Тұлпар шабысы
Сабақ туралы жалпы мәлімет
Сабақтың тақырыбы
«Зерделілер» ойын-сауық бағдарламасы (танымдық ойын).
Сабақтың түрі
Ойын сабағы, жарыс түрінде.
Сабақтың мақсаты
- Оқушылардың барлық пәндер бойынша білім, білік, дағдыларын қайталап, тиянақтау және меңгеру деңгейін анықтау.
- Білімге қызығушылығын бақылап, білімін одан әрі шыңдауға ынталандыру.
- Әр бөлім бойынша жүйелі сөйлеуге, оқуға, ізденуге қызығушылық ояту, ой-өрісін дамыту.
- Өздігінен қорытынды жасауға машықтандыру, ойлау қабілетін дамыту; тапқырлық пен жылдамдыққа тәрбиелеу.
- Оқушылардың өз ойын еркін жеткізуін, рөлге енуін қалыптастыру; сөздік қорын байыту.
Сабақтың әдістері
- Сұрақ-жауап, көрнекілік
- ДЖИКСО (ұжымдық оқыту әдісі)
- Дебат, топпен жұмыс
- Ой қозғау, ой толғаныс
Пәнаралық байланыс
Дүниетану, ана тілі, математика, қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі.
Көрнекілігі мен безендірілуі
Залға ілінетін ұрандар
- «Білімнің керіп желкенін, келеді өсіп ертеңім»
- «XXI ғасыр көшбасшысы»
- «Зерделілер – бізде қонақта»
Материалдар
Түрлі суретті плакаттар, модельдер, сөзжұмбақ, эмблема, сигналдық белгілер, қазылар алқасы үстелінің көркемделуі және т.б.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
I жүргізуші
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Тәуелсіздіктің тірегі – білім. Кез келген мемлекеттің негізгі тірегі – асқақ ғимараттар да, экономикалық жағдай да емес, білімді, білікті, іскер және белсенді азаматтар. Мен сыныптастарымның ертеңгі күні жоғары білімі бар жұмысшылар, фермерлер, инженерлер, банкирлер, өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен биржалардың иелері болатынына сенемін. Қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін әрі дамытатын жастар – біздерміз!
II жүргізуші
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Зерделілер» атты интеллектуалдық шоу бағдарламамызды бастауға рұқсат етіңіздер. Ойын сабағы сайыс түрінде өтетіндіктен, алдымен қазылар алқасымен таныстырамыз. (Таныстыру)
Кезеңдер мен командалар
Бағдарлама кезеңдері
- Тұлпар шабысы
- Көкпар
- Бәйге
- Ойдың көрінісі – тіл
- Жеті жұмбақ
- Жанды сұрақтар
- Шешендік өнері
- Ғажайып төрттік
- Егер де мен...
- Жорға
- Музыкалық үзіліс
- Қорытынды
Командалар
- Ойшылар
- Тапқырлар
- Зерделілер
Ескерту
Әр топтың басшысы сабақ алдында белгіленеді.
Жүргізушінің үндеуі
Құрметті қатысушылар! Бүгінгі сайыс барысында білімдеріңізді шыңдап, тапқырлық пен шеберліктеріңізді көрсетеді деп сенеміз.
Ұран: «Біз сұлумыз, балдаймыз, Зерделіні таңдаймыз. Біз балдаймыз, балдаймыз, Көп білуді таңдаймыз».
Тілек: Сәт сапар сіздерге!
1-кезең
Тұлпар шабысы
I жүргізуші
Көшпенділер үшін күнкөріс көзі – мал. Соның ішінде ең қасиеттісі – жылқы. Тұлпар көшпелі тіршіліктің негізгі серігі болған: еті мен сүті – шипа, терісі – киім, қылы – музыкалық аспаптарға ішек. Қазақ танымындағы көптеген тұрақты тіркестер де жылқымен байланысты. Мысалы, «ат жалын тартып мінді», «аты озып тұр» тіркестері адамның қоғамдағы орнының нығайғанын білдіреді. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» деген сөз терең философиялық ойға жетелейді.
II жүргізуші
Ертеден-ақ қазақ халқы үшін тұлпар еркіндіктің және шапшаңдықтың символы саналған:
- Желдей жүйрік, күш-қуаттың нышаны.
- Даланың кеңдігі мен қарқынын білдіретін серпін, тасқын судай екпін.
- Ер қанаты – ат: аспан, ғарыш, болмысқа ұмтылудың белгісі.
Қазақ дүниетанымында тұлпар бейнесі бүгінге дейін маңызын жоғалтқан жоқ. Елтаңбада да жай ат емес, қанатты тұлпар бейнеленген. Бұл – күш-жігері мол, берекелі мемлекет құрудың, әлемдік өркениетке белсенді араласудың және жаңа жетістіктерге ұмтылудың символы.
Шарт
Оқылған сұрақтарға қысқа, шапшаң және нақты жауап беріңіздер.
Сұрақтар (1–8)
- 1) Заң шығаратын орган?
- Парламент.
- 2) Қазақстан Республикасының Елтаңбасының авторлары?
- Шот-Аман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков.
- 3) Ат – адамның сенімді ... және ...?
- Досы, қолғанаты.
- 4) Жолбарыстың баласын қалай атайды?
- Сармақ.
- 5) Қазақстан неше мемлекетпен шектеседі?
- 5.
- 6) Зебраның денесіндегі жолақтармен бүргелер жүреді деген рас па?
- Жоқ.
- 7) Лексика нені зерттейді?
- Сөз байлығын.
- 8) Сұйықтың бетінде болатын булану құбылысы?
- Кебу.
Сұрақтар (9–15)
- 9) Ұзақ қашықтықты немен өлшейді?
- Километрмен (км).
- 10) Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде нешінші орында?
- 9-орында.
- 11) Жер шарындағы ең көп таралған дін?
- Христиан діні.
- 12) «Жөнімді өзім білем…» деп басталатын жолдар қай өлеңнен?
- «Тәкаппар».
- 13) «Үлгілі бала» оқу кітабының авторы?
- Спандияр Көбеев.
- 14) Ахмет Байтұрсынұлы кім?
- Көрнекті ғалым, дарынды ақын, қоғам қайраткері.
- 15) Халыққа қайта оралған ақындар?
- Шәкәрім, Мағжан, Ахмет, Міржақып.