Білімділер қосыны лек боп келеді, Педагогтар қауымы сардарлары

Білімділер

Жоққа бәрін шығармай бұрынғының
Жаңалығын ап келді бүгінгі күн.
Соны игерер ұл - қызға дана қазақ
Күні жарық деп кеткен білімдінің.

Білім жолдан іздеген табады асыл
Деді де ұстаз ізденді жаңа тәсіл.
Ұстаз - сөзге немкетті шәкірттерін
Кешіре алмай тұр бүгін жаңа ғасыр.

Талап қылған жүйрік тек тосылмады,
Түсті ілімнің кеудеге асыл дәні.
Сол жолменен лек болып шәкірт келеді
Білімдінің сапына қосылғалы.

Дейді оларды қазір - ақ білімділер,
Сарбаздары дәуірдің тілін білер.
Сардарлары көш бастар педагогтер
Үміт күтіп отырған бүгінгі ел.

Шәкірт келеді көрсетіп таным қылық,
Таңғалдырып, тамсантып бәрін де ұғып.
Бабасына бас иген жарты әлемді
Алмақ олар біліммен бағындырып.

Бабалары тау басып, аттап тасын
Қамшысымен қаққан еді жат қақпасын.
Сол бабаның ұрпағы өзгелерді
Білім жолда біліп тұр аттатпасын.

Шәкірт келеді биіктеу талғамдары,
Жаңа дүние, жаңалық қолданғаны.
Білімділер қосыны лек боп келеді,
Педагогтар қауымы сардарлары.

Зерде де бар, ой да бар қарасында,
Шәкірт келеді, оларды баласынба.
"Бір құдайға сиынып оқы" деген
Ұлы ұстаздың сөздері санасында.

Ерлік жолда жасаған ұшқыр қадам
Бабасы да сиынбай іс қылмаған.
Келеді әне солардың ұрпақтары
Білім қуып жанары ұшқындаған.

Осы жолға қаратып жүзін бәрі,
Лек келеді, қатары бұзылмады.
Алға ұмтылған кішкентай білімдіні
Бастап келеді педагог ұжымдары.

Авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы



Ұқсас жұмыстар

Қазақ көркем прозасындағы тарихи тезге түскен шығармалар
Көшпелілердің соғыс өнері
ТүркIлердIң ислам тарихы және мәдениетIндегI ерекше орны
Ер Жәнібек
Тарихи шығармалар тілінің лексикасы
Көпен Әмірбек
Қазақ халқының ХVІІІғасырдағы саяси жағдайы
Түркештің түркі әлеміндегі тарихи орны
Батырлар және батыршылдық
Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы өкілдерінің қызмет кезеңі (1917-1925 жж)
Диалектика — даму мен ең жалпы байланыс жөніндегі ілім
Мемлекеттік бюджет жүйесінің экономикалық мазмұны
Экономикадағы дағдарыстық жағдайдағы мемлекеттік бюджеттің ерекшеліктері
Мемлекеттік бюджеттің теориялық негіздері
Салықтардың экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу жүйесіндегі рөлі мен орны
Мемлекеттің пайда болуы туралы
Халықаралық кедендiк ынтымақтастық және мемлекеттiк экономикалық қауiпсiздiк
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын анықтау үшін модельдік методикалық нұсқаулар
Электрлік оптикалық аспаптардың конструкциялық элементінің параметрлерін жобалау
Шетел мемлекеттері экономикасының мемлекеттік реттелуінің мәні мен әдістері