Топта күтушімен қалдыру
Пәні
Мектепке дейінгі педагогика
Сабақтың тақырыбы
Еңбек тәрбиесі
Сабақ мақсаттары
-
1
Білім алушылардың мектеп жасына дейінгі балаларға еңбек тәрбиесінің мақсаты, міндеттері және ерекшеліктері туралы білімін тереңдету; дағдыларын кеңейтіп, бекіту; мектеп жасына дейінгі балалардың даму ерекшеліктерін айқындау және мектепке дейінгі кезеңдегі даму мазмұнын ашып меңгерту.
-
2
Қалыптасып келе жатқан тұлғаға шығармашылық тапсырмалар беру арқылы білім алушының ой-өрісін, танымдық қабілеттерін және сөйлеу мәдениетін жетілдіріп, жан-жақты үйлесімді дамуына ықпал ету.
-
3
Ұйымшылдыққа, өзара сыйластыққа, тапқырлыққа, жағымды қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу; ұжым абыройын қорғау құндылықтарын қалыптастыру және алған білімді өмірде тиімді қолдануға бағыттау.
Ұйымдастыру кезеңі
Сабақта талқылауды белсендіру үшін «Фишбоун» әдісі қолданылады: сұрақтар арқылы негізгі ұғымдар нақтыланып, кейін педагогикалық жағдаяттар бойынша қорытынды жасалады.
Талқылауға арналған сұрақтар
-
Ситуация (жағдаят) дегеніміз не?
-
Неміс философы К. Ясперс жағдаяттарды неше түрге жіктеді?
-
«Жағдаят — құндылықтар жиынтығы» деген тұжырымды қандай ғалымдар ұсынған?
-
Баланың әлеуметтік ортадағы даму жағдаяттарын екі бағытта көрсеткен орыс психологы кім?
Педагогикалық ситуациялар
Төмендегі жағдаяттар еңбек тәрбиесін ұйымдастыру, баланың дербестігін қолдау және топтағы қарым-қатынасты тәрбиелік мақсатта реттеу тұрғысынан талдауға арналған.
№1 жағдай • 1-топ
Қанаттың гүлді құлатып алуы
Балабақшаға таңертең келген Қанат терезе алдында тұрған гүлді көтеріп, басқа жерге қоймақшы болады. Бірақ гүлді құлатып алып, сындырып қояды. Ол қобалжып, тәрбиешіге болған жағдайды айтып береді.
Тәрбиеші мұқият тыңдап: «Жақсы, Қанат, сен бүлдіріп алып, бірден айтып бердің. Қазір біз оны екі қызбен бірге ретке келтіреміз» — дейді.
Кейін тәрбиеші басқа балалардың назарын аударып, Қанаттың өз кінәсін мойындағанын атап өтеді.
Талдау сұрақтары
-
Педагогтың тәрбиелік тәсіліне баға беріңіз.
-
Құрбыларының ортасында Қанаттың әрекетін атап өту арқылы тәрбиеші қандай мақсат көздеді?
№2 жағдай • 2-топ
Айгүлдің тек компот ішкісі келуі
Айгүл балабақшаға небәрі екі күн ғана келді. Тамақтануға отырғанда ол тек компот ішетінін айтады. Тәрбиеші келіседі, бірақ қызға өзі алып келген қуыршағын «тамақтандыруды» ұсынады.
Айгүл: «Қуыршағым кеспе ішпейді. Ол да компотты жақсы көреді», — дейді.
Сұрақ
Бұл жағдайда педагог қандай әрекет жасауы керек?
Ұсыныстар
-
Айгүлді мәжбүрлемей, уақытша өз еркіне қалдыру; кешке ата-анасымен сөйлесу.
-
Қызықтыру үшін басқа балалардың тамақтануын үлгі ету.
-
Ауырып қалмау үшін тамақтанудың маңызын түсіндіріп, сенімді түрде көзін жеткізу.
№3 жағдай • 3-топ
Маралдың өз бетімен киінуі
Үш жасар Марал серуенге шығар алдында өзі киіне бастайды. Алайда жейдесі мен колготкиін теріс киіп, дұрыстағанша уақыт жоғалтып, басқа балалардан қалып қояды.
Не істеу керек?
Баланың дербестігін қолдау мен топтың жалпы тәртібін сақтау арасындағы теңгерімді қалай табуға болады?
Ұсыныстар
-
Маралға тез киінуге көмектесу.
-
Өзі киініп болғанша күте тұру.
-
Күтушімен бірге топта қалдыру.
Сіздің ұсынысыңыз: Осы жағдаятқа ең тиімді шешім қандай? Неліктен?
Ақпарат
- Білім беру ұйымы
- Каспий педагогика және салалық технологиялар колледжі
- Оқытушы
- Хайруллаева А. Б.
- Материал
- «Еңбек тәрбиесі» (жүктеу)