Сіздерге берілетін тапсырма

Сабақтың тақырыбы

Дүниетану, 3-сынып: Балықтар. Қосмекенділер мен жорғалаушылар.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақты түсіндіру.

Көрнекіліктер

  • Интербелсенді тақта, слайдтар
  • Бейнефильмдер (жануарлардың сан алуандығы)
  • Үлестірмелі тапсырмалар, қима суреттер
  • Балықтың торсылдағы (көрнекілік ретінде)

Сабақтың әдіс-тәсілдері

Түсіндіру Сұрақ-жауап Салыстыру Зерттеу Баяндау Үштілділік Шығармашылық Сәйкестендіру Семантикалық карта

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

  • Балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылар туралы жалпы түсінік қалыптастыру.
  • Тіршілік ету ортасы туралы мәлімет беру.
  • Жануарлардың атауларын ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық

  • Топтық жұмыспен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
  • Салыстыру және талдау біліктерін жетілдіру.

Тәрбиелік

  • Жануарларға қамқорлық жасауға және қорғауға тәрбиелеу.
  • Ұйымшылдыққа, өзара сыйластыққа баулу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру: психологиялық көңіл күй

Мұғалім мен оқушы арасындағы жағымды байланыс орнату үшін шапалақ арқылы сергіту жүргізіледі: мұғалім қанша рет шапалақ соқса, оқушылар да сонша рет қайталайды. Бұл сыныптың бірлескен әрекетке дайын екенін көрсетеді.

II. Топқа бөлу

Оқушыларға қима қағаздар беріледі. Қималарды құрастыру арқылы топ атаулары анықталады:

1-топ

Балықтар

2-топ

Қосмекенділер

3-топ

Жорғалаушылар

III. Өткен сабақты пысықтау («Менен сұрақ — сізден жауап»)

  1. Жануарлар қандай топтарға бөлінеді?
  2. Қандай жәндіктерді білесіңдер?

IV. «Ойлан, тап» (үштілділік)

Жұмбақтың шешуін тауып, атауын үш тілде айту.

1) Гүлге ұшып қонады, гүл бақшам гүлге толады.

Жауабы: Көбелек — бабочка — butterfly

2) Екі басы жұдырықтай, ортасы қылдырықтай.

Жауабы: Құмырсқа — муравей — ant

V. Жаңа сабақ: ой қозғау

«Балықтар. Қосмекенділер мен жорғалаушылар» тақырыбы бойынша бейнефильм көрсетіледі. Көрген материал негізінде талқылау жүргізіледі:

  • Бейнефильмнен не байқадыңдар?
  • Қозғалысы мен қимыл-әрекеттері қандай?
  • Тіршілік ортасы мен дене пішініне назар аударыңдар.
  • Балықтар қалай қозғалады?

Назар

Сабақ барысында бұл бақылаулар қажет болады, сондықтан мұқият қарап, негізгі белгілерді есте сақтаңдар.

VI. Топпен жұмыс: «Зерттеу орталығы»

Әр топқа тапсырмалар беріледі:

1-тапсырма

Жануарлардың тіршілік ету ортасы туралы не айтуға болады?

2-тапсырма

Олар қалай қозғалады?

VII. «Түсіну орталығы»: оқулықпен жұмыс

Оқушылардың жауаптары тыңдалып, мұғалім қосымша түсініктеме береді. Жұмыс түрлері:

  1. Балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылар туралы кеңірек мәлімет беру.
  2. Тізбектей оқу (парақшамен жұмыс).
  3. Сөздік жұмыс.

Амфибия

Қосмекенділердің екінші атауы.

Рептилия

Жорғалаушылардың екінші атауы.

Панцирь

Тасбақаның арқасындағы қатты, сүйекті сауыт.

VIII. «Жазушылар орталығы»: топтық шығармашылық жұмыс

Әр топқа «газет» (постер) дайындау тапсырмасы беріледі. Мақсаты — бүгінгі көрген-білгенді жинақтап, «Табиғат айнасы» атты шығармашылық жұмысты топ болып әзірлеу.

Бағалау өлшемдері

  • Әдемілігі мен безендірілуі
  • Ақпараттың мазмұндылығы
  • Тақырыпқа сәйкестігі

IX. «Кім жылдам?» (жеке жұмыс)

1) Семантикалық карта

Берілген жануар атауларын тиісті топқа жіктеңдер.

Балықтар

жылан құрбақа кесіртке сазан көлбақа бекіре көксерке қолтырауын

Қосмекенділер

жылан құрбақа кесіртке сазан көлбақа бекіре көксерке қолтырауын

Ескерту: Оқушы жауапты кесте/белгілеу арқылы толтырады.

2) Сәйкестендіру

Топтар

  • Балықтар
  • Қосмекенділер
  • Жорғалаушылар

Сипаттамалар

  • Бауырымен жорғалайды
  • Суда жүзеді
  • Суда да, құрлықта да тіршілік етеді
  • Торсылдағы болады

3) Суретпен жұмыс

Суретке қарап, жануарлардың дене мүшелерінің атауларын жазыңдар.

X. Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы оқушылар сергітіледі.

XI. «Сұрақтар жаңбыры»: рөлдік ойын

Әр топ өз атауына сай кейіпке еніп, қарсы топқа сұрақ қояды және дәлелді жауап беруге тырысады.

1) Қосмекенділер → Жорғалаушыларға сұрақ

Сұрақ: Біздің артқы аяқтарымыз алдыңғы аяқтарымызға қарағанда неге ұзын?

Жауап: Себебі артқы аяқтары жақсы дамыған; сол аяқтар арқылы тез секіріп қозғалады.

2) Жорғалаушылар → Балықтарға сұрақ

Сұрақ: Біздің тіршілік ортамыз қандай?

Жауап: Кейбір түрлері суда да, құрлықта да, ағашта да, топырақ астында да тіршілік ете алады.

3) Балықтар → Бақаларға сұрақ

Сұрақ: Торсылдақ мүшесінің қызметі қандай?

Жауап: Ол су қабаттарында қозғалып, тереңге түсуге және қалқып тұруға көмектеседі.

XII. Бағалау

Оқушылардың топтық және жеке жұмыстардағы белсенділігі, жауаптарының дәлдігі, шығармашылық тапсырмаларды орындауы бойынша бағаланады.

XIII. Үй тапсырмасы

Қосымша дереккөздерді пайдаланып, төмендегі тақырыптар бойынша мәлімет іздеу:

  • Ең улы бақа
  • Ең улы жылан
  • Ең үлкен жылан

Автор туралы

Атырау облысы, Махамбет ауданы, Қ. Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі — Бляшева Жаннат Қажиахметқызы.