Жұмбақтан етістіктерді табу
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Пән
Қазақ тілі
Сынып
4-сынып
Тақырып
Етістік
Сабақ түрі
«Десант» сабақ
Сабақтың мақсаты
- Етістік туралы білімді тиянақтау: ойын және дидактикалық материалдар арқылы еске түсіру, талдау, бекіту.
- Оқушылардың сөздік қорын байыту, тілін және шығармашылығын дамыту, сауатты әрі көркем жазуға дағдыландыру.
- Жаңа технологияларды басшылыққа ала отырып, білімді жүйелеу және нәтижелеу.
- Әдептілікке, мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
- Үш өлшемді саралап оқыту жүйесі
- Блум таксономиясы
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру бөлімі: «Көпір» тапсырмалары (І кезең)
1-тапсырма
Суретке сұрақ қой: бота, қыз, ұстаз.
2-тапсырма
Осы сөздерге қатысты қимылды білдіретін сөздерді тап та, ереже құрастыр.
Мысалдар: биледі, өсті.
Қай сұраққа жауап береді?
Қорытынды ереже
Етістік қимыл-іс әрекетті білдіреді және көбіне «Не істеді?», «Қайтті?» сұрақтарына жауап береді.
Білу тапсырмалары (ІІ кезең)
590-жаттығу
Жұмбақ- Жұмбақты оқып, шешуін тап.
- Жұмбақтан етістіктерді тап.
Жетелеуші сұрақтар
Не үшін пайдаланады?
Қайда салады?
Неден тоқылады?
Кімдер тоқиды?
591-жаттығу
Өлең- Өлеңді оқы.
- Етістікті тауып, олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын сызып көрсет.
Талқылау сұрақтары
Гүл, торғай, ана — бұлар табиғаттың қай түріне жатады?
Тірі табиғат дегеніміз не?
Тірі табиғатқа нелер жатады?
Сергіту сәті
Жануарлардың суреттері көрсетіледі.
Оқушылар жануардың дыбысын салып, осы әрекеттерден етістіктерді табады.
Қолдану тапсырмалары (ІІІ кезең)
І деңгей
І нұсқа
Ішінде етістік бар мақал-мәтел ойлап жаз.
ІІ нұсқа
Ішінде етістік бар ырым-тыйым сөздер ойлап жаз.
Біріктіру тапсырмасы
Сөздердің қарама-қарсы мағынасын тап:
келді — …
ашты — …
үзді — …
отырды — …
Ой дамыту тапсырмалары (ІІ деңгей)
1) Дара етістікті күрделі етістікке айналдыр:
«Жауды» сөзіне дыбыстық талдау жаса.
2) 593-жаттығу: терме диктант.
- Дара етістіктерді теріп жаз.
- Берілген етістіктердің әрқайсысымен бір-бірден сөйлем құрастыр.
Түйсіну тапсырмалары (ІІІ деңгей)
1) Өлең жолдарын құрастырып толықтыр:
……… көңілді
……… өңірді
……… төгілді
……… көрінді
2) Семантикалық карта арқылы қорытынды жаса.
Қорытындылау
Проблемалық сұрақ
Берілген сөздер туралы не айтуға болады?
Оқушылар ауызша мәтін құрастырып, етістіктің қызметін дәлелдейді.
Сабақтың түйіні
Бүгін біз етістік тақырыбын қайталап, білімімізді бекіттік. Тапсырмалар арқылы мақсатқа жетіп, «Жеңіс туына» қол жеткіздік.