Сабақтың тәрбиелік мақсаты
Сабақтың тақырыбы
Оттегінің химиялық қасиеттері
Сабақтың мақсаттары
Білімділік мақсаты
Оттек мысалында химиялық элементтің қасиеттерін оқып-үйрену; оқушылардың білімге құштарлығын арттыру; дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру; материалды ғылыми тұрғыда түсіндіру.
Тәрбиелік мақсаты
Химия пәніне қажетті ұқыптылыққа, төзімділікке, ұйымшылдыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты
Жану процесінің мағынасы мен мәні туралы оқушылардың көзқарасын дамыту; жай заттардың физикалық қасиеттеріне сүйене отырып, оларды жіктеудегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды талдауға бағыттау.
Сабақтың форматы
Сабақтың типі
Аралас сабақ
Сабақтың әдісі
Баяндау, кітаппен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар арқылы модульдік оқыту элементтерін қолдану.
Құрал-жабдықтар мен ресурстар
Сабақтың жабдықтары
- Спиртшам
- Ұстағыш
- Стақан
- Сіріңке
- Зертханалық қасық
- Оттегі толтырылған ыдыс
- Слайд
Реактивтер
- Көміртегі
- Күкірт
- Темір
- Парафин
- Спирт
Техникалық құралдар
- Компьютер
- Графпроектор
- Сызба кестелер
Сабақтың жоспары
1) Психологиялық дайындық
Оқушыларды отырған қатарлары бойынша топтарға бөлу. Бұл — топтық жарыс емес; мақсат — оқушылардың ынтасын және белсенділігін арттыру, ұйымшыл әрі көпшіл болуға тәрбиелеу.
I топ
Білгірлер тобы
II топ
Алғырлар тобы
III топ
Тапқырлар тобы
2) Үй тапсырмасын тексеру
-
1
Деңгейлік тапсырма: білімді қабылдау және тапсырманы орындау.
№1 блок тақтадағы плакат арқылы тексеріледі.
-
2
Деңгейлік тапсырма беру: берілген үлгі бойынша реакция теңдеулерін аяқтау.