Жуалы батырлар мекені

Сабақтың тақырыбы

Алаштың айбыны — Бауыржан Момышұлы

Сабақтың мақсаты

  1. Ұлы Отан соғысында елін, жерін қорғауда асқан қаһармандық танытқан халық қаһарманы Бауыржан Момышұлын әрдайым еске алып, қадір тұту.
  2. Оқушыларға батырдың өмір жолын және мәңгі өшпес ерлігін таныстыру.
  3. Оқушыларды ұлтжандылыққа, бауырмалдыққа, батырлыққа баулу арқылы тәрбиелеу.

Көрнекілігі

  • Қанатты сөздер
  • Өмірін бейнелейтін слайдтар
  • Бүктемелер
  • Жұлдызшалар

Сабақтың барысы

I. Кіріспе

II. Өмірдерек (хронологиялық тәртіп)

«Бала Бауыржаннан — батыр Бауыржанға дейін»

III. Мәнерлеп оқу. Арнау (ақындардың өлең-жырлары)

  • М. Мақатаев — «Бауыржан Момышұлына»
  • Қ. Аманжолов — «Бауыржан»

IV. Б. Момышұлының қанатты сөздері

V. Жуалы — батырлар мекені

VI. Қойылым (сахналау)

«Бұл — тарихи тұлға»

VII. Әдеби-музыкалық монтаж

VIII. Қорытынды

Мұғалім сөзі

Көзінің тірісінде-ақ аты аңызға айналған ұлы тұлға — Бауыржан Момышұлы туралы біз не білеміз? Ол — жаужүрек батыр, қолбасшы әрі қаламгер.

Қазақ тарихында батыр да, қолбасшы да, қаламгер де аз болған жоқ. Бірақ олардың ешқайсысының даңқы алты алаштан асып, төрткүл дүниеге кең тарай қоймаған. Ал Бауыржан атамызды әлем халқы таныды: оның қаһармандық қайсарлығы, адамзат баласында сирек кездесетін озық ақыл-ойы және «қарағайға қарсы біткен бұтақтай» қайсар мінезі естіген жұртты тәнті етті.

Ерекше қыры

Бауыржан Момышұлын өзгелерден даралайтын қасиет — қалам мен қаруды қатар ұстауы, қай кезеңде де ұлт мүддесін тайсалмай қорғауы. Ол — от тілді, орақ ауыз, әрі ақын, әрі батыр тұлғалардың заңды жалғасы, ХХ ғасыр басындағы ұлттық рухтың айқын көрінісі.

Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде, —
Деп жырлар сорлы қазақ мен өлгенде.
Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді,
Тарихтың түпкірінен сен өлгенде.

Бұл жолдардан батырдың көрегендігі мен уақыттың әділ бағасына деген сенімі аңғарылады.

Өмірдерек: бала Бауыржаннан — батыр Бауыржанға дейін

  1. 1910, 24 желтоқсан: Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келді.
  2. 1921: Әулиеатадағы Аса интернатына оқуға келеді.
  3. 1924: Үшінші сыныпта Шымкенттегі жетіжылдық мектепке ауыстырылады.
  4. 1928: Мектепті үздік бітіріп, Орынборға келеді, бірақ әлеуметтік жағдайына байланысты кері қайтады.
  5. 1928–1930: Бастауыш мектепте мұғалім болады.
  6. 1932: Қызыл Армия қатарына шақырылады.
  7. Әскерден кейін: Шымкент пен Алматыдағы өнеркәсіп банк жүйесінде қызмет атқарады.
  8. 1936: Ленинград қаржы академиясы жанындағы курсты бітіреді. Сол жылы қайтадан Қызыл Армия қатарына алынып, взвод және рота командирі, полк штабы бастығының көмекшісі болады.
  9. 1939: Әкесі Момыш қайтыс болады.
  10. 1941: Соғыс басталғанда 316-атқыштар дивизиясын жасақтауға қатысып, дивизия құрамында майданға аттанады. Мәскеу түбіндегі шайқастарда ерлігімен көзге түседі.
  11. 1941, 26 қараша: Маршал К. К. Рокоссовский оны полк командирі етіп тағайындайды.