Алманың түсі қызыл

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға әріп пен дыбыс туралы түсінік беру, «А» әрпін таныту және «А» дыбысының сөздегі орнын ажырата білуге үйрету. Баспа және жазба түрлерін дұрыс жазу дағдыларын қалыптастыру.

Білімділік

  • «А» әрпін таныту.
  • «А» дыбысының сөздегі орнын анықтау.
  • Баспа және жазба түрлерін жазуға үйрету.

Дамытушылық

  • Сөздік қорды молайту.
  • Сөйлем құрастыру және байланыстырып сөйлеу.
  • Ойлау мен есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік

  • Алманың пайдасы туралы түсінік беру.
  • Денсаулықты сақтауға, аурудың алдын алуға кеңес беру.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, сыныптың зейінін сабаққа аудару.

II. Психологиялық дайындық

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.

III. Өткенді қайталау

Сұрақ-жауап

  1. Біздің Отанымыз қай ел?
  2. Президентіміз кім? Ол кісі бізге не деді?
  3. Рәміздерге нелер жатады?
  4. Қай тілде сөйлейміз?
  5. Бір жылда неше мезгіл бар? Қазір жылдың қай мезгілі?

Күз туралы өлең

Қыркүйек келіп, күз келіп,
Мектепке бет түзедік.
Оқуды да бастадық,
Рахмет саған, алтын күз!

Табиғаттағы өзгерістер

Күз мезгілінде жеміс-жидек пен көкөністер піседі. Жемістерден тосап, шырын, компот сияқты тағамдар жасалады, ал көкөністерден түрлі ас әзірленеді.

Ойын: «Өз ыдысын тап»

Жемістерді банкiге, көкөністерді кастрөлге салу арқылы топтастыру.

Бағдаршам

Бағдаршамның үш көзі бар: қызыл, сары, жасыл. Қызыл жанса — тоқтаймыз, сары — ескерту, жасыл — жүреміз.

Үш түсті түрі бар,
Жөн сілтер тілі бар.
Бағдаршам дегеннің,
Сырын жақсы біліп ал.
Қызыл көз жанарда —
Тоқтай қал әманда.
Сары түс — ескерту,
Дайын бол табанда.

Ойын: «Бағдаршам»

  • Қызыл түс — орындарынан тұрады.
  • Сары түс — оң аяқты көтереді.
  • Жасыл түс — аяқтарын тап-тap басады.

Ойын: «Не артық?»

Көліктің түрлерін атау және бұрын көлік болмаған кезде қандай құрал пайдаланылғанын талқылау.

Сөздерді буынға бөлу: ма-ши-на, ұ-шақ, тік-ұ-шақ, трол-лей-бус.

Осы сөздермен сөйлем құрату.

Тілдік бірліктерді еске түсіру

Сөйлем неден құралады? — Сөздерден.

Сөз неден құралады? — Буыннан, дыбыстан.

Дыбыстың түрлері қандай? — Дауысты және дауыссыз.

Дыбысты не істейміз? — Естиміз, айтамыз.

Ойын: «Ажырат»

Жабайы және үй жануарларын екі топқа бөліп ажырату (мүсіндер арқылы).

Сәйкестендіру тапсырмалары

  • Өз төлін тап.
  • Ұйқасын тап.

Ұйқасын тап

1) Өзіңше ноян — қорқақ кім? (қоян)

2) Алмастан тыным — шабады (құлын)

3) Жағасында бұлақ — жайылып жүр (лақ)

4) Айбар шегер алыстан — аң патшасы (арыстан)

IV. Қызығушылықты ояту

Суретпен жұмыс: сөздердің қай дыбыстан басталатынын анықтау. Көпшілік сөздер «А» дыбысынан басталатыны айқындалады. Осыған сүйене отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбы жарияланады: «А» дыбысы мен әрпі.

V. Мағынаны тану

«А» дыбысының ерекшелігі

А-а-а — дауысты дыбыс. Ол созылып, кідіріссіз, ашық айтылады. Сондықтан «А» — дауысты дыбыс.

Дыбыс және әріп

Дыбысты естиміз және айтамыз, ал дыбыстың жазудағы таңбасы — әріп. «А» әрпінің баспа және жазба түрлері болады.

  • Баспа түрі — кітаптан, газеттен оқып танимыз.
  • Жазба түрі — дәптерге жазылады.

Бас және кіші әріп

  • Бас әріп — сөйлемнің басында, адам аттарында, жер-су атауларында жазылады.
  • Кіші әріп — сөздің ортасында және соңында жазылады.

Жазу үлгісі

Жазба түрі: A a
Әріп элементтерін дұрыс қосып жазуға жаттықтыру (сызықтардың бағыты мен иілімін сақтау).

Ескерту: «А» — дауысты дыбыс болғандықтан, дыбыстар үйінде қызыл түспен белгіленеді.

Оқулықпен жұмыс: «Алма»

Сұрақ: Бала не істеп жатыр? «А» дыбысынан басталатын ат қояйық.

Айбек алма жинады.

Мынау — алма ағашы. Сөйлем құрайық:

  • Алма ағашында алмалар көп.
  • Алманың түсі қызыл.
  • Алманың дәмі тәтті.

«Алма» сөзін буынға бөлу: ал-ма (2 буын). Дауысты дыбыстар саны: 2.

Суретпен жұмыс: «А» дыбысының орны

Алмұрт — 2 буын,
«а» дыбысы сөздің басында.

Апельсин — 3 буын,
«а» дыбысы сөздің басында.

Анар — 2 буын,
«а» дыбысы сөздің басында.

Жемістердің пайдасы

Жемістер адам ағзасына өте пайдалы, себебі олардың құрамында дәрумендер (витаминдер) болады.

Алма — В дәрумені

Апельсин — С дәрумені

Алмұрт — В дәрумені

Сергіту сәті

«Қара жорға» би қимылдары арқылы сергіту жаттығуын орындау.

Дәптермен жұмыс

Ауада «А» әрпін жазып көру, кейін дәптерге жазу: A a.

Ойындар

«Орамал тастамақ»

«А» дыбысынан басталатын сөздерді кезекпен айту.

«Жұбын тап»

Сөздерді мағынасына немесе дыбыстық ұқсастығына қарай жұптау тапсырмасы.

VI. Ой толғаныс

Бүгін қандай дыбыспен, әріппен таныстық? — «А» дыбысымен, «А» әрпімен.

«А» дыбысы қандай дыбыс? — Дауысты дыбыс.

Дыбысты не істейміз? — Естиміз, айтамыз.

Әріпті не істейміз? — Оқимыз, жазамыз.

VII. Бағалау

Оқушыларды мадақтау, нәтижесіне қарай бағалау. Кері байланыс ретінде оқушыларға алмұрт тарату.

VIII. Үй тапсырмасы

«А» дыбысы мен әрпін қайталау: дыбысты ажырату, сөздің басында/ортасында/соңында келуін анықтау және «A a» әрпін жазу жаттығуын орындау.