Бақытты болыңдар
2018–2019 оқу жылы
Ғажайыпқа толы — Жаңа жыл!
Бұл мерекелік қойылымның мақсаты — оқушыларға жылдың он екі айын таныту, жақсылық пен жамандықты ажырата білуге үйрету, шығармашылыққа баулу және эстетикалық тәрбие беру.
Жүргізушінің құттықтауы
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, әріптестер, балалар! Келе жатқан Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын! Жаңа жыл береке, молшылық, бейбітшілік пен тыныштық әкелсін!
Өлең жолдары
Жаңа жыл, жаңа жыл — жаңа нұр,
Жасыл шырша жанында билеп жүр.
Жасыл шырша жанында қол ұстасып тұрайық,
Өлең айтып, би билеп, мерекені тойлайық.
(Музыка ойналады: Сұлтанды қарсы алатын әуен. Сахнаға шығыс әнімен Сұлтан шығады. “Шығыс биі” — 2А сынып.)
Сұлтанның келуі: әзіл мен интрига
Сұлтан: Бұл қандай жиын? Мен қайда тап болдым?
Жүргізуші: Сұлтан мырза, сіз Жаңа жыл мерекесіне тап болдыңыз.
Сұлтан: Мен қалыңдық іздеп жүрген Шах Сұлтанмын. Үйленгім келеді!
Жүргізуші: Аздан соң мерекенің басты қонағы — Аяз ата келеді. Оның айдай сұлу немересі бар. Сізге ұнап қалар деп ойлаймыз. Күте тұрайық.
Сұлтан: Қайдан келген қыз? Сұлу ма? Ақылы көркіне сай ма? Қызығып кеттім. Тезірек көрсетіңіз!
Жүргізуші: Ол — суық, қарлы Солтүстіктің аруы.
Сұлтан: Шыдамым таусылды! Әкеліңдер! Көрсетіңдер!
Сахналық ескерту
(Музыка ойналады: Мыстан кемпірдің келуіне арналған жағымсыз әуен.)
Мыстан кемпір: Солтүстіктің қызын шақырдыңдар ма? Міне, Солтүстіктің қызы — мен келдім! Тойға дайындалыңыздар!
Сұлтан: Япыр-ай, бұл не дегені? Жүрегім…
Жүргізуші: Жоқ, Мыстан! Сұлтанның қалыңдығы — Ақшақар. Ол Аяз атамен бірге келе жатыр.
Сұлтан: Әлгі “сұлу қыз” осы ма? Бұл не сұмдық?!
Жүргізуші: Сұлтаным, бұл Солтүстіктің қызы емес. Ол өтірік айтып тұр.
Сұлтан: Жазалаңдар!
Мыстанның “құтылу амалы”
Мыстан: Кешіріңіздер! Рұқсат етсеңіздер, өнерімді көрсетейін. Балалар, маған көмектесіңдерші!
(Флешмоб: “Я, банан!”)
Ескі жылдың қоштасуы (Ит жылы)
Ит: Бір жыл бойы жұмыс істеп шаршадым… Әндеріңді естіп, қарным ашып кетті! Менің сүйікті асыма арналған әнге кім биледі?
Жүргізуші: Құрметті Ит! Келгеніңіз жақсы болды. Бұл — Мыстан. Ол Сұлтанды және қонақтарды алдағаны үшін өнерін көрсетіп жатыр.
Ит: Солай ма? Балалар, Мыстанның өнері ұнады ма?
Балалар: Иә!
Мыстан: Онда мен кетейін. Сау болыңдар, балалар!
Балалар: Сау болыңыз!
Жүргізуші сөзі
Құрметті Ескі жыл, сізге айтар алғысымыз көп! Ит жылы бәріміз үшін берекелі жыл болды.
Ит: Мен — Ескі жылмын. Сендерге молшылық пен бақыт әкелдім. Келер жылға тілегім:
Жасампаз заман — бұл заман,
Бүгіннен ертең — ғаламат.
Алдыңғы сапта боларсың,
Хош сау болыңдар, балалар!
(Ескі жыл кетеді.)
Аяз ата мен Ақшақарды шақыру
Өлең жолдары
Аппақ бүгін қыр-далам,
Ақ дастарқан жапқандай.
Халық біткен қарбаласып,
Қонақ күтіп жатқандай.
Көңілде көп қуаныш,
Әр көңілде — жақсылық.
Кетер жылға мың алғыс —
Әкелген көп жақсылық.
Аяз ата мен Ақшақардың келетін уақыты да таяп қалды, бірақ олар әлі көрінбеді. Мүмкін, бәріміз бірге дауыстап шақырсақ келер.
Балалар: Аяз ата, Ақшақар! Аяз ата, Ақшақар! Аяз ата, Ақшақар!
(Музыка ойналады. 3А сынып: “Аяз аталар шеруі” — флешмоб. Аяз ата мен Ақшақар келеді.)
Қош келдіңіздер!
Аяз ата: Амансыңдар ма, ұлдарым? Амансыңдар ма, қыздарым? Қандай жарқын жүздерің, қандай әсем жырларың! Аталарың алыстан шаршап келді — тамаша ән тыңдап, аз дем алғым келеді.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, Аяз ата, Ақшақар! Келгендеріңіз қандай керемет! Енді кешіміз одан әрі ажарлана түседі: ән шырқалып, би биленеді!
Өнер нөмірлері
- Хор: “Шырша әні”
- Ән: 2А және 3А оқушылары
Аяз ата мадақтап отырады, Ақшақар кәмпит таратады.
Шарт: Жаңа жылды құтқару
Жүргізуші: Аяз ата, бізде ертегілер әлемінен келген Шығыстың Сұлтаны бар. Ол Ақшақарға үйленгісі келеді.
Сұлтан: Иә, Аяз ата, немереңіз расында сұлу екен! Ақшақарға үйленуге рұқсат беріңіз.
Аяз ата: Мен бұл мерекеге Жаңа жылмен бірге келе жатқанмын. Алдымыздан Мыстан шығып, оны алдап, өзімен алып кетті. Егер Жаңа жылды Мыстаннан құтқарып, тойға алып келсең — немереме үйленуге рұқсат беремін.
Сұлтан: Жарайды, тапсырмаңызды орындаймын!
(Сұлтан жүгіріп шығып кетеді.)
Ойын: “Сиқырлы таяқ”
Ақшақар: Балалар, енді “Сиқырлы таяқ” ойынын ойнайық! Музыка әуенімен таяқты бір-бірімізге береміз. Музыка тоқтағанда таяқ кімде қалса, сол Жаңа жыл туралы тақпағын айтады.
Жаңа жыл туралы тақпақтар
Аяз ата мадақтайды, Ақшақар кәмпит таратады.
(0А нөмірі: би.)
Жаңа жылдың келуі
(Жылдам музыка ойналады. Сұлтан Жаңа жылды алып келеді.)
Сұлтан: Міне, Аяз ата! Бұйрығыңызды орындадым. Жаңа жылды алып келдім!
Жүргізуші сөзі
Жаңа жыл — жаңа қадам, жаңа бақыт,
Болашақ сыйлар берекелі бағыт.
Жаңа уақыт жақсылықпен жалғассын,
Қош келдің, Жаңа жыл! Қадамың құтты болсын!
Жаңа жыл: Жаңа жылда жаңа бақыт, тыныштық. Жасай берсін достық, бірлік, туыстық. Құттықтайық жаңа жылды өнермен — қуаныштың әр минуты ыстық!
Жүргізуші: Келе жатқан жылымызды көтеріңкі күймен қарсы алайық! “Жаңа жылды қалай қарсы алсаң, солай өткізесің” деген сөз бар. Ендеше, балаларымыздың биін тамашалаңыздар!
(Би: “Шөжелерім”.)
Ата-аналарға арналған ойын
Енді бүгінгі сыйлы қонақтарымыз — ата-аналармен бір ойын ойнайық! Ойын шарты: түрлі түсті үш шар болады. Үш ата-ана шығып, өзіне ұнаған шарды жарады. Ішінен тапсырма жазылған қағаз шығады.
Ән тапсырмалары
- Жаңа жыл
- Мектеп
- Арман
Би тапсырмалары
- Қара жорға
- Грузин биі
- Шығыс биі
Соңында көрерменнің үлкен қошеметіне ие болған қатысушы жеңімпаз атанады. Бастайық!
Қорытынды: уәде, тілек, сыйлық
Аяз ата: Ал, қарақтарым! Уәдем орындалды. Сұлтанға немереммен қосылуға рұқсатымды беремін. Бақытты болыңдар!
Аяз ата: Енді бізді күтіп отырған қаншама ел мен жер бар — сонда барайық. Сендерге көп рақмет! Өнерлерің өрге жүзсін, биік шыңдардан көрініңдер!
Жаңа жылдық ақ тілек
Жаңа жыл жаңа бақыт, әкелсін елге құт.
Өнерлерің көп болсын, елде уайым жоқ болсын.
Тілектерің ақ болсын, бастарыңа бақ қонсын.
Келер жылы келермін, өнеріңді тағы көрермін.
Сыйлық әкеп сендерге, көптен-көптен берермін.
Жақсылыққа толыңдар, тек биікке қоныңдар.
Келесі жылы көргенше, амандықта болыңдар!
Сыйлықтар
Енді біздің Жаңа жылдық сыйлықтарымызды қабыл алыңыздар, балалар!
Ғажайыпқа толы — Жаңа жыл!