Ғарыш және Жердің ғарыштағы орны, ғаламшарлар туралы түсінік беру
Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы
Құмсай бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Аймұхамбетова Ляззат Сандібековна
Сабақтың тақырыбы
Ғарыш туралы түсінік (презентациямен)
Сабақтың мақсаты
1) Білімдік
Ғарыш және Жердің ғарыштағы орны, ғаламшарлар туралы түсінік беру. Күн жүйесіне кіретін аспан денелерін таныстыру, галактиканың неден тұратынын түсіндіру. Ғарышты зерттеудің шаруашылық үшін маңызын нақтылау.
2) Дамытушылық
Оқушылардың сөздік қорын байыту, танымдық ой-өрісін кеңейту, есте сақтау қабілетін және тілін дамыту. Қорытынды жасауға, өз ойын жүйелі жеткізуге үйрету.
3) Тәрбиелік
Ғарыш әлеміне қызығушылық ояту. Татулыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Табиғат құбылыстарын бақылауға, зейінділікке және шығармашылыққа баулу.
Сабақтың сипаттамасы
Сабақтың түрі
Жаңа білімді меңгеру.
Сабақты өткізу форматы
Саяхат сабақ.
Оқыту әдістері
- Сұрақ-жауап
- Көрнекілік
- Талдау
- Салыстыру
- Жинақтау
- Ізденіс әдісі
- Өз бетінше жұмыс
- Тест
Көрнекіліктер
- «Ғарыш туралы түсінік» тақырыбындағы слайдтар
- Қима карточкалар
- Тірек сызба
- ЭСС (Күн жүйесі энциклопедиясы) дискі
- Естелік ашықхат
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, қонақтармен амандасу.
Мұғалім:
Балалар, сабағымызға келген қонақтарды қарсы алып, амандасайық!
Оқушылар:
Қайырлы күн!
II. Ой қозғау
Бүгінгі сабағымыз ерекше: ол — саяхат сабақ. Саяхаттың бағытын білу үшін төмендегі сөзжұмбақ сұрақтарына жауап береміз.
-
1-сұрақ
Т. Әубәкіров кім?
-
2-сұрақ
Әдемі түнде мен жүрсем, ол да бірге жүреді.
-
3-сұрақ
Көктемде көгереді,
Жазда ырысқа бөленеді,
Күзде пісіп, марқаяды,
Қыста бірден қартаяды. -
4-сұрақ
Түнде көзі жымың-жымың етеді,
Таң алдында ғайып болып кетеді. -
5-сұрақ
Жердің пішіні қандай фигураға ұқсайды?