Алғашқы сайысымыз мақал - мәтел айту

9–11 сыныптарға арналған интеллектуалдық сайыс

Тақырыбы: «Тәуелсіздік – қазақтың сан ғасырлық арманы»

Мақсаты

  1. Оқушыларды Отанын сүюге, елін және жерін қорғауға тәрбиелеу.
  2. Көпұлтты Қазақстанның әрбір азаматын ортақ үйіміз – Қазақстанда халықтар арасындағы достық, сенім, келісім және тұрақтылықты сақтауға үлес қосуға тәрбиелеу.
  3. Оқушыларды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу.

Ұйымдастыру

Сабақтың түрі
Интеллектуалдық сайыс
Көрнекілігі
Еліміздің Туы, интерактивті тақта, слайдтар, көрме

Нақыл сөз

«Біз Қазақстанның тәуелсіздігі оңайлықпен келмегенін біліп, оны қадірлеуіміз керек. Әрбір Қазақстан азаматы мақтанышпен Елтаңбаны, Әнұранды, Туды көтеруі керек. Әрбір азамат өз Отаны үшін еңбек етуге, қажет болса жанын қиюға міндетті».

— Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев

Кіріспе сөз

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары! Талай ғасыр бойы ата-бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсады. Олар көксеген арманға ХХ ғасырдың соңына қарай қол жеткіздік. Соның нәтижесінде бүгінгі таңда өз бағытын айқындаған, өркениетті елдер мойындаған дербес мемлекетке айналдық.

Биыл тәуелсіздігімізге 22 жыл. Осыған байланысты оның қадір-қасиетін оқушылар бойына сіңіру, терең ұғындыру мақсатында «Тәуелсіздік – қазақтың сан ғасырлық арманы» атты ашық тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.

Тәрбие сағатымыз сайыс түрінде өтеді. Ерекшелігі — сайысты 9–11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырамыз. Әділқазылар алқасымен танысып, сайыс шарттарын хабарлаймыз.

Сайыс барысы

Басталуы

  • Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.
  • Сайысқа қатысатын сыныптар мен әділқазылар таныстырылады.
  • Сайыс кезеңдерінің шарттары жарияланады.

Сайыс шарттары

1-кезең

Мақал-мәтел айту

Туған жер, Отан, батырлық, ерлік туралы мақал-мәтелдер.

2-кезең

Бәйге

Сұрақ-жауап бөлімі. Әр жауапқа ұпай беріледі.

3-кезең

Тапқырлық сайысы

Жылдам ойлау мен дәл жауапқа негізделген тапсырмалар.

4-кезең

Тілмар

Сөз мәдениеті мен шешендік қабілетті бағалау.

5-кезең

Жеті жұмбақ

Логикаға құрылған жұмбақтар мен тапсырмалар.

6-кезең

Үй тапсырмасы: поэзия минуты

Тақырыпқа сай өлең оқу немесе көркем мәтін орындау.

7-кезең

Тілек айту

Тәуелсіз елге, туған жерге, болашаққа арналған жүрекжарды тілектер.

Сайысты ашатын шумақ

Туған жердей жат жердің болмайтыны — ақиқат,
Оған көңілің ешқашан толмайтыны — ақиқат.
Алтын торда алтын құс өсірсең де, бұлбұл құс,
Өскен бағы болмаса, қонбайтыны — ақиқат.

I бөлім — Мақал-мәтел айту

Қазақ халқы үшін атамекенді ардақтау сезімі терең. Туған жерді қасиет тұту — қанға сіңген мінез, ежелден келе жатқан дәстүр. Бұл таным жүрекке ана сүтімен дариды, ана тілімен орнығады. Мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер Отанға деген сүйіспеншілікті ұлықтайды.

Тапсырма

Туған жер, Отан, батырлық, ерлік туралы дайындап келген мақал-мәтелдеріңізді айтыңыздар.

II бөлім — Бәйге (сұрақ-жауап)

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар —
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз!

Ереже

  • Қазақстан туралы әр сыныпқа 7 сұрақтан беріледі.
  • Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

9-сыныпқа сұрақ

Қазақстанның астаналары болған қалаларды атаңыз.

Жауап (ретімен):

  • 1919–1925 жж. — Орынбор
  • 1925–1929 жж. — Қызылорда
  • 1929–1997 жж. — Алматы
  • 1997 ж. — Ақмола Астана атанды
  • 1998 ж. — Ақмола атауы Астана болып өзгертілді