Сабақтың нәтижесі
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Өңірі мен мектебі
ШҚО, Күршім ауданы, Теректі ауылы, №1 Теректі орта мектебі
Мұғалім
География пәні мұғалімі: Құмаш Табысбек
Пәні
География
Сыныбы
11 «Б»
Сабақтың тақырыбы
Солтүстік Еуропа елдері
Сілтемелер мен ресурстар
- Күнтізбелік жоспар
- Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқау
- Сыни тұрғыдан ойлау (СТО) әдістемесі
- Слайдтар: №1–10
Сабақтың жалпы мақсаты
Оқушыларға Солтүстік Еуропа елдерінің географиялық орнының ерекшеліктері, халқы, өнеркәсібі және әлемдік экономикадағы орны туралы жүйелі мәлімет беру. Сонымен қатар сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға, өзгені тыңдап, пікір алмасуға үйрету.
Нәтиже 1
Географиялық орнының негізгі ерекшеліктерін біледі.
Нәтиже 2
Халықтың таралу заңдылықтарын түсіндіреді.
Нәтиже 3
Экономиканың басты басымдықтарын анықтайды.
Сабақ барысында оқушы
- топта жұмыс істеуге дағдыланады;
- пікірін білдіріп, түйген ойымен бөліседі;
- Солтүстік Еуропа елдерінің экономикасымен танысып, оны Қазақстан экономикасымен байланыстыра отырып, тиімді тәжірибені өз елімізде қолдану туралы қорытынды жасайды.
Әдіс-тәсілдер және негізгі идея
Қолданылған әдіс-тәсілдер
- Сыни тұрғыдан ойлау
- Диалогтік оқыту
- Оқушы көшбасшылығы
- АКТ құралдары арқылы түсіндіру
- Тапсырманы қорғау
- Бағалау критерийлері бойынша бағалау парағын толтыру
Негізгі идея
Оқушылар Солтүстік Еуропа елдерінің экономикасының жоғары деңгейде дамуына әсер еткен негізгі себептерді анықтауға бағытталған сұрақтарға жауап іздейді. Мұғалім оқушылардың ойларын еркін ортада айтуына жағдай жасап, ұғымдардың мәнін кеңірек ашу арқылы нақты тұжырым жасауына және сыни ойлауына мүмкіндік береді.
Сабақтың көрнекілігі
Проектор, жұмыс дәптері, маркер, түрлі-түсті қағаздар, дидактикалық материалдар, тақырыптық слайдтар.
Сабақтың құрылымы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің іс-әрекеті
- Психологиялық ахуал қалыптастырады.
- Оқушыларды топқа бөліп, «Шаттық шеңберін» ұйымдастырады.
Оқушының іс-әрекеті
Топқа бөлініп, бір-біріне қолдау білдіреді, жағымды көңіл күй қалыптастырады.
Шаттық шеңбері
«Денің сау да күштісің бұл әлемде,
Денің сау да сұлуcың жер бетінде.»
Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақтар
- Еуропа елдері неше бөлікке бөлінеді?
- Еуропада халқы ең көп ел қайсы?
- Мемлекеттік басқару формалары қандай?
- Жер бедері қандай типке жатады?
- Қандай діндер таралған?
Ұйымдастыру
- Материк бөліктеріндегі орналасуына қарай оқушыларды топқа бөледі.
- Сұрақтарға топта ақылдасып жауап беруді ұсынады.
- Слайд материалдары негізінде ойларын дәлелдеуге бағыттайды.
Жаңа тақырыпты ашу: негізгі бағыттар
1) Географиялық орны
Елдердің географиялық орны бойынша топтастыру жасалады.
2) Халықтың таралуы
Қоныстану ерекшеліктері мен таралу заңдылығы сипатталады.
3) Экономикалық жағдай
Экономиканың басты ерекшеліктері мен басым салалар анықталады.
Топтық жұмыс
Әр топ өзіне берілген бағыт бойынша ментальды карта жасап, қорғайды. Талқылау барысында деректер мен қорытындыларды нақты дәлелдермен негіздейді.
Қате тұжырымдарды түзету тапсырмасы
Слайдта берілген тұжырымдардағы қателерді тауып, дұрыс нұсқасын ұсыныңыз.
Тұжырымдар
- Солтүстік Еуропа өнеркәсібінің басты саласы — қара металлургия.
- Солтүстік Еуропа толығымен Скандинавия түбегінде орналасқан.
- Солтүстік Еуропада табиғи өсім артып келеді, себебі экономикасы жақсы дамыған.
- Солтүстік Еуропада теңіз қатынасы қыста толық тоқтайды.
Жұмыс форматы
- Жұппен талқылайды.
- Интерактивті тақтада қате тұсын белгілеп, дұрыс нұсқасын айтады.
- Топ пікірін қысқаша қорғайды.
Салыстыру тапсырмасы: Венн диаграммасы
Мақсат
Солтүстік Еуропа елдерінің ұқсастықтары мен айрықша ерекшеліктерін анықтап, салыстыру арқылы нақты қорытынды жасау.
Орындау
Жұптық және топтық жұмыс арқылы Венн диаграммасын құрады, елдердің табиғи-географиялық және әлеуметтік-экономикалық қырларын ашады.
Бағалау және кері байланыс
Бағалау
Оқушылар бағалау критерийлері бойынша бағалау парағын толтырып, қорытынды бағаны шығарады (өзін-өзі бағалау элементтерімен).
Кері байланыс
«Осы сабақтан нені үйрендім?» тапсырмасы: ойларын жазып, жұппен интерактивті тақтада бөліседі және «Үйрендім» бөліміне тіркейді.
Үй тапсырмасы
Солтүстік Еуропа елдерінің туристік орталықтары және әлемдік экономикадағы орны туралы мәлімет жинап келу.
Тапсырманы күнделікке жазу.