адам табиғаттан қажеттіні алып, қалғанына ешқашан зиян тигізбеуге ұмтылған.
Халық танымындағы табиғатқа құрмет
Халық табиғаттағы қастер тұтқан орындарын «әулие бұлақ», «әулие ағаш» деп атап, оларды көздің қарашығындай қорғаған. Сондай-ақ қарлығаш, аққу, ұлар секілді құстарды жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастауы, игіліктің иесі деп біліп, ұясын бұзуға, балапанын жоюға, өзін өлтіруге мүлде тыйым салған.
Оқушы үні
Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,
Жаным сенен жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған жер! Тамашасың, көркемсің.
Мұғалім сөзі
«Туған жер», «өскен ел» секілді жүрекке жылы ұғымдардың бәрі табиғат деген таңғажайып түсінікпен сабақтас. Қазақстанның табиғаты — көз тартар, аса көркем; бар сұлулықты бойына жинаған өлке.
Табиғат, сенде бәрі ортақ —
Аспаның, күнің, айың да.
Тегінде жаның жомарт-ақ,
Ізгілік жатыр бойыңда.
Табиғат, қызығам сенің суретіңе,
Бас ием сенің құдіретіңе.
Тұрасың күллі әлемге нұр таратып,
Тұтқасы тіршіліктің бетінде.
Су — тіршіліктің өзегі
Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын ең үлкен байлықтың бірі — су. Су — адамзаттың тіршілік көзі. Сусыз жер бетінде өмірді елестету мүмкін емес.
Су — жүрекке жыр, көңілге нұр, сезімге гүл сыйлайтын берекелі құндылық:
Су деген тіршіліктің қаны емес пе?
Су деген табиғаттың жаны емес пе?
Су жоқ жерде өмір жоқ — ол ақиқат,
Күміс су, қара жердің сәні емес пе?
Таза ауа — ең қымбат тыныс
Мұғалім сөзі
Тіршілік атаулының өмірлік өзегі, арманы — таза ауа.
Тіршілікте не ғой дейсің ең қымбат?
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен —
Ауа қымбат, алатын дем қымбат.
Өсімдік — табиғаттың жасыл тынысы
Табиғат — өсімдік әлемі. Өсімдік — жасыл желек, көк майса, құрақ, алуан түсті гүлдер. Ол ашыққанда — қорек, шөлдегенде — сусын, ыстықта — көлеңке сая, суықта — пана, ауырғанда — дәрі. Гүл — табиғаттың көркі, жанды қуантатын нәзік әсемдік.
Өсімдік — таза ауаның кепілі, ел дәулетінің бір тірегі — жасыл желек орман.
4-оқушы — Диас
Аққу — табиғаттың сұлу нышаны
Аққу — табиғатымыздың сәні, тазалық пен адалдықтың белгісі.
Аққулар, аққулар — мойны сүмбе қанат,
Алаңсыз таранады күнге қарап.
Тарақ етіп тұмсығымен тарайды кеп,
Қауырсынын біртін-біртін таратып.
Сұрақ–жауап
Болашақ ұрпақ табиғатты қалай қорғап, сақтап қалады?
- «Бір ағаш кессең, он ағаш ек» қағидасын ұстану.
- «Жасыл ел» бағдарламасына белсенді атсалысу.
Үміт, Айнұр
Табиғат — қуат, шабыт, шипа
Ой-толғау
Табиғат — адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат ұялататын сұлулық пен әсемдік әлем. Ол — әлем денсаулығының сақшысы, жанға дауа шипагер.
5-оқушы — Мейрамбек
(Қойылымда: тірі және өлі табиғат тақырыбында талдау ұсынылады.)
Сұрақ–жауап
Табиғатқа байланысты қандай ырымдар мен тыйым сөздерді білесіңдер?
- Ұяны бұзба.
- Суға түкірме.
- Жас шыбықты кеспе.
- Құмырсқаның илеуін бұзба.
- Аққуды атпа.
Ілияс, Мейіржан
Өлең жолдары
Табиғат тынысы кең, тілі бай,
Ауасының шәрбаты — ай, тұнығы — ай.
Бұлбұл болып сайрап кетсе, ал бірде
Адамдарша сөйлейді екен, күнім-ай!
Табиғат — ана
Табиғат та әке болып еңіреп,
Табиғат та ана болып жылаған.
Айта алмаймын қасиетін толық мен,
Табиғаттан жаратылғам, гүлдегем.
Мұғалім сөзі
Табиғат — әсемдіктің төркіні. Адам баласы бір өзіңе табынып, сенен алып тұрғандай бар тынысын. Кезекті әнге кезек береміз.
Ән: (орындалады)
Сұрақ–жауап
Орман-тоғайды, бақтарды күл-қоқыстан тазартып, өрттен қалай қорғаймыз?
- Орманды қоқыстан тазалау, өрт қауіпсіздігін сақтау.
- Аң мен құсты рұқсатсыз атуға тыйым салу, қамқорлық жасау.
Ұлан, Бекарыс
Табиғатты сүю — білім мен жауапкершілік
Пікір
Табиғат — адам баласын дүниеге әкеліп, бойымызға махаббат пен мейірім ұялатқан аяулы орта.
8-оқушы — Рауан
Табиғат — алтын ұя
Табиғат — тіршілік атаулының алтын ұясы, аялы бесігі, құтты қонысы, өніп-өсетін мекені.
Табиғатты сүйіңдер,
Сүю үшін біліңдер.
Қамқорлық жасау жолында
Жанды салып күйіңдер.
Апаттан оны сақтаңдар,
Ебін тауып баптаңдар.
Мұғалім сөзі
Табиғат, Жер-Ана, Отан, Туған жер, Атамекен — құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық ұялататын мағынасы бай ұғымдар. Табиғат пен Жер-Ананы сүйе білу, оны аялау — әр адамның азаматтық борышы.
Әрекетке шақыру
Табиғатты қорғау үшін бәріміз
Күресейік, бір-бір ағаш егейік.
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз
Таза ауа үшін терімізді төгейік.
Табиғаттың құшағы кең, шуақты,
Көргенім жоқ оған теңдес қуатты.
Күйіп-пісіп табиғат та кейде бір
Адамдарша күңіренетін сияқты.
Мақсат пен ұстаным
2030-дың барысының
Еш нәрседен саспайтын арысымыз.
Өркениетті елімізді гүлдендіреміз —
Алға қойған негізгі парызымыз.
Бәрі хормен
Табиғаттың панасымыз — түйіп айтар сөзіміз.
Табиғаттың панасымыз — біздің мына өзіміз.
Қорытынды
Мұғалім сөзі
Табиғат адам бойына шабыт, көңілге қуат, сезімге сұлулық пен сағыныш ұялатады. Ол — адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын мол тәрбие көзі.
Адам табиғатқа мейіріммен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақталғанда ғана табиғат адамзат үшін мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ұмытпайық.
Түйін сөз
«Таза болса табиғат, аман болар адамзат!» — Ф. Оңғарсынова