Армысыздар балалар және қонақтар
Күз мерекесіне арналған әдеби-сазды көрініс
Жазғы шаттықты күндер артта қалып, қоңыр күз де келіп жетті. Бұл мезгілде тек адамдар ғана емес, жан-жануарлар да, табиғаттың өзі де тынымсыз өзгеріске түседі. Бүгінгі әніміз бен биіміз — жомарт күзге арналады.
Ән
«Жомарт күз»
1-бастаушы
Армысыздар, балалар және қонақтар! Міне, көңілді жаз аяқталып, қоңыр күз де келіп жетті.
2-бастаушы
Бұл мезгілде бүкіл адамзат, бүкіл жан-жануар, тіпті табиғаттың өзі де әрекетсіз жатпайды. Бүгінгі әніміз бен биіміз осы жомарт күзге арналады.
Күз ханшайымы
Сәлем, сәлем, балалар!
Сіздер мен туралы әдемі ән айтып жатыр екенсіздер. Күз айын қарсы алуға дайынсыңдар ма?
Күзде күн суытып, жаңбыр жиі жауып, ауа райы құбылады. Бірақ менің адамзатқа берер сыйым өте көп. Ендеше күз мерекесін бірге тойлайық!
Балалардың күз туралы өлеңдері
Табиғаттың бояуы қоюланып, самал жел жапырақты сыбдырлатқан шақта балалар күздің көркін жырмен бейнелейді.
1-бала
Күзде — жауын, бұлт, тұман. Сары жапырақ жауады. Сары құйын ұйытқытып, Сыпырады ауаны.
2-бала
Топталады табанға Судыр-судыр жапырақ. Енді сары бояуға Малынғандай атырап.
3-бала
Қамба толы астыққа — Алғыс саған, алтын күз! Бір уыс дән шаштық та, Қап-қап қауын алдық біз!
4-бала
Жемісі көп — не деген! Жеп тауыса алмайсың. Өрік, шие, балы бар. Қарбыз, қауын көбейді: Жегің келсе — бәрін ал, «Неге аласың?» демейді.
5-бала
Жемісті мол теретін Күз — дос екен бізбенен. Бәрін тауып беретін — Жомарт екен күз деген.
6-бала
Самал қозғап қалғанда Үзіледі сары алма. Шолып едім бақшаны — Қауын біткен сап-сары.
7-бала
Сары жапырақ төгілген Тоғайды да көрдім мен. Енді сары бояумен Күз суретін салам мен.
Жұмбақ сый
Күз ханшайымы
Балалар, сендерге жасырған жұмбақ сыйым бар. Оның шешуін таба аласыңдар ма? Ендеше мұқият тыңдайық.