Сөз таптары бойынша бастауыш сыныптарда меңгерген білімдеріне сүйене отырып, зат есім туралы түсініктерін дамыту

Қазақ тілі • 6-сынып

Сабақтың тақырыбы: Зат есім

Бұл сабақта сөз таптарының ішіндегі зат есім туралы білім тереңдетіліп, оның жалпы есім және жалқы есім түрлері жүйелі түрде қарастырылады.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға сөз таптары туралы білімін кеңейте отырып, зат есімнің ерекшеліктерін, соның ішінде жалпы есім мен жалқы есім түрлерін тереңірек меңгерту.

Дамытушылық

Бастауыш сыныпта меңгерген білімге сүйене отырып, зат есім туралы түсінікті дамыту; сауатты жазу мен мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру; оқушылардың белсенді ойлау әрекетін жандандыру.

Тәрбиелік

Қазақ тілінің морфологиялық заңдылықтарын түсіндіру арқылы тілдік-эстетикалық сезімді тәрбиелеу, адамгершілік қасиеттерін дамыту.

Күтілетін нәтиже

  • Оқушылар зат есімнің грамматикалық категорияларын толық меңгереді.
  • Сөйлемнен зат есімді сұрақ қою арқылы жылдам әрі дәл таба алады.

Сабақ сипаттамасы

Сабақтың түрі
Жаңа білімді меңгерту сабағы
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, ізденіс, сұрақ-жауап, талдау
Көрнекіліктер
Слайдтар, сызба-нұсқа, тақырыпқа арналған кесте-плакат, тақта, бор, оқулық.

Сабақтың өту барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу.
  • Оқу құралдарын тексеру.
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Бейнематериал арқылы тексеру.

III. Жаңа сабақ

Сөзжұмбақ арқылы тақырыпты ашу және зат есім туралы бастапқы түсінікті белсендіру.

Автор туралы мәлімет

Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Солтанова Анар Амирғалиқызы.

Толық нұсқасын жүктеу.