Ойыншықтар аялдамасы
Білім саласы және мақсат
Бағыты
- Білім саласы:
- Таным
- Бөлім:
- Қарапайым математикалық дағдыларды қалыптастыру
- Тақырып:
- Біреу, көп
Мақсат
- «Біреу» және «көп» ұғымдарымен таныстыру.
- Заттарды саны бойынша салыстыра білуге үйрету.
- Логикалық ойлауын және сұраққа нақты жауап беру дағдыларын дамыту.
- Топқа деген мақтаныш сезімін ояту.
- Достыққа, бірлесіп жұмыс істеуге және ойнауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер мен сөздік
Көрнекіліктер
- Топ ішіндегі ойыншықтар
- Аралардың фото суреттері
- Аюдың бетпердесі
Сөздік жұмысы
Іс-әрекет кезеңдері
1) Себепті-оятушылық кезең
Тәрбиешінің әрекеті
- «Бүгін тобымызда балалар қандай көп. Ең бірінші болып кім келді?» (Айжан)
- «Сол кезде тобымызда бір ғана бала болды. Одан кейін тағы бір бала, сосын тағы бір бала келді.»
- «Қазір бізде қанша бала болды?» (көп)
- «Ал неше тәрбиеші бар?» (біреу)
Балалардың әрекеті
Сұрақтарға жауап береді, «біреу» және «көп» ұғымдарын нақты айтады.
2) Ұйымдастыру-ізденушілік кезең
Паровоз ойыны
«Паровозым, пойызым, қане, кімнің бойы ұзын?» (тәрбиешінікі) Олай болса, мен паровоз боламын, ал сендер — менің вагондарым боласыңдар. Қазір тобымыздың ішінде саяхатқа шығамыз.
Балалар бірінің артына бірі тұрып, «вагон» құрап қозғалады.
«Ойыншықтар» аялдамасы
Сұрақтар:
Бұл аялдамада ойыншықтар қанша? (көп)
Бірінші сөреде неше ойыншық отыр? (біреу)
Екінші сөреде неше доп көріп тұрмыз? (біреу)
Үшінші сөреде қанша машина бар? (көп)
Үлкен машина қанша? (біреу)
Кішкентай машиналар қанша? (көп)
Балалар заттарды санап, «біреу» мен «көп» ұғымдарын қолдана отырып, салыстыру жұмыстарын орындайды. Тәрбиеші жауаптарды нақтылап, мадақтайды: «Бәрекелді! Жарайсыңдар!»
«Қуыршақтар» аялдамасы
Үлкен және кіші қуыршақтар арқылы салыстыру жұмысы жүргізіледі. Осы тәсілді кітаптар, ыдыстар сияқты басқа да «аялдамалармен» жалғастыруға болады.
Сергіту сәті: «Жөндеу жұмысы»
«Барлығымызға орын жетті ме?» (иә)
«Жөндеу жұмысын бастайық:»
- Алақанымызды көп рет соғайық.
- Бір аяқпен бір рет секірейік.
- Отырып-тұрайық көп рет.
- Қолымызды бір рет көтерейік.
Балалар «жөндеу жүргізетін жерге» келіп, орындықтарға отырады да, қимыл-қозғалысты ретімен орындайды.
Қимылды ойын: «Аю мен аралар»
Бір балаға аюдың бетпердесі кигізіліп, «аю» болып таңдалады. Қалған балалардың бәрі «ара» болады.
Аю аралардың балын «ұрламақ» болады, ал аралар аюды қуалайды.
Балалар «біреу» және «көп» ұғымдарын ойын барысында қолданады, ережені сақтай отырып қозғалады және бірлесіп әрекет етеді.
3) Қорытынды-түзетушілік кезең
Тәрбиешінің қорытындысы
«Балалар, сендердің ойындарыңды терезеден аралар көріпті. Сендер өте тамаша ойнағандықтан, олар өз бейнелері бар фото суреттерін терезе алдына қойып кетіпті.»
«Фото суреттер қанша?» (көп)
«Үлкен ана араның суреті нешеу?» (біреу)
«Ара балаларының суреттері қанша?» (көп)
Балалардың қорытындысы
Балалар топ ішіндегі заттарға қарап, «біреу» және «көп» ұғымдарын өздері атап, қорытынды жасайды.
Үміттенетін нәтиже
Білу
Заттардың саны бойынша «біреу» және «көп» болып бөлінетінін біледі.
Болу
«Біреу» және «көп» ұғымдары туралы бастапқы математикалық түсінігі қалыптасады.
Еп
Сұраққа нақты жауап береді, заттарды салыстыру жұмыстарын орындай алады.