Жүсіпбектің торғайына ара түскен кім
Тақырып
«Қамқорлық» — Бердібек Соқпақбаев
Сабақ типі
Жаңа сабақты меңгерту
Әдіс-тәсілдер
Баяндау, Венн диаграммасы, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, талдау.
Құрал-жабдықтар
Интерактивті тақта, оқулық, суреттер.
Сабақтың мақсаттары
Білімдік
Жазушының өмірі туралы білімді еске түсіріп, қосымша мағлұмат беру; мәтіннің негізгі идеясын ашу; оқушының оқу дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық
Ойлау қабілетін, есте сақтауын және топпен жұмыс істеу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік
Ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, табиғатты қорғап аялауға тәрбиелеу.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын дайындау, зейінді сабаққа шоғырландыру.
- Алдыңғы тарауды еске түсіру: «Табиғат — менің өз үйім».
- Табиғаттың түрлері: тірі және өлі табиғат.
- Тірі табиғатқа мысалдар: адам, жануар, өсімдік. Осыған сәйкес сыныпты үш топқа бөлу: «Адамдар», «Жануарлар», «Өсімдіктер».
Психологиялық дайындық
Біз бақытты баламыз,
Ойнап, күліп аламыз.
Жетілсін деп санамыз,
Оқып білім аламыз.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасы: «Көжек» ертегісін мазмұндау, сұрақтарға жауап беру.
- Шаруа көжекке қандай аяушылық білдіретін сөз айтты?
- Көжектің қорқынышты халін сипатта.
- Көжектің шаруаға айтқан соңғы сөзі қандай?
Бекіту
«Туған жер» туралы мақал-мәтелдер айтқызып, қорытындылау.
3) Жаңа сабақ
Сабақты бастамас бұрын интерактивті тақтадан үзінді көрсету: «Менің атым Қожа» фильмі.
Талқылау сұрағы: фильмнің авторы кім?
«Пікірлер ағашы»: Бердібек Соқпақбаев туралы
Негізгі деректер
- 1924 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданында дүниеге келген.
- Балалар жазушысы.
- «Қазақфильм» студиясында жұмыс істеген.
- «Қазақ әдебиеті» газетінде және «Балдырған» журналында қызмет атқарған.
Шығармалары
- «Алыстағы ауылда»
- «Балалық шаққа саяхат»
- «Менің атым Қожа»
- «Өлгендер қайтып келмейді»
Жетелеуші сұрақтар
- Ол кім?
- Қайда туған?
- Қай жылдары өмір сүрген?
- Қандай шығармаларын білесің?
- Қандай қызмет атқарған?
«Жақсыдан үйрен» бөлімін еске түсіру
- Үлкенді сыйлау
- Адал достық
- Әдептілік
- Мақтаншақ болмау
- Қамқорлық және басқа да құндылықтар
Бүгінгі тақырып
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Қамқорлық». Авторы: Бердібек Соқпақбаев. Мақсат — мәтін мазмұнын түсіну, негізгі ойды анықтау және кейіпкерлер әрекетіне баға беру.
Оқулықпен жұмыс
- Мәтінді іштей оқу.
- Сұрақ-жауап арқылы талқылау.
Сұрақтар
- Жантастың іс-әрекетіне баға бер.
- Балапан торғайдың қиын жағдайға ұшырауына не себеп болды?
- Балапан торғайға қамқор болған кейіпкерге мінездеме бер.
Топтық жұмыс (постер қорғау)
1-топ
Торғайдың жанұшырауы
Оқиға желісін қысқаша талдап, себеп-салдарын көрсетіңдер.
2-топ
Жантастың қылығы
Кейіпкер әрекетіне баға беріп, дәлелдер келтіріңдер.
3-топ
Қамқор Қожа
Қожаның адамгершілік қырын ашып, мінездеме жасаңдар.
Талқылау: бүгінгі тақырып бойынша жаңа сабақтың мазмұнын кім мазмұндап береді?
Қорытындылау: Венн диаграммасы
Салыстыру
Ж. Аймауытов және Б. Соқпақбаев шығармаларындағы торғай бейнесін салыстырыңдар.
Сұрақтар
- Ж. Аймауытовтың әңгімесі қалай аталады?
- Б. Соқпақбаевтың әңгімесі қалай аталады?
- Жүсіпбектің торғайы неден қорықты?
- Бердібектің торғайы неден қорықты?
- Жүсіпбектің торғайына ара түскен кім?
- Бердібектің торғайына ара түскен кім?
Бағалау
- Топтық жұмыс нәтижесін бағалау, жетістіктерді атап өту.
- Әр оқушының жұмысына жеке баға қою.
Үй тапсырмасы
1-топ
Құстар туралы мәлімет жинақтау.
2-топ
Қызыл кітапқа енген құстар туралы мәлімет жинақтау.
3-топ
Жыл құстарының бейнесін суреттеп келу.