Етістіктің сұрағын жаз
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Пән / Сынып
Қазақ тілі, 3-сынып
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбы
Етістік
Етістікті сұрақ арқылы тану және сөйлемде қолдану.
Қолданылатын ресурстар
- Суреттер топтамасы, сөздер тобы
- Кестелер, сызбалар, семантикалық карта
- Интерактивті тақта, слайдтар
Сабақтың мақсаттары
-
Білімділік
Етістік туралы бұрынғы білімді еске түсіру; етістікке сұрақ қоя білу; сөйлемнен етістікті табу; етістік қатыстырылып сөйлем құрау; етістіктің сөздермен байланысын сызба арқылы көрсету.
-
Дамытушылық
Ойлау қабілеті мен шығармашылықты дамыту, тапқырлыққа баулу.
-
Тәрбиелік
Ұқыптылыққа, көркем жазуға тәрбиелеу; татулық пен бірлікке үндей түсу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері
Бұл сабақта оқушылар етістіктің мәнін практикалық тапсырмалар арқылы бекітіп, сұрақ қоя отырып тануға, сөйлемде дұрыс қолдануға және сөздердің байланысын көрсетуге жаттығады.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
Сыныпты топқа бөлу және сабаққа назар аударту. Оқушыларды белсенді әрекетке бағыттайтын қысқа сұрақтар арқылы көңіл күйді қалыптастыру.
II. Өткен сабақты пысықтау
«Шыбықтар отырғызу» ойыны арқылы тәуелдік жалғауын қайталау.
- 1 Тәуелдік жалғауы туралы не білесің?
- 2 көз сөзін жекеше түрде тәуелде.
- 3 сабын сөзін көпше түрде тәуелде.
- 4 Мына сөздердің қай жақта қалай тәуелденіп тұрғанын түсіндір: өзені, табиғатым, кілттерің, анамыз.
Неше «шыбық» отырғыздық? (4)
Төрт санына байланысты нақыл сөздер
- Төртеу түгел болса, төбедегі келер.
- Төрт құбылам түгел болсын.
Күнделікті тапсырманы толық орындап, жүйелі меңгерсек, білім жолындағы «төрт құбыламыз» да түгел болады.
III. Жаңа сабаққа кіріспе
Жыл мезгілі туралы сұрақтар
- Қазір қай мезгіл?
- Көктем неше айдан тұрады?
- Көктем айларын ата.
Топқа бөлу
Оқушылар көктем айларының атауларын иеленіп, үш топқа бөлінеді:
- 1-топ: Наурыз
- 2-топ: Сәуір
- 3-топ: Мамыр
Ребус арқылы тақырып ашу
Сөздер: етік, тіс, үтік.
- 1-сөзден соңғы әріпті алып таста.
- 2-сөзден алдыңғы екі әріпті алып таста.
- 3-сөзден бірінші әріпті алып таста.
Шыққан сөз — бүгінгі сабақтың тақырыбы: Етістік.
IV. Тақырыпты бекіту: ойын және жаттығулар
Ойын: «Көктем гүлін тереміз»
1-топ
Етістік дегеніміз не?
2-топ
Етістіктің сұрақтарын ата.
3-топ
Етістікке мысал сөздер ойла.
1-жаттығу: суреттер бойынша әңгіме
Суреттер топтамасы арқылы «Тірі табиғат бұрышы» тақырыбында әңгіме құрастыру.
1-топ
Әңгіме құрастыр.
2-топ
Әңгімеге ат қой.
3-топ
Етістіктерді тап, сұрақ қой.
2-жаттығу: жұмбақ және танымдық тапсырма
1-топ
Жұмбақты оқып, шешуін тап.
2-топ
Етістіктерді теріп, тақтаға жаз.
3-топ
Аққу туралы нақыл сөздер тауып айт.
Аққу — киелі құс. Аққуды атуға да, досты сатуға да болмайды.
3-жаттығу: өз бетіндік жұмыс
Сөздерді сипатына қарай екі топқа бөліп жаз.
Сөздер: ата, ойнады, іні, балық, жинады, қуды, түйе, жарысты, шортан, айтты
4-жаттығу: шығармашылық жұмыс
Берілген етістіктерді қолданып сөйлем құрау, жазу және сұрақ қою арқылы талдау.
Етістіктер: қонды, ұшты, жауды, секірді, тасыды
1-топ
Осы сөздермен сөйлем құрап айт.
2-топ
Сөйлемдерді кезектесіп тақтаға жаз.
3-топ
Етістікке сұрақ қойып, астын сыз.
5-жаттығу: сәйкестендіру тесті (төрт түлік)
Тиісті сөздерді сәйкестендіріп, төрт түлік туралы білімді толықтыру.
Сәйкестендіру
Бие
Сиыр
Қой
Ешкі
Түйе
құлындайды
бұзаулайды
қоздайды
лақтайды
боталайды
Топтық тапсырмалар
- 1-топ: сәйкестендір, төрт түліктің атасын ата.
- 2-топ: сәйкестендіріп тақтаға жаз, төрт түліктің пайдасын айтып бер.
- 3-топ: сөздердің байланысын сызбамен көрсет, малды қалай шақыратынын айтып бер.
6-жаттығу: жануарлар дыбысы (сөздік жұмыс)
Мал атауларын олардың дыбыстауына қарай сәйкестендір.
Жануарлар
Дыбыстауы (етістіктер)
мөңірейді
мияулайды
үреді
қыт-қыттайды
кісінейді
бақырады
маңырайды
боздайды
ақырады
қорсылдайды
V. Ой қозғау
Тақырып: «Егер мен сиқыршы болсам, не істер едім?»
- Егер мен сиқыршы болсам, ну орман әзір етер едім.
- Егер мен сиқыршы болсам, кең жайлау орнатар едім.
- Егер мен сиқыршы болсам, төрт түлік мал өсірер едім.
VI. Топтық сайыс: «Өз атыңды қорғап шық!»
Әр топ өз айының ерекшелігін 5 сөйлеммен дәлелдеп айтады.
1-топ — Наурыз
- Қар ериді.
- Күн жылынады.
- Аналарды құттықтаймыз.
- Наурызды тойлаймыз.
- Наурыз көже пісіріледі.
2-топ — Сәуір
- Жер жыртылады.
- Егін егіледі.
- Құстар келеді.
- Ұя жасалады.
- Мал төлдейді.
3-топ — Мамыр
- 1 мамыр мерекеленеді.
- Жеңіс күні тойланады.
- Ардагерлерді құттықтаймыз.
- Су тасиды.
- Жаңбыр жауады.
VII. Топтастыру
Үш топқа берілген сөздердің ішінен ортақ етістікті табу тапсырмасы орындалады.
| 1-топ | 2-топ | 3-топ |
|---|---|---|
| күн | ою | киім |
| есік | мұз | іс |
| құшақ | терезе | бәйге |
VIII. Қорытындылау: терме диктант
Оқушылар үш бағыт бойынша білімін жинақтайды: етістікті тану, етістіктің сұрақтарын ажырату, етістігі бар сөйлем құрастыру.
1-топ
Етістікті теріп жаз
ала, су, қалады, тас, бөлді, алтыншы, жалғанды
2-топ
Етістіктің сұрақтарын жаз
қанша? не? қандай? не істеді? қай? не қылды? кім? қайтті?
3-топ
Етістігі бар сөйлемді жаз
- Қызыл доп.
- Сурет салынды.
- Жанар биледі.
- Жүлде берілді.
IX. Бағалау және үй тапсырмасы
Бағалау
Топтық жұмыс, жауап беру белсенділігі және жазба жұмыстардың орындалуына қарай бағаланады.
Үй тапсырмасы
Етістікке қатысты тапсырмалар беру (мұғалім оқу бағдарламасына сай нақтылап ұсынады).