Программалау тілдерінің түрлері

Сабақ туралы мәлімет

Оқытушы
И. Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық колледжі, Молдабаева Н.
Сабақ тақырыбы
Программалау тілдері. Turbo Pascal тіліне жалпы түсінік
Сабақ мақсаты
Программалау тілдері туралы түсінікті кеңейту, Паскаль тілінің тарихымен таныстыру және Паскаль тіліндегі программа құрылымын меңгерту.

Оқыту әдістері

  • СТО технологиясының стратегиялары
  • ДЖИГСО–1
  • Ой шақыру, топтастыру
  • Сұрақ–жауап, баяндау, түсіндіру
  • Демонстрациялық әдіс, пысықтап бекіту

Көрнекіліктер және байланыстар

Көрнекілігі

  • Компьютер және оның құрылғылары
  • Интерактивті тақта
  • Тірек-сызбалар

Пәнаралық байланыс

Физика Математика Ағылшын тілі

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1.Сәлемдесу, түгелдеу.
  2. 2.Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру.
  3. 3.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Қызығушылықты ояту фазасы

Ой шақыру (сұрақтарға жауап беру)

Сұрақтары бар слайдтар көрсетіледі.

  1. 1.MS Access мәліметтер қорын басқару жүйесіне түсінік беріңіз.
  2. 2.MS Access бағдарламасында жаңа мәліметтер базасын құрудың жолдары қандай?
  3. 3.MS Access-та кесте құру режимдері қандай?
  4. 4.MS Access-та пішін (форма) құру қалай жүзеге асырылады?

Топтастыру

«Программалау» сөзін ассоциациялар арқылы топтастыру.

III. Мағынаны тану фазасы

Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады. Алдымен Turbo Pascal туралы жалпы түсінік беріледі.

Жоспар

  1. 1.Программалау тілдері
  2. 2.Паскаль тілінің шығу тарихы
  3. 3.Паскаль тіліндегі программа құрылымы

ДЖИГСО–1 әдісі: ұйымдастыру және жұмыс тәртібі

  1. 1.Оқушылар 3 топқа бөлінеді: Ойшылдар, Тапқырлар, Зеректер. Қосымша эксперт тобы құрылады.
  2. 2.Жоспардағы 3 сұрақ 4 топқа үлестіріледі.
  3. 3.Әр топ өзіне берілген мәтінді оқып, топ лидері аудиторияға түсіндіреді (дайындалуға уақыт беріледі).
  4. 4.Лидердің жауабын өз тобы немесе эксперт тобы толықтырады.
  5. 5.Эксперт тобы мәтінде жоқ қосымша ақпаратты дереккөздерімен бірге ұсына алады (әдебиеттер, газет-журналдар міндетті түрде аталады).
  6. 6.Эксперт тобы пысықтау және бекіту мақсатында қосымша сұрақтар қояды.
  7. 7.Эксперт тобының қызметі: мәтінді толықтыру, қосымша деректер енгізу, сұрақ қою, талдау жасап бағалау.

Ойшылдар

Программалау тілдері

Тапқырлар

Паскаль тілінің шығу тарихы

Зеректер

Паскаль тіліндегі программа құрылымы

Эксперт тобының қосымша сұрақтары

  1. 1.Программалау тілдерінің түрлері қандай?
  2. 2.Программалау тілдері қандай белгілері бойынша жіктеледі?
  3. 3.Алғаш пайда болған программалау тілі қайсы?
  4. 4.Паскаль тілін шығарған кім?
  5. 5.Паскаль тіліндегі программаның құрылымы қандай бөліктерден тұрады?

IV. Ой толғаныс фазасы

Оқушылардың жауаптарын толықтырып, ойларын жинақтау мақсатында компьютердегі слайдтар мультипроектор арқылы көрсетіліп, түсіндіріледі.

V. Сергіту сәті: «Жұмбақтар әлемі»

Бір сарайда тұрады екен,
Бес атаның балалары.
Қыдырмашы біреу,
Бір күн бар да, бір күн жоқ.
Соны есепке алсақ,
Ұзын саны — жүз бір.

Жауабы: Пернетақта

Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды.

Жауабы: Бос орын (пробел)

Компьютерден енеді,
Қағазға басып береді.

Жауабы: Принтер

Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны — мекені.

Жауабы: Кактус

VI. Бекітуге арналған тапсырмалар

«Ойлан, тап»

  • Паскаль тілін 1968–1971 жылдары швейцариялық ғалым қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын.
  • Паскаль тіліндегі программа 3 бөліктен тұрады: , , .
  • Кез келген программаның алғашқы жолы сөзінен басталатын оның тақырыбынан тұрады.
  • Одан кейін программаның ішкі объектілерінің жазылады.

«Сәйкесін тап»

Берілген ұғымдар мен анықтамаларды сәйкестендіру тапсырмасы (мұғалім әзірлеген карточкалар/слайдтар бойынша).

Қосымша форматтар:

  • Есептер
  • Сарамандық жұмыстар
  • Зертханалық жұмыстар
  • Тесттік бақылау

VII. Қорытындылау және бағалау

Оқушылар эксперт тобының ұсынысы бойынша бағаланады. Оқытушы жауаптарды толықтыра отырып, сабақты қорытындылайды.

VIII. Үй тапсырмасы

Тақырып: Паскаль — программалау тілі.

Тапсырма: Паскаль тіліндегі программа құрылымын жазып келу.

Сабақтың аяқталғаны хабарланады.