Сөйлемдерді оқып, қаратпа сөздерді тап
Сабақ барысы
Бұл ашық сабақта оқушылар қаратпа сөздің қызметін түсініп, сөйлем ішіндегі орнын ажыратып, тыныс белгілерін дұрыс қолдануға үйренеді. Жұмыс түрлері ойын, тренинг, тест және шығармашылық тапсырмалар арқылы ұйымдастырылады.
Топқа бөлу
Мозайка әдісі арқылы топтастыру.
Ынтымақтастық атмосферасы
Психологиялық тренинг (шеңберге тұру, қол ұстасу).
Шеңбер жасап тұрайық,
Қолымыздан ұстайық.
Сәттілік тілеп бәріміз,
Сабағымызды бастайық.
Өткенді қайталау: мини-тест
Үй тапсырмасын пысықтау үшін қысқа тест өткізіледі.
-
1) «Кім? Не?» сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесі қалай аталады?
- а) бастауыш
- ә) баяндауыш
- б) тұрлаусыз мүшелер
-
2) Тек тұрлаулы мүшелерден ғана тұратын сөйлем қалай аталады?
- а) жайылма сөйлем
- ә) жалаң сөйлем
- б) құрмалас сөйлем
-
3) Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен келсе, арасына қандай тыныс белгісі қойылады?
- а) сызықша
- ә) үтір
- б) нүкте
-
4) Дауыссыз дыбыстар қатарын таңда.
- а) ы, і, ұ, ү
- ә) в, ч, щ, х, һ, б, г, д, ж, з, л, м, н
- б) а, о, ә, е
-
5) Етістіктің сұрақтары:
- а) Не істеді? Не істейді?
- ә) Кім? Не?
- б) Қандай? Қай?
Қызығушылықты ояту: «Күн сәулелері»
Барлығымыз өзімізді күн сәулесі деп елестетеміз. Әр сәулеге бүгінгі сабақта не үйренгің келетінін жазып, тақтаға ілесің.
Жаңа сабақ: қаратпа сөз
Сөйлегенде біреудің назарын өзіне аудару үшін айтылатын сөздер болады. Осындай сөздер қаратпа сөз деп аталады.
Мысал
Дина, кітабыңды берші.
Ереже
Қаратпа сөз — біреудің назарын аудару үшін қолданылатын сөз немесе сөз тіркесі. Ол сөйлемнің басында, ортасында немесе аяғында келе алады.
Сөйлем басында
Балалар, сабақтарыңды оқыңдар.
Сөйлем ортасында
Сабақтарыңды, балалар, оқыңдар.
Сөйлем соңында
Сабақтарыңды оқыңдар, балалар.
Көтеріңкі дауыспен
Жолдастар! Бейбітшілік сақталсын!
Қаратпа сөздің тыныс белгілері
- Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады.
- Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында келсе, екі жағынан үтір қойылады.
- Қаратпа сөз сөйлемнің соңында келсе, оның алдынан үтір қойылады.
- Қаратпа сөз көтеріңкі дауыс ырғағымен айтылса, леп белгісі қойылады.
Жазылым: шығармашылық диктант
Көп нүктенің орнына тиісті қаратпа сөздерді қойып, сөйлемдегі тыныс белгілерін дұрыс белгіле.
Керекті сөздер
- Өмір жасың ұзақ болсын, ...!
- Ой, ..., ...! Ойналық та күлелік.
- ..., бұдан былай мақтанба: әркімнің өз өнері, өз орны бар.
- Рақмет, ...!
Шығармашылық тапсырма: өлеңдегі қаратпа сөз
Өлең жолдарын оқып, қаратпа сөздерді тап. Қаратпа сөздердің тыныс белгілеріне назар аудар.
Қарға, қарға, қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
Кекілік-ау, кекілік,
Кетіп қалма секіріп.
Сауысқан-ау, сауысқан,
Сақтанасың дауыстан.
Тырау, тырау, тырналар,
Тамаша әнін тыңдап ал.
Оқылым: қаратпа сөзді тап
Сөйлемдерді оқып, қаратпа сөздерді белгіле.
- Балам, әрбір жер атауының өзіндік тарихы бар.
- Қалай, балақай, тауға шыққан ұнай ма?
- Біз саған сенім артамыз, Бақыт.
- Тезірек жүрейік, қыздар, апай тосып қалды.
Ойлануға сұрақ
Үлкендерге қандай сөздер айтып, қалай құрмет көрсетеміз?
Автор туралы мәлімет
- Білім беру ұйымы
- Новоукраин негізгі мектебі
- Өңір
- Ақтөбе облысы, Алға ауданы
- Бастауыш сынып мұғалімі
- Ілияс Нұргүл Ұзақбайқызы