Жазықтардың өзгеруі

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырып

Жазықтар. Жазықтардың пайда болуы және өзгеруі

Өтетін орны

Мультимедиа кабинеті

Сабақтың типі

Жаңа білімді игеру

Сабақтың түрі

Дәстүрлі сабақ

Әдістер

  • Сұрақ-жауап
  • Баяндау
  • Өзіндік жұмыс
  • Тірек сызбаларды пайдалану

Пәнаралық байланыс

Биология, тарих, химия

Көрнекіліктер

  • Слайдтар
  • Электронды оқулық
  • Дүние жүзінің физикалық картасы
  • «География және табиғат» журналы
  • Атлас

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Жазықтар, олардың түрлері және пайда болу жолдары туралы түсінік қалыптастыру.

Тәрбиелік

Отанға сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімді дамыту, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Дамытушылық

Ақпараттық технологиялармен жұмыс дағдыларын жетілдіру, жер бедері туралы ой-өрісті кеңейту.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  • Жұмыс орындарының оқу құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін қадағалау.
  • Оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Тақырып: § 22. Таулардың пайда болуы. Қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы таулар. Таулардың өзгеруі

Географиялық диктант (өзін-өзі тексеру)

  1. Таулардың көпшілігі (қатпарлардан) тұрады.
  2. Қатпарлы тауларға (Альпі, Кавказ, Кордильер) таулары жатады.
  3. Тау жыныстарының қатпарлануға ұшыраған қабаттары (үлкен қысымның) әсерінен алғашқы иілгіштік қасиетін жоғалтады.
  4. Тау жыныстарының көтерілген жерлері (жоталарға), ал опырықтар (тауаралық ірі ойыстарға) сәйкес келеді.
  5. Тау жыныстары қабаттарының қатпарланудан кейін жарықтарды бойлап жоғары-төмен ығысуынан (қатпарлы-жақпарлы) таулар пайда болады.
  6. Алтай мен Тянь-Шань таулары (қатпарлы-жақпарлы) тауларға жатады.
  7. Жанартаулардың атқылауынан пайда болған Еуразиядағы тау: (Ключевская шоқысы).
  8. Уақыт өткен сайын тау шыңдары мүжіліп, аласарып, аласа төбелерге айналады. Мұндай тауларды (ескі) таулар деп атайды.
  9. Сыртқы күштердің әсерінен тау жыныстарының өзгеруін (үгілу) деп атайды.
  10. Ауа температурасының өзгеруіне байланысты жүретін үгілуді (физикалық үгілу) деп атайды.
  11. Су мен ауаның тау жыныстарымен әрекеттесуінің арқасында жүретін үгілу (химиялық) үгілу деп аталады.
  12. Әртүрлі ағзалардың қатысуымен өтетін үгілу (органикалық) үгілу деп аталады.
  13. Дүниежүзіндегі ең биік тау: (Гималай).
  14. Жер шарындағы ең биік нүкте: (Джомолунгма).
  15. Қазақстандағы ең биік нүкте: (Хан-Тәңірі).

Интерактивті тақтада жауаптар көрсетіледі. Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын тексеріп, дұрыс жауаптар санына қарай бағаланады.

III. Жаңа сабақ

Кіріспе сұрақтар

  1. Таулар физикалық картада қандай түспен боялады?
  2. Жазықтар физикалық картада қандай түспен боялады?

Атласпен жұмыс

Дүниежүзінің физикалық картасынан ірі жазықтарды табыңдар.

Анықтама

Жер бетінің аз тілімденген, тегіс немесе белесті болып келген кең алқабын жазық деп атайды.

Жазықтардың шаруашылыққа маңызы

  • Жазықтар адамның шаруашылық әрекетіне қолайлы.
  • Елді мекендердің көбі жазықтарда орналасады.
  • Тегіс жерлер егін егуге ыңғайлы.
  • Тас жолдар мен темір жолдарды салуға, өнеркәсіп нысандарын орналастыруға қолайлы.

Электронды оқулықпен жұмыс

«Жазықтар. Жазықтардың пайда болуы және өзгеруі» тақырыбы бойынша дыбысты мәтінді тыңдау.

Назар аударатын ұғым

Жазықтардың биіктік айырмашылықтары (слайдтағы сызба арқылы).

Жазықтардың пайда болуы

Бұрын теңіз түбі болып, кейін жер қыртысының көтерілуі нәтижесінде пайда болған жазықтарды алғашқы жазықтар деп атайды. Мұндай жазыққа Каспий маңы ойпаты жатады.

Жер шарында өзендердің тасқын сулары мен шөгінділерінен пайда болған жазықтар да бар. Оларға Ұлы Қытай жазығы, Ла-Плата, Месопотамия ойпаты жатады.

Оқулықпен жұмыс

43-сурет: «Жазықтардың пайда болуы».

Жазықтардың өзгеруі

Жазықтар сыртқы күштердің әсерінен әртүрлі өзгерістерге ұшырайды. Көктемде еріген қар суы мен нөсер жаңбырдан пайда болатын беткі ағыстар жазықтарды қатты тілімдейді.

Уақытша ағыстардың әрекеті нәтижесінде жыралар мен сайлар түзіледі. Жыра көбіне өсімдік жамылғысы сирек немесе жалаңаш беткейлерді судың шаюынан пайда болады. Сай — жыра сияқты ұзынша ойыс.

Шағыл

Құм төбелердің төменгі екі жақ шеті ық жаққа созылып, айшық тәрізді пішінге ие болады. Мұндай құм төбелер шағыл деп аталады.

Қозғалысы

Үлкен шағылдар жылына 1 м-ден 20 м-ге дейін сырғып, орын ауыстырады.

Барқан

Құмды шөлдерде желдің әрекетінен үйілген, шағылға ұқсас құм төбелер барқан деп аталады.

Слайдтан барқанның суреті көрсетіледі.

IV. Сабақты бекіту

Электронды оқулық арқылы жазықтардың түрлерін қайталау.

Интерактивті тапсырмаларды орындау.

Тест жұмысы: 10 сұрақ.

Оқушылар орындаған жұмыстарына қарай бағаланады.

V. Үйге тапсырма

Оқу: § 22. Жазықтар. Жазықтардың пайда болуы және өзгеруі

Жеке тапсырма

Өздерің тұратын елді мекеннің жер бедеріне сипаттама беріңдер:

  1. Жазықтар жер бедері мен биіктігіне қарай қандай түрге жатады?
  2. Шаруашылықта қандай мақсаттарда пайдаланылады?

Кескін картамен жұмыс: дүниежүзіндегі ірі жазықтарды картаға түсіріп келу.