Қуыршақ Айсұлудың балалардан көмек сұрай келгенін айту
Мақсаты
Балалардың сенсорлық қабылдауын дамытуға бағытталған оқу іс-әрекеті барысында өткен тақырыптарды еске түсіріп, білімдерін ойын арқылы жетілдіру және бекіту.
Білімділік
- Заттарды көлеміне, пішініне, түсіне қарай топтап ажырата білуге үйрету.
- Өткен тақырыптарды еске түсіріп, білімді ойын арқылы бекіту.
Дамытушылық және тәрбиелік
- Ойлау қабілетін арттыру, тілін дамыту, өздігінен жұмыс істеуге машықтандыру.
- Қамқорлыққа, ұқыптылыққа, бастаған ісін соңына дейін жеткізуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар
Сабақ барысы
1) Мотивациялық-қозғаушылық кезеңі
Шаттық шеңбері:
Қане, шеңбер құрайық,
Алақанды ашайық.
Жүрекке жылу салайық,
Жиналған бар шуақты
Бір-бірімізге сыйлайық.
Қонақтармен амандасу.
2) Ұйымдастырушылық-ізденістік кезеңі
Ғажайып сәт
Бүгін бізге тағы бір қонақ келмек еді, бірақ көрінбейді. Қане, әйнек жаққа қарайықшы — бар ма? (Балалар әйнек жаққа мойындарын бұрады.) — Жоқ. Енді есік жаққа қараңдар. (Сол жақтан қуыршақты көреді.)
Балалар қуыршақпен амандасып, танысады. Қуыршақ Айсұлу балалардан көмек сұрап келгенін айтады:
«Мен шарларды әсемдеу үшін магниттерді дайындап қойған едім. Қатты жел соғып, магниттер араласып кетті. Енді қай магнитті қай шарға қоярымды білмей жылап отырмын».
Балалар Айсұлуға көмектесуге келіседі.
1-ойын: Шарларды сол түстес магнитпен әсемдеу
ТүсМагнитті тақтадағы шарларға сәйкес түстегі магниттерді жапсырады.
2-ойын: Үлкен–кіші (көлемін ажырату)
КөлемҮстел үстіне көлемдері әртүрлі ойыншықтар қойылады. Айсұлуға ең кішкентай ойыншық допты тауып беруді сұраймыз. Балалар ойыншықтардың атауын атап, санап, үлкені мен кішісін көрсетеді.
Билингвалды компонент
доп — мяч (балалар қайталайды)
Сөздік жұмыс
Доптың пішіні — домалақ.
Саусақ жаттығуы
(Балалар екі қолдың саусақ ұштарын біріктіріп, доптың пішінін жасайды; қол қимылымен домалаған доптың қозғалысын көрсетеді.)
Добым, добым домалақ,
Қайда кеттің домалап?
Тәрелкені сындырдың,
Үстел үстін бүлдірдің.
Дидактикалық ойын: «Ұқсас заттарды тауып бер»
ПішінМақсаты: балаларға бір затты көрсету, ал балалар өздерінің алдарындағы суреттерден соған ұқсас затты табады.
Мысалы, шар көрсетіледі. Балалар оған ұқсас суреттерді табады: доп, күн, алма және т.б.
Айсұлу балаларға ризашылығын білдіреді: балабақшада көп нәрсе үйренгендерін айтып, өзі де балабақшаға келгісі келетінін жеткізеді. Соңында балалар Айсұлумен қоштасады.
3) Рефлексиялық-түзетушілік кезең
Сұрақтар
- Біз бүгін кімге көмектестік?
- Айсұлуға көмектеспесек, не болар еді?
Қорытынды
Балаларға Айсұлуға көмектесу арқылы жақсы іс жасағандары айтылады. Әрқашан бір-біріне көмектесіп жүру керектігі түсіндіріліп, мадақтау жүргізіледі. Қонақтармен қоштасады.
Күтілетін нәтиже
Біледі
- түстерді ажыратуды;
- аз–көп ұғымдарын;
- үлкен–кішкентай ұғымдарын;
- салыстыруды.
Игереді
- ойлай білуді;
- қойылған сұраққа толық жауап беруді.
Меңгереді
- қайырымдылық жасауды;
- бір-біріне көмектесудің жақсы іс екенін.
Автор туралы
Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Солоновка ауылы. «Балауса» балабақшасының тәрбиешісі — Гульбаршын Какановна Захарьянова.
Оқу іс-әрекетінің форматы
Көңілді ойындар арқылы сенсориканы дамыту