Сендер үйге келген қонақпен қалай амандасасыңдар
Сабақ туралы мәлімет
- Білім беру саласы
- Коммуникация
- Білім бөлімі
- Сөйлеуді дамыту
- Апта тақырыбы
- Өзім туралы
- Тақырыбы
- Қонақтарды күтеміз
Мақсаты
А) Оқыту
Заттарды топтастырып сипаттауға үйрету, ыдыс-аяқ түрлерімен таныстыру.
Ә) Дамыту
Сөздік қорды жаңа сөздермен байыту, олардың қызметін ұғындыру. Балалардың айтылған ойды тыңдап түсінуін, әңгімеге араласуын, сұрақ қоюын және сұраққа жауап беруін дамыту.
Б) Тәрбиелеу
Қонақжайлылыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс
Тақырыпқа қатысты жаңа сөздер мен аудармалар:
-
Ыдыс-аяқтар посуда
-
Ас үй кухня
-
Асхана столовая
Қолданылатын көрнекі құралдар
- Тіл дамыту дәптері
- Мазмұнды-рөлді ойын құралдары
- Ыдыс-аяқтардың суреттері
- Гүлдер
Сабақ барысы
1) Мотивациялық-қозғаушы бөлім: «Шаттық шеңбері»
Білер қазақ баласы,
Сәлем — сөздің анасы.
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз.
2) Ұйымдастырушы-ізденуші бөлім
Ойын: «Гүл шоғы»
Мақсаты: балалардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
Қолданылуы: ортадағы құмыраға әр бала өз есімін айтып, қолындағы гүлін салады.
Әңгімеге жетелейтін сұрақтар
- Балалар, бұл не?
- Енді бұл гүлмен не істейміз?
- Үйлеріңе қонақтар жиі келе ме?
- Қонақпен қалай амандасамыз?
- Қонақты қайда шақырамыз?
- Үстелге не төсейміз?
- Дастарқанға не қоямыз?
- Тағамдарды неге саламыз?
- Ыдыс-аяқтың қандай түрлерін білесіңдер?
Балалардың жауабын толықтыра отырып: қонақпен амандасамыз, хал-жағдайын сұраймыз, үстел басына шақырамыз.
«Аспазшыға саяхат»: ыдыс-аяқпен танысу
Балаларға күнде дәмді тағам дайындайтын аспазшыға «саяхат» жасап, ыдыс-аяқ түрлерімен жақын танысамыз.
— Сәлеметсіз бе, аспазшы!
— Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді ыдыс-аяқ түрлерімен таныстырамын.
-
Кастрөл
Ет пен сорпа дайындауға арналған үлкен ыдыс.
-
Шәйнек
Шай құюға арналған. Ішіне күнделікті ішетін шырын немесе кисель құюға да болады.
-
Таба
Жұмыртқа қуыруға, макарон немесе картоп қуыруға/пісіруге арналған.
-
Тәрелке
Дайын тағамды салуға арналған.
-
Кесе
Шай ішуге арналған.
-
Қасық
Тамақ жеуге арналған.
-
Шанышқы
Тамақ жеуге арналған.
-
Пышақ
Нан кесуге, ет турауға арналған. Балаларға пышақты қолдануға болмайды.
Үстел үсті әдебі
Қасық тәрелкенің оң жағында, ал шанышқы сол жағында тұруы керек.
Дидактикалық ойын: «Түріне қарай топтастыр»
Мақсаты: есте сақтау қабілетін арттыру, шапшаңдыққа баулу.
Шарты: үш бала қатысады. Қысқы киімдер, ыдыс-аяқтар және үй жиһаздарын ажыратып, дұрыс топқа жинау керек.
Сергіту сәті
Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнап күлеміз.
Бірге балық аулаймыз,
Міне, біздер қандаймыз.
Бөлінбейді іргеміз,
Әрқашанда біргеміз.
3) Рефлексивті-коррекциялаушы бөлім
Қол ұстасып құрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық.
Күтілетін нәтиже
Біледі
Ыдыс-аяқ түрлерін және олардың атқаратын қызметін.
Игереді
Жаңа сөздерді және ізгі сөздерді орынды қолдануды.
Меңгереді
Ыдыс-аяқ түрлерін ермексазбен мүсіндеуді және су бояумен бейнелеуді.