Қазақстанның оңтүстік астанасы қай қала

Тәрбие сағатының сипаттамасы

№23 ЖОББМ КММ. Бастауыш сынып мұғалімі: Әбдыханова Ш.С. Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай өткізілген тәрбие сағаты.

Тақырыбы

«Тәуелсіз — менің елім»

Білімділік мақсаты

Еліміздің тарихы мен мәдениеті туралы білімдерін қайталау.

Тәрбиелік мақсаты

Сұрақтарға жауап беру арқылы туған жерін, елін сүюге, ұлттар достығын қадірлеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты

Тіл мәдениетін дамыту, ойды нақты жеткізуге баулу, дүниетанымды кеңейту.

Көрнекіліктер мен дайындық

  • 1

    Слайдтар

    Тақырыпқа сай көрнекі материалдар.

  • 2

    Карточкалар

    Мимика-пантомимикаға арналған сөздер.

  • 3

    Галстуктар

    Топтарды ажырату және ойынға сән беру үшін.

Сабақтың барысы

Кіріспе атмосфера

Залда Отырардағы той әнінің әуені ойнап тұрады. Орындау: «Жаса, Қазақстан!»

Жүргізуші сөзі

Қыры-сыры көп білімнің,
Шешілмеген әлі де.
Тереңдігі білімнің,
Керек екен бәріңе.
Ал, келіңдер — келіңдер!
Біріңе-бірің еріңдер.
Білімдеріңді тексеріп,
Сайысқа түсіп жүріңдер.

Қош келдіңдер, оқушылар! Күнделікті өмірде «ХХI ғасыр — білімділер ғасыры, ақпарат ғасыры» деген сөздерді естіп жүрген боларсыңдар. Ендеше бүгін «ХХI ғасыр көшбасшысы» атты ойын-сайысты ойнауға дайынсыңдар ма?

Ойын ережелері

Ұйымдастыру

Оқушылар екі топқа бөлінеді. Тәртіп пен өзара сыйластық сақталады. Әділқазылар әр жауаптың ұпайын белгілеп отырады.

Құрылымы

Ойын 3 турдан тұрады: «Полиглот», «Мимика-пантомимика», «Бәйге».

Бағалау

Әр турдың өз ережесі мен ұпайлық жүйесі бар. Уақыт шектеуі сақталады.

Турлар мазмұны

I тур — «Полиглот»

Әр сұрақтың ұпайы алдын ала белгіленеді. Дұрыс жауап берілсе — ұпай есептеледі, жауап болмаса — ұпай берілмейді.

Санат

Сұрақ

Ұпай

Мәдениет

Қазақ халқында болған, бірақ жылдар өте келе ұмыт болып, кейінгі кезде қайта жаңғырған ұлттық бидің атауы қандай?

10

Туған қалам

Полковничий аралында орналасқан монументтердің атауларын атаңдар.

20

Рәміздер

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының авторы кім?

10

Ұлттар достығы

Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?

20

Заң

Мемлекеттегі ең басты заң қалай аталады?

30

Ғарыш

Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?

30

Территория

Қазақстан Республикасының шекарасы қай елдермен шектесіп жатыр?

40

Табиғат

Қай қала «шахтерлер астанасы» деп аталады?

20

Астана

Астананы қақ жарып ағып жатқан өзен қалай аталады?

30

Тарих

Бейнесұрақ.

40

Өнер

Музыкалық сұрақ.

10

Білім

Шығыс ғұламасы Әбу Насыр әл-Фараби шамамен қанша тілді білген?

40

Валюта

Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы қай қалада шығарылады?

50

Музыка

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының сөзін жазған авторлар кімдер?

50

Сахналық үзіліс

Бишілер тобы: грузин биі.

II тур — «Мимика-пантомимика»

Оқушы карточкадағы сөзді тек қимыл-қозғалыс арқылы көрсетеді. Жасырылған сөзді көрермендер тапса — 10 ұпай беріледі.

Карточкалардағы сөздер

  • Жылқы
  • Щетка
  • Тарақ
  • Сөмке
  • Бүркіт
  • Кітап
  • Қалам
  • Өшіргіш
  • Мысық
  • Доп
  • Қылыш
  • Бор
  • Шар
  • Сорпа

III тур — «Бәйге»

Әр топтан бір оқушы шығып, уақытқа жауап береді. Уақыт аяқталған сәтте жауап тоқтатылады. Әр сұрақ 10 ұпай болып есептеледі.

Сұрақтар тізімі

  1. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?
  2. Мемлекеттік тудың авторы кім?
  3. Азияда символ болған жануар қандай?
  4. Мүйізді ірі қара жануар қалай аталады?
  5. Ақшамыз қалай аталады?
  6. Заттың атын білдіретін сөздер қалай аталады?
  7. Қазақстанда қандай дәнді дақылдар өсіріледі?
  8. Қазақстанның оңтүстік астанасы қай қала?
  9. Қазақстанда өздігінен өсетін дәрілік өсімдік ата.
  10. Күйіс қайырмайтын ірі қара малы қалай аталады?
  11. Теңге қай қалада шығарылады?
  12. Заттың қимылын білдіретін сөздер қалай аталады?

Музыкалық қорытынды

Ән: «Сарыжайлау».

Қорытынды және марапаттау

Жүргізуші: Әділқазылар ұпайларды есептеп болған соң, нәтижені жариялайды. Жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар мақтау қағазымен марапатталады.

Қазақстан ХХI ғасырға нық қадам басып, жаңғырулар жолында едәуір ілгеріледі. Бүгінде барша жұртшылықтың назары ұлтаралық татулықты сақтауға, болашақты баянды етуге бағытталған. Келешектің көшбасшылары — сендер болыңдар!

Сау болыңдар!