Формулалар ауылы ойыны

Сабақ тақырыбы

Қышқылдардың жіктелуі, алынуы және олардың қасиеттері.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Оқушыларға қышқылдардың құрамын, физикалық және химиялық қасиеттерін меңгерту.
  • Оксидтердің жіктелуін өз бетінше игеруге дағдыландыру.

Дамытушылық

  • Ой-өрісті кеңейту, қышқылдардың адам өмірімен байланысы туралы түсінікті тереңдету.
  • Химия пәніне қызығушылықты, химиялық тілді және біліктілікті дамыту.
  • Шығармашылық қабілетті арттыру.

Тәрбиелік

  • Топтық жұмыс арқылы ұйымшылдыққа баулу.
  • Сыйластық пен құрмет мәдениетін қалыптастыру.
  • Пікірталас жасауға және шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сабақ форматы және ресурстар

Сабақтың өтілу әдісі

  • СТО (сыни тұрғыдан ойлау).
  • Ойын элементтері: «Заттар мемлекеті», «Сынау зынданы», «Формулалар ауылы».

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Негізгі дереккөздер

  • Интербелсенді тақта және слайдтар.
  • «Химия әлеміне саяхат» материалдары.
  • Суреттер, плакаттар, маркерлер, стикерлер.

Оқыту нәтижелері

  • Қышқылдардың химиялық формулаларын біледі.
  • Қышқылдардың жіктелуін сенімді түрде ажырата алады.
  • Қышқылдардың физикалық және химиялық қасиеттерін сипаттай алады.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Уақыты: 2 минут
  • Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
  • Оқу құралдарын дайындау және зейінді сабаққа аударту.
  • Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
  • Топқа бөлу: «Оксидтер», «Негіздер», «Қышқылдар».

II. Өткенді қайталау (еске түсіру)

Уақыты: 8 минут
  • Үй тапсырмасын тексеру.
  • «Заттар мемлекеті» ойыны: молекуласында атом саны ең көп заттардың формулаларын табу.
  • «Формулалар ауылы» ойыны: оксидтердің формулаларын тиісті «үйшіктерге» орналастыру.

III. Жаңа сабақ (түсіну)

Уақыты: 6 минут

Тақырыпқа шығу: «Сынау зынданы»

Берілген формулалардың ішінен оксидті «босату» тапсырмасы орындалады. Осы арқылы жаңа сабақтың өзегіне шығамыз: қышқылдардың алынуы, жіктелуі және қасиеттері.

Лездік сұрақтар

  • Қышқылдардың құрамы неден тұрады?
  • Басқа күрделі заттармен салыстырғанда қандай айырмашылығы бар?
  • Қышқылдардың атауы мен формуласын қалай жазамыз?
  • Қышқыл дегеніміз не?
  • Қышқыл формуласы әдетте қандай химиялық элементтен басталады?
  • Қышқылдар құрамында ортақ қандай ұқсастық бар?
  • Қышқылдар туралы білім бізге не үшін қажет?

Кестемен жұмыс

Берілген кестеге сәйкес келетін қышқылдарға мысалдар келтіріп, кестені толтырыңдар.

Жіктелу белгісі Мысалдар
Оттекті қышқылдар ...
Оттексіз қышқылдар ...
Негізділігі бойынша ...

Қышқылдардың алынуы

  • Қышқылдық оксидтерді сумен әрекеттестіру арқылы қышқыл алу.
  • Сутектің металл еместермен әрекеттесуі нәтижесінде оттексіз қышқыл түзілуі.
  • Тұздарды қышқылдармен әрекеттестіру арқылы қышқыл алу.
Сабақтың мақсаты
Оқыту нәтижелері
Сабақ барысы