Жұлдыздар тобы
«Әкеммен, анаммен» спорттық эстафеталық жарысы
Құрметті қонақтар, жарысқа қатысушылар және жанкүйерлер! Бүгін өтетін «Әкеммен, анаммен» атты эстафеталық жарысқа қош келдіңіздер.
Формат
Ата-ана + бала
Командалық сайыс
Қазылар алқасы
- 1 Балабақша директоры: Турганбаева Нұрсауле Тұрақбайқызы
- 2 Балабақша әдіскері: Алибекова Зарина Әлібекқызы
- 3 Балабақша медбикесі: Тлегенова Ақшагүл
- 4 Шаруашылық меңгерушісі: Избасарова Сабина Серікқызы
Сайыс кезеңдері
- 1 Таныстыру: топтың атауы, ұраны, эмблемасы.
- 2 Кім жылдам: кедергілерден өту.
- 3 Кенгуру: қаппен секіру.
- 4 Мерген: допты құрсауға дәл түсіру.
- 5 Арқан тарту: қазақ халқының ұлттық ойыны.
Жүргізуші сөзі
Ал, құрметті халайық, жарысты енді көріңіздер. Әділқазылар алқасы, әділ баға беріңіздер.
Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа. Өмірде бақыттысың, денің сау болса. «Денсаулық – терең бақыт» деген сөзді ұлы Абай бекер айтпаған.
Кезеңдер және шарттар
1-кезең: Таныстыру
КомандалықШарты: әр команда өз атауын және ұранын айтып, эмблемасын тағып шығуы керек.
2-кезең: Кім жылдам
ЭстафетаШарты: қолда доп болады. Кедергілер арасынан мүдірмей өтіп, допты келесі ойыншыға береміз. Ойын осы тәртіппен қайталанады.
Денің сау болса — күштісің бұл әлемде,
Денің сау болса — сұлусың жер бетінде.
Сол мықты денсаулықтың арқасында,
Жетерсің әлі талай жеңістерге.
3-кезең: Кенгуру
Қаппен секіруШарты: қапты киіп, кеглилер арасымен ирек жасап жүріп, айналып келу.
Жатыпішер боп жалқау, сен болма еріншек.
Спортпен айналыс — талаптан да, еңбек ет.
4-кезең: Мерген
ДәлдікШарты: қолдағы допты құрсауға дәл түсіру керек.
Шынығамыз біз күнде,
Тынығуды білмейміз.
Шаршамаймыз біз мүлде,
Ойын ойнап әр күнде.
5-кезең: Арқан тарту
Ұлттық ойынШарты: екі команда тартысады. Жеңген команда келесі топтың жеңімпазымен арқан тартысып, сайысты жалғастырады.
Қорытынды
Өнерге биік сеніңіз, думандатып жүріңіз. Әділқазы ел сенген — бағаны әділ беріңіз.
Құрметті спортшылар мен ата-аналар, жүлделеріңіз құтты болсын!
Бүгінгі «Әкеммен, анаммен» атты спорттық эстафеталық жарысымыз өз мәресіне жетті. Келесі кездескенше сау болыңыздар!